Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз МодульМПС студ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Тәжірибелік жұмыстар

1 тапсырма

Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп

Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертең бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакция теріс. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы

креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), зәр – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л). Зимницкий сынауы:

Уақыт

Зәр көлемі

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

9

12

15

18

21

24

3

6

80

100

70

80

150

200

100

150

1030

1020

1025

1020

1021

1025

1025

1021

  1. Зимницкий сынауын бағалаңыз

  2. Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Көрсетілген өзгерістер нені мәлімдейді?

  3. Осы науқаста зәрдің сапалық өзгерістері нені мәлімдейді?

  4. Қанның биохимиялық өзгерістері нені мәлімдейді?

2 есеп

К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.

1. Науқастағы симптомдар патологияның қандай түрінің дамуына тән?

2. Майлар алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамуы мүмкін және олардың даму тетіктері қандай?

3. Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай?

4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның белгілері бар ма?

№ 3 есеп

Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.

Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.

1. Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?

2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай?

3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің шығу тегі қандай?

4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?

2 тапсырма. «Балаларда бүйрек патологиясының ерекшелігі» кестені толтырыңыз.

Жаңа туылғандарда бүйрек қызметінің транзиторлы бұзылуы

Зәрқышқылды инфаркт

Физиологиялық гипостенурия

Бүйрек патологиясының шығуы бойынша негізгі топтары

Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері.