- •Дәріс жинағы
- •Шумақ қызметінің бұзылыстары:
- •Түтікшелер қызметінің бұзылысы - тубулопатиялар
- •Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері
- •Полиурияның патогенезі:
- •Протеинурия - несепте нәруыздың болуы
- •Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері ( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
- •Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (бсж) патофизиологиясы - бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
- •Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
- •Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйелері дамуының бұзылыстары, жыныстық жетілудің бұзылыстары.
- •Әйелдерде жыныс қызметінің және қыздарда жыныстық жетілудің бұзылыстары.
- •Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйесі дамуының бұзылыстары.
- •Жыныстық жетілудің және жыныстық белгілер қалыптасуының бұзылыстары.
- •Жыныс дамуының мерзімінен бұрын шынайы түріне сәйкес - бой өсуінің жылдамдауымен сипатталады. Бірақ, жалған жасөспірімдіктің әрқашан толық аяқталмаған сипатты (етеккір және овуляцияның болмауы).
- •Жыныстық жетілудің тежелуі
- •14 Жаста кейінгі жыныс белгілерінің болмауымен қатар, 16 жасқа дейін кейінгі жыныстық белгілері бола тұра, етеккірдің болмауы (алғашқы аменорея) жыныстық жетілудің тежелуі деп саналады
- •Аналық бездердің гиперфункциясы Аналық бездердің ішкі сөлденістік гиперфункциясы, гиперандрогения немесе гиперэстрогениямен сипатталады
- •1. Гиперандрогения — андрогендердің көп өндірілуі және/немесе оның әсерінің жоғарылауымен сиппатталатын жағдай. Әйелдердің 10–15%-да айқындылығы әртүрлі дәрежеде көрінеді.
- •Етеккір оралымының бұзылыстары
- •Көріністері
- •Көрсетілетін құрал: Дәрістердің мультимедиялық қойылымы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер:
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Әдебиеттер:
- •Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •«Несеп шығару жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
- •Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары.
- •Әйел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм.
- •Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының
Әдебиеттер:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 598-623
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.
3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .
4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538
5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-
192
Қосымша:
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
Бақылау (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.
№ 2 тақырып «Бүйрек дерттерінің жекелеген түрлеріне патофизиологиялық сипаттама (жедел және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром )»
Сабақ мақсаты:
Жедел және созылмалы гломерулонефриттің патогенезі мен этиологиясы, нефроздық және нефриттік синдромның патогенезі бойынша білімін жетілдіру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Бүйрек шумақтарының зақымдану себептері мен патогенезін сипаттауды
нефроздық және нефриттік синдромның патогенезін түсіндіруді
қауырт және созылмалы гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезін түсіндіруді
нефроздық және нефриттік синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды
ситуациялық есептерді қорытындылауды
қауырт және созылмалы гломерулонефриттердегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек шумақтары зақымдануының патогенезі
Нефроздық синдром, түсініктемесі, патогенезі
Жедел гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі
Созылмалы гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі
Гломерулонефрит кезінде қандағы және зәрдегі өзгерістер
Гломерулонефриттің клиникалық көріністерінің патогенезі (ісінулер, АҚ жоғарылауы, анемия ж.б.)
Оқыту мен сабақ беру әдісі:
Ауызша жауап, шағын топпен жұмыс жасау: сынамалау, ситуациялық есептерді шешу, патогенездік сызбанұсқаларды толтыру.
Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасының иммундық зақымдануының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру. Антиген сипатын, антиген-антидене кешенінің орнығуын, негізгі дәнекерлер, сүзгі мембрананың зақымдану тетіктері
Иммундық кешендік зақымдану тетігі
Цитотоксиндік зақымдану тетігі
Жасуша қатысуымен жүретін зақымдану тетігі
№ 2 тапсырма Ситациялық есептерді шешу
№ 1 есеп
Науқас Н- ға 2 жыл бұрын «жедел диффузды гломерулонефрит» аңғарымы қойылды. Қазіргі уақытта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулерге шағымданады.
Зәр талданымының қорытындысы:
Тығыздығы - 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында аздаған эритроциттер, аз мөлшерде гиалинді цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 3100 мл.
Қан талданымы:
Қалдық азот - 90 ммоль/л, жалпы нәруыз - 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатининнің клиренсі – 40 мл/мин (90-170 мл/мин)
АҚ – 180/100 мм с.б.б.
Осы жағдайда полиурияның болуы 2 жыл бұрын қойылған «Жіті гломерулонефрит» аңғарымына қайшы келмей ме?
Қазіргі жағдайда полиурия мен гипостенурияның даму тетігі қандай?
Науқаста полиурияның дамуының маңызы қандай?
№ 2 есеп
К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.
1. Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай? Ойлаған тұжырымыңызды дәлелдеңіз.
3. Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйректен тыс жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.
№ 3 есеп
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.
1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?
2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз.
БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П. Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.
№ 3. тақырып «Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері.»
Сабақтың мақсаты:
Бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін жетілдіру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
БСЖ этиологиясы мен даму тетіктерін сипаттауды
Уремиялық синдромның патогенезін түсіндіруді
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктерін негіздеуді
Ситуациялық есептерді қорытындылауды
БСЖ кезіндегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, пайда болу себептері
Бүйрек қызметінің бұзылуы дәрежесі мен диурез өзгерістері бойынша БСЖ -нің сатылары, патогенезі.
Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері.
Оқыту мен сабақ беру әдісі: сынамалау, ауызша жауап, шағын топпен жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру, тәжірибелерді орындау.
