- •Дәріс жинағы
- •Шумақ қызметінің бұзылыстары:
- •Түтікшелер қызметінің бұзылысы - тубулопатиялар
- •Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері
- •Полиурияның патогенезі:
- •Протеинурия - несепте нәруыздың болуы
- •Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері ( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
- •Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (бсж) патофизиологиясы - бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
- •Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
- •Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйелері дамуының бұзылыстары, жыныстық жетілудің бұзылыстары.
- •Әйелдерде жыныс қызметінің және қыздарда жыныстық жетілудің бұзылыстары.
- •Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйесі дамуының бұзылыстары.
- •Жыныстық жетілудің және жыныстық белгілер қалыптасуының бұзылыстары.
- •Жыныс дамуының мерзімінен бұрын шынайы түріне сәйкес - бой өсуінің жылдамдауымен сипатталады. Бірақ, жалған жасөспірімдіктің әрқашан толық аяқталмаған сипатты (етеккір және овуляцияның болмауы).
- •Жыныстық жетілудің тежелуі
- •14 Жаста кейінгі жыныс белгілерінің болмауымен қатар, 16 жасқа дейін кейінгі жыныстық белгілері бола тұра, етеккірдің болмауы (алғашқы аменорея) жыныстық жетілудің тежелуі деп саналады
- •Аналық бездердің гиперфункциясы Аналық бездердің ішкі сөлденістік гиперфункциясы, гиперандрогения немесе гиперэстрогениямен сипатталады
- •1. Гиперандрогения — андрогендердің көп өндірілуі және/немесе оның әсерінің жоғарылауымен сиппатталатын жағдай. Әйелдердің 10–15%-да айқындылығы әртүрлі дәрежеде көрінеді.
- •Етеккір оралымының бұзылыстары
- •Көріністері
- •Көрсетілетін құрал: Дәрістердің мультимедиялық қойылымы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер:
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Әдебиеттер:
- •Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •«Несеп шығару жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
- •Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары.
- •Әйел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм.
- •Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының
Көріністері
Әтекетік (евнухоидизм) белгілері: атабезі мен жыныс мүшесінің дамымауы, кейінгі жыныс белгілерінің болмауы немесе әлсіз дамуы, әйелге тән (қызға тән ) дауыс, семіру, қаңқа арақатынасының бұзылуы (қолының құшағы бойынан 6-8 см –ге артық, себебі ол жіліктердің эпифиздік өсуі аяқталуының кешігуіне байланысты).
Қанда тестостерон мөлшерінің азаюы (жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиндердің қалыпты деңгейінде).
Еркектік гипогонадизм белгілері
Ерлерде жыныстық жетілу бұзылмаған. Осыған байланысты дауыс әуезділігі және дене бітімі қалыптыға жақын. Жыныстық нәпсі аңсарының төмендеуі, белсіздік, бедеулік — тұрақты жыныстық қатынас бір жыл көлемінде бола тұра, жүктілікті болдырмаушыларды қолданбағанда және жыныстық қатынасқа мүмкіндігі бар еркектің бала ұрықтандыруға қабілетсіздігі.
Көрсетілетін құрал: Дәрістердің мультимедиялық қойылымы
ӘДЕБИЕТ
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 580-593
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 450-455
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009. С- 522-528
Қосымша
И.Б. Манухин. Клинические лекции по гинекологической эндокринологии.-М.: 2001.-247с.
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 373-386
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С.651-654
Бақылау сұрақтары
Шынайы жыныстық ерте жетілудің себептері
Жалған жыныстық ерте жетілудің себептері
Біріншілік гипогонадизм дегеніміз не?
Екіншілік гипогонадизм дегеніміз не?
Біріншілік және екіншілік аменореяның себептері
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
№ 1 тақырып. «Несеп шығару жүйелерінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструкциялық уропатия. Несептік синдромның патогенезі» .
Сабақтың мақсаты:
Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін, этиологиясын меңгеру
Бүйректің қабыну ауруларының патогенезін, этиологиясын меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін және этиологиясын сипаттауды
Несептік синдромның патогенезін түсіндіруді
Обструкциялық уропатия, пиолонефрит патогенезін және этиологиясын түсіндіруді
НЖЖ дерттеріндегі синдромдар мен симптомдардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды
Ситуациялық есептерді қорытындылауды
Обструкциялық уропатиялар мен пиелонефриттертердегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.
Шумақтарда несеп сүзілуінің төмендеуі және жоғарылауы, себептері, даму тетіктері, салдарлары.
Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (гипер-, гипо-, изостенурия), даму тетіктері.
Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі, даму тетіктері.
Несептің сапалық құрамының өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмі.
Бүйректің қабыну ауруларының, мысалға пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы.
Обструкциялық уропатияның патогенезі және этиологиясы.
Оқыту мен сабақ берудің әдісі:
Ауызша сұрау, шағын топпен жұмыс, сынама,: ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру.
№ 1. тапсырма |
«Пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы». Кестені толтыру |
Пиелонефриттің жиі себептері |
|
Жұқпалардың ену жолдары |
|
Жұқпалардың несеп арқылы ену жолдары |
|
Жұқпалардың гематогенді жол арқылы енуі |
|
Пиелонефрит туындауына бейімдейтін жайттар |
|
Патогенезі |
|
Қандағы өзгерістер |
|
Несептік синдром |
|
№ 2 Тапсырма Көрсетілген суреттті пайдалана отырып, обструктциялық уропатия дамуының мүмкін болатын нұсқаларын атаңыз.
?
?
?
?
?
?
?
№3. тапсырма |
Ситуациялық есептерді шешу. |
№ 1 есеп
Тапсырмада берілгендерді медициналық терминдермен сипаттаңыз. Талданымдарға сүйене отырып бүйрек дертінің түрін қорытындылаңыз:
Диурез –тәулігіне 420 мл
Тығыздығы – 1,011
Нәруыз – 2,0 г/л
көру аймағында: еріген, сілтіленген эритроциттер
Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлер
АҚ – 175/95 мм. с.б.б.
Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптыда - 4,28 - 28,56 ммоль/л)
