Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз МодульМПС студ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Жыныс дамуының мерзімінен бұрын шынайы түріне сәйкес - бой өсуінің жылдамдауымен сипатталады. Бірақ, жалған жасөспірімдіктің әрқашан толық аяқталмаған сипатты (етеккір және овуляцияның болмауы).

Себебі: аналық безде немесе бүйрек үсті бездерінде эстрогендердің дербес көп өндірілуі. Әдетте гормондық белсенділігі бар өспеге байланысты (мысалы, аналық бездің эстроген өндіруші түйіршікті-жасушалық бластомасы, кортикостерома, лютеома немесе аналық без жылауығы).

Жалған жасөспірімдікте организмнің жыныстық дамуы екі бағытта бола алады (изосексуәлді да, гетеросексуәлді да).

Жыныстық жетілудің тежелуі

14 Жаста кейінгі жыныс белгілерінің болмауымен қатар, 16 жасқа дейін кейінгі жыныстық белгілері бола тұра, етеккірдің болмауы (алғашқы аменорея) жыныстық жетілудің тежелуі деп саналады

1. Алғашқы гипогонадизм (аналық бездік, гипергонадотропты). Аналық бездің тұқым қуалайтын туа немесе жүре пайда болған жеткіліксіздігінің салдары.

Себептері:

Аналық бездің тұқым қуалайтын туа пайда болған жеткіліксіздігі.

- ШерешевскийТёрнер синдромы ( 45ХО кариотип кезінде, 60%, мозаицизм кезінде [мысалы, 45ХО/46ХХ] — 20% науқастарда аналық бездің жеткіліксіздігі дамиды).

- кариотиптері 46ХХ және 46XY науқастарда жыныстық бездердің дамуы бұзылады.

- Жыныстық гормондары ферменттерінің түзілуін астарлап жазатын тектердің мутациясы (мысалы, 17α- гидроксилазалар, десмолазалар, ароматазалар, 17 β-гидроксистероиддегидрогеназалар).

- Аналық бездердің гонадотроптық гормондарға төмен сезімталдығы (аналық бездің төзімділік синдромы).

- Аналық бездердің поликистозы.

Аналық бездердің жүре пайда болған жеткіліксіздігі

аналық бездер нәруыздарына қарсы иммундық аутоозбырлы, аналық бездердің жұқпалық зақымдануы, қабынулық үрдістер (оофорит), аналық бездердің сәулеленуі, химиотерапиялық (ұзақ және /немесе жоғары мөлшерде) заттардың әсері.

2. Салдарлық гипогонадизм (гипогонадотропты, аналық бездерден тыс). Гонодотропты гормондардың тапшылығына байланысты. (ФТГ, ЛГ)

Себептері.

  • Гипоталамустың дерті. Алдыңғы мыйдың даму ақаулары (мысалы, гипоталамус аймағына, гонодолибериндерді жүйкесөлдендіретін нейрондар миграциясының тежелуімен көрінеді). Науқасқа гонодолиберинді енгізгенде, қанда ФТГ және ЛГ деңгейі көтеріледі. Бұл аденогипофиздің қалыпты жұмыс істейтінін көрсетеді.

  • Гипофиздің дерті. Салыстырмалы түрде сирек (мысалы ауыр энцефалиттерде, жарақаттарда, түрік ершігі аймағында қан құйылулар немесе өспелер кезінде, аденогипофизде нәрсізденулік үрдістер кезінде) кездеседі. Гонадолибериндердің енгізілуі қанда гонадотропты гормондардың деңгейін жоғарылатпайды немесе аздап жоғарылатады.

Ұзақ күйзелістік жағдай, қажытатын созылмалы аурулар (мысалы мәлабсорбция синдромы, созылмалы миелолейкоз, остеомиелит, туберкулез), эндокринопатиялар (мысалы ҚД, ИценкоКушинг синдромы, гипотиреоидты жағдайлар) жыныстық гормондар өндірілуінің өткінші төмендеуіне әкеледі.

Көріністері: етеккір оралымының бұзылысы, аменорея, бедеулік.

Етеккір оралымының бұзылысы қызмет бұзылыстық жатырлық қан кетулермен көрінеді.

Аменорея — етеккірдің болмауы

  • Алғашқы аменорея – 16 жастан үлкен қыздарда етеккірдің болмауы

  • Салдарлық аменорея - бұрын етеккірі үзіліспен келетін әйелдерде, етеккірдің 6 айдан ұзақ келмеуі.

Бедеулік —жүктіліктен қорғану әдістерінсіз, тұрақты жыныстық қатынастың болуына қарамастан, 1 жыл көлемінде жүктіліктің болмауы. Бедеулік, ерлі-зайыптылардың 10–15% кездеседі (оның ішінде, 30–40%-ы ерлердің белсіздігі болып табылады).