- •Дәріс жинағы
- •Шумақ қызметінің бұзылыстары:
- •Түтікшелер қызметінің бұзылысы - тубулопатиялар
- •Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері
- •Полиурияның патогенезі:
- •Протеинурия - несепте нәруыздың болуы
- •Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері ( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
- •Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (бсж) патофизиологиясы - бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
- •Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
- •Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйелері дамуының бұзылыстары, жыныстық жетілудің бұзылыстары.
- •Әйелдерде жыныс қызметінің және қыздарда жыныстық жетілудің бұзылыстары.
- •Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйесі дамуының бұзылыстары.
- •Жыныстық жетілудің және жыныстық белгілер қалыптасуының бұзылыстары.
- •Жыныс дамуының мерзімінен бұрын шынайы түріне сәйкес - бой өсуінің жылдамдауымен сипатталады. Бірақ, жалған жасөспірімдіктің әрқашан толық аяқталмаған сипатты (етеккір және овуляцияның болмауы).
- •Жыныстық жетілудің тежелуі
- •14 Жаста кейінгі жыныс белгілерінің болмауымен қатар, 16 жасқа дейін кейінгі жыныстық белгілері бола тұра, етеккірдің болмауы (алғашқы аменорея) жыныстық жетілудің тежелуі деп саналады
- •Аналық бездердің гиперфункциясы Аналық бездердің ішкі сөлденістік гиперфункциясы, гиперандрогения немесе гиперэстрогениямен сипатталады
- •1. Гиперандрогения — андрогендердің көп өндірілуі және/немесе оның әсерінің жоғарылауымен сиппатталатын жағдай. Әйелдердің 10–15%-да айқындылығы әртүрлі дәрежеде көрінеді.
- •Етеккір оралымының бұзылыстары
- •Көріністері
- •Көрсетілетін құрал: Дәрістердің мультимедиялық қойылымы
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер:
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Әдебиеттер:
- •Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •«Несеп шығару жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
- •Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары.
- •Әйел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм.
- •Шумақтық мембрананың айқын зақымдануының
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (бсж) патофизиологиясы - бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
Себептері:
Бүйректің созылмалы аурулары:
гломерулонефрит, пиелонефриттер, бүйрек поликистозы, бүйрек амилоидозы, несеп тас ауруы, қантты диабетте бүйректің зақымдануы, гипертониялық аурулар кезінде, атеросклерозда кездеседі.
Патогенезі:
Нефрондардың үдемелі түрде өлуі және олардың дәнекер тіндермен алмасуы (нефросклероз) ® өзекшелер мен шумақтар қызметінің үдемелі төмендеуі ® несеп түзілуінің төмендеуі ® уремия ® уремиялық кома
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (БСЖ) САТЫЛАРЫ
Бүйрек қызметі бұзылуының дәрежесі бойынша:
Жасырын саты |
Қандағы қалдық азот қалыпты, шумақтық сүзілу деңгейі 50%-ға дейін төмендейді.
|
Гиперазотемиялық саты |
Гиперазотемия, шумақтық сүзілу деңгейі 20% -ға дейін төмендейді. |
Уремиялық саты
|
Уремия, жоғары дәрежелі гиперазотемия, шумақтарда несептің сүзілу деңгейі 10- 5% -ға дейін төмендейді. |
Диурез бойынша:
Жасырын саты |
диурез қалыпты, Зимницкий сынауы қалыпты, жүктемелік сынауда (құрғақ тамақтанғанда) бүйректің қоюландыру қабілетінің төмендеуі байқалады. |
Полиурия саты |
Гипостенурия, бүйрек түтікшелерінің қоюландыру қабілетінің әдеттегі жағдайдан төмендеуі. |
Олигурия саты |
Уремия, изостенурия, диурез 500 мл- ден аз. |
Уремия ( грекше. uron –несеп, haima - қан) – зәрліқан.
Бүйрек қызметінің теңгерілмеген кезінде пайда болатын синдром.
Патогенезі:
Қалыпты жағдайда бүйрек арқылы несеппен шығарылтын, зат алмасу өнімдерімен организмнің аутоуыттануы:
- қалдық азоттың құрамбөлшектері - азоттық (аммиак, креатинин, несеп қышқылы, зәрнәсіл ж.б.) қалдықтармен
- аминқышқылдары метаболизмі (фенол, скатол, индол) ж.б. өнімдерімен
су-электролиттер алмасуының бұзылуы:
гипоосмолялдық гипергидратация = сумен улану;
гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокәлциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия;
метаболизмдік ацидоз (биокарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылуы, сутегі иондары шығарылуының төмендеуі);
гормондар, витаминдер (вит.Д) метаболизмінің бұзылуы,
эритропоэтиндер, простагландиндер, кининдер ж.б.түзілуінің бұзылуы,
Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
нейропсихикалық әйгіленімдер:
шаршағыштық, бас ауыру, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу мен естудің бұзылуы, діріл, ұйқысыздық, тұнжырау, мидың ісінуі, кома.
патогенезінде маңызды:
уыттану;
қышқылдық-сілтілік үйлесімдіктің бұзылуы;
гипергидратация;
электролиттер алмасуының бұзылуы;
гипоксия.
Жүрек - қантамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары:
Миокардтың дистрофиясы, жүрек ырғақсыздығы (электролиттер алмасуының бұзылуы, гипоксия, уыттану), перикардит (шырышты қабықтардан уытты өнімдердің бөлінуі),
III. Тыныс алу ағзалары қызметінің бұзылуы:
Өкпе ісінуі, пневмония, плеврит
IV. қан көрсеткіштерінің өзгерістері:
анемия (эритропоэтин тапшылығы, эритроциттердің гемолизі)
қан ұюының бұзылуы (қанағыштық синдром, ТШҚҰ-синдром)
АІЖ жолдары қызметінің бұзылуы:
жүректің айнуы, құсу, анорексия, гастроэнтероколит:
патогенезінде маңызы бар:
Уыттану;
Гипоксия;
АІЖ шырышты қабықтары арқылы азот қалдықтарының бөлінуі.
VI. Терідегі өзгерістер:
қышу (азот өнімдерімен жүйке ұштарының тітіркенуі)
«уремиялық қырау» - тері бездері арқылы зәрнәсілдің, зәр қышқылы тұздарының бөлінуі.
гиперпигментация
VII. Сүйек –бұлшықет жүйесінің бұзылыстары:
Д витаминінің белсенді түрі түзілуінің бұзылуы ® гипокәлциемия ® салдарлық гиперпаратиреоз ® боркеміктену, кәлциноз (бүйректік мешел)
4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі
5. Әдебиеттер
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 428 - 432
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009 .-С.460-467
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 530-538
Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 181-192
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 616 - 620
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки. М. –СПб: изд-во БИНОМ, 2002.- 206с
Бақылау сұрақтары
БСЖ дамуының жиі себептері
БСЖ - дағы полиурияның патогенезі
БСЖ - дағы олигурияның патогенезі
Уремия дегеніміз не?
№3 тақырып. Жыныс жүйесінің эндокринді бұзылыстарының патофизиологиялық тетіктері
Мақсаты: Жыныс жүйесі қызметінің және жыныстық дамуы, жыныс бездерінің эндокринді реттелуі бұзылыстарының біртектес түрлерінің патогенезін және этиологиялық сұрақтарын меңгеру.
Дәріс жоспары:
