Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз МодульМПС студ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Патофизиология-2. «НЕСЕПТІК - ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕ» модулі

Модулдің жалпы мақсаты: Студенттерді іргелі және клиникалық пәндердің біріктірілуі негізінде несеп шығару және жыныстық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін басты физиологиялық үрдістер мен негізгі клиникалық синдромдарды қалыптастыратын патофизиологиялық тетіктерді түсіне отырып қалыпты және патологиялық жағдайларды клиникалық зерттеу негіздеріне үйрету.

Патофизиология -2 модулінің міндеттері: несептік-жыныстық жүйенің патологиялық жағдайларының негізгі синдромдарының патогенезін түсінуді үйрету.

Дәріс жинағы

1. Тақырып «Бүйрек қызметі бұзылуының жалпы этиологиясы мен патогенезі»

Мақсаты: бүйрек қызметі бұзылысының патогенезі мен этиологиясын меңгеру.

Дәріс жоспары:

  1. Бүйрек түтікшелері мен шумақтары қызметі бұзылыстарының этиологиясы., патогенезі

  2. Бүйрек түтікшелері мен шумақтары қызметі бұзылыстарының клиникалық көріністерінің патогенезі және қызметін зерттеу ұстанымдары (диурез өзгерістері, несептің сапалық құрамы, несептің салыстырмалы тығыздығы)

Дәріс тезистері

Шумақ қызметінің бұзылыстары:

  1. Шумақтық сүзілу азаюы мыналардың әсерінен дамиды:

а) пәрменді сүзілулік қысымның төмендеуі (ПСҚ)

ПСҚ = шумақ қылтамырларындағы қанның гидростатикалық қысымы - (шумақ қылтамырларындағы онкотикалық қысым + Боумен-Шумлянский қапшығының қысымы):

  • гипотензия (сілейме, естен тану)

  • бүйрек ишемиясы

  • қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  • Боумен қапшығындағы қысымның жоғарылауы (несеп шығуының қиындауы)

б) қызмет атқаратын шумақтар санының төмендеуі

в) сүзгіш мембрана өткізгізштігінің төмендеуі

Шумақтық сүзілудің жылдамдығы клиренс көрсеткішімен, яғни белгілі бір уақыт ішінде бүйрек арқылы белгілі бір заттан тазаланған плазманың көлемімен сипатталады. Б9л зат тек бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілмейтін және өзекшелерден несепке шығарылмайтын шумақтар арқылы сүзілетін болуы керек. Осы мақсатта клиникада эндогендік креатининді анықтау жиі қолданылады.

C = U/P x V,

Мұнда, С – клиренс; U – сыналатын заттың зәрдегі мөлшері; P – сыналатын заттың қандағы деңгейі; V – минөттік диурез;

Дені сау адамның шумақтық сүзілу жылдамдығы эндогендік креатиннің клиренсі бойынша 80-120 мл/мин құрайды.

2. Шумақтық сүзілудің көбеюі мына жағдайларда дамиды:

а) пәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауы:

  • Шумақтарды әкететін артериолалары межеқуатының жоғарылауы

  • әкелетін артериолалар межеқуатының төмендеуі ( кининдер,

простагландиндер А, Е)

- қанның гипоонкиясы (гипопротеинемия)

б) шумақтық сүзгіш мембрананың өткізгіштігі жоғарылағанда

Түтікшелер қызметінің бұзылысы - тубулопатиялар

Туа пайда болған

Жүре пайда болған

бүйрек өзекшелерінде заттардың кері сіңірілуін немесе шығарылуын қамтамасыз ететін ферментердің болмауынан:

-тұқым қуалайтын бүйректік фосфатты диабет:

Фосфаттың кері сіңірілуінің бұзылуы ® фосфатурия және гипофосфатемия; кәлциурия; мешел және сүйектің боркеміктенуі

- Фанкони синдромы:

Глюкозаның фосфаттардың, гидрокарбонаттардың, аминқышқылдарының кері сіңірілуінің бұзылуы, түтікшелік ацидоз (гидрокарбонаттардың жоғалуынан)

гипокалиемия

  • кері сіңірілу үрдістерінің күштенуі (бүйрек межесінен артуы)

  • ферменттердің уытты заттар әсерінен тежелуі

(нефротоксиндік улар - сынап, қорғасын)

  • қабыну, нәрсіздену кезінде бүйрек өзекшелері эпителийі құрылымының өзгеруі

Проксималды өзекшелердің зақымдануы

Дисталды өзекшелер және Генле ілмегі аймағының зақымдануы

Глюкоза, аминоқышқылы, нәруыз, зәрнәсіл, лактат, бикарбонаттар, фосфор, хлор, калий және т.б. заттардың кері сіңірілуінің бұзылуы

натрий, калий, магний, кәлций, судың кері сіңірілуінің бұзылуы.