Дофаминергиялық заттардың Паркинсон ауруы кезіндегі ролі.
Паркинсон ауруы экстрапирамидалық жүйеніңядролары зақымданатын созылмалы нейродегенеративтіауру.Бұл патологияның жиі байқалатын көріністері құрысулық,дірілдеу,гипокинезия.Науқустың жүрісі және тұрысы өзгереді.Бірте-бәрте психикалық бұзылыстар дамиды,ақыл-ойқызметі зардап шегеді.Паркинсон ауруының этиологиясы белгісіз.Дегенмен,бұл ауруда базальды ядроларда,сондай-ақ неостриатумға таңдамалы тежеғіш әсер көрсететін қара субстанцияда дофаминнің мөлшері төмендейді.Соңғысы жұлынның қызметін реттеуге қатысатыны белгілі.Қазіргі кездің ұсынысы бойынша дофаминнің жетіспеушілігі паркинсонизм көріністерін сипаттайтын қозғалыстық және психикалық бұзылыстырдың негізгі себебі болып табылады.
Соңғы жылдары Паркинсон ауруының дамуында бас миының дофаминергиялық және глутаматергиялық жүйелердің арасындағы пайда болған тепе-теңдіктің бұзылуы алдыңғы қатарлы рөлді алатыны көрсетілген.Жоғарыда айтылғандай Паркинсон ауруының дамуында неостратиум нейрондарына тежегіш әсер көрсететін қара субстанция нейрондарында дофаминнің мөлшері төмендейді.Осы кезде глутаматергиялық нейрондарға ынталандырғыш әсер күшейе түседі.Бұл қозғалыс және психикалық қызметтердің бұзылуына әкеледі.Гипокинезия,тремор,құрысу және брадифрения дамиды.Айтылғандарды ескере отырып,Паркинсон ауруын емдеу базалды ядролардың қызметін реттеуге қатысатын әртүрлі медиаторлық жүйелердің арасындағы динамикалық тепе-теңдікті қалыптастыруға бағытталған.Паркинсонизм фармакотерапиясының негізгі мақсаттарының бірі – қажетті ядродағы дофаминнің тапшылығын жою.Осы мақсат үшін дофаминнің өзін қолдану мүмкін емес,өйткені ол мүлде гематоэнцефалды тосқауылдан өтпейді,ал бұл жай енгізгенде ми тіндеріне түспейді.Сондықтан паркинсонизмде тін тосқауылдарынан өтетін әрі қарай ДОФА-декарбоксилаза ферментінің әсерінен дофаминге айналатын дофаминнің негізін құрушы L-ДОФА қолданылатын.Дофаминергиялық жүйенің белсенділігін дофаминнің босап шығуын күшейту және қара субстанция нейрондарымен оның нейроналды ұсталуын тежеу арқылы жоғарылатуға болады.Осы мақсаттармен дофаминергиялық рецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсететін заттарды қолдануға болады.Ми тіндерінде дофаминнің белсенділігін жоятын МАО-В тежегіштері мол қызығушылық тудырады.
Глутаматергиялық әсерлерді тежейтін заттардың да болашағы зор.Мұндай препараттар қатарына базалды ядроларға глутаматергиялық нейрондардың ынталандырғыш әсерін жоятын және дофаминергиялық нейрондардың дегенеративті өзгерістерін баяулататын NMDA-рецепторларының антагонистері жатады.Экстрапирамидалық жүйенің ядросының қызметіне холинергиялық нейрондар да қатысады.Дофаминнің жетіспеушілігінде холинергиялық ынталандырғыш әсерлері күшейеді.Осында дофаминергиялық және холинергиялық әсерлердің арасында пайда болған дисбалансты жою үшін орталық холиноблокаторлаоды қолдануға болады.Бұл топтың препараттары бұзылған тепе-теңдікті холинергиялық берілулерді басу арқылы қалыптастырады.
Паркинсонға қарсы заттардың әсерлерінің принциптеріне қарай оларды келесі топтарға бөледі:
Д
офаминергиялық
әсерлерді белсендендіретін заттар
Дофамннің негізін қалаушы
Дофаминдік рецепторларды ынталандыратын заттар
Моноаминооксидаза Б тежегіштері
Леводопа Бромокриптин Селегилин
Глутаматергиялық әсерлерді тежейтін заттар
Мидантан
Холинергиялық әсерлерді тежейтін заттар
Циклодол
Леводопа – дофаминнің негізін қалаушы диоксифенилаланиннің солға бұратын изомері болып табылады.Гематоэнцефалды тосқауылдан және одан кейін нейрондарға өтіп леводопа дофаминге айналады.Дофамин базалды ганглийлерде жиналып,паркинсонизм көріністерін азайтады немесе жояды.Леводопа,әсіресе гипокинезияға айқын ықпал жасайды,құрысуға аз,дірілге тіпті аз әсер етеді.Леводопа Паркинсон ауруында және симптоматикалық паркинсонизмде қолданылатын аса тиімді заттарға жатады.Леводопаның әсері 1 аптадан кейін дамиды.Мөлшерін жаймен жоғарылатады.Препаратты тек астан кейін қабылдайды.Емдеуді қзақ уақыт жүргізеді,өйткені бұл орын басу терапиясы.
Асқазан-ішек жолдарынан препарат жылдам сіңеді.Ағзада ол дофаминге және басқа да метаболиттерге айналады.Бұл ДОФА-декарбоксилаза,КОМТ және МАО әсерлерімен жүреді.Қорытып келгенде леводопаның енгізілген мөлшерінен ОЖЖ-не шамамен 1 пайызы түседі.
Жанама әсерлері айтарлықтай жиі байқалады:тәбеттің бұзылуы,лоқсу,құсу,ортостатикалық гипотензия,психикалық және қозғалыстық бұзылыстар,жүрек аритмиясы.
Леводопа 2-5 жыл аралығында жоғары тиімді.Жайлап бейімделу дамиды,дискинезия және басқа да жанама әсерлер байқалады.
Препарат жүрек-тамыр жүйесінің,бауырдың,бүйректің күрделі ауруларында психоздарда қарсы көрсетілген.
Бромокриптин – паркинсонизмді емдеуде қолданылатын дофаминдікрецепторлардың ынталандығыштарына жатады.Дофаминдік Д2-рецепторларының агонисті болып табылады.Паркинсонға қарсы айқын белсенділігі бар.Бромокриптинге тән әсерлерге,сондай-ақ пролактин мен өсу гармонының өнімін төмендету жатады.
Асқазан-ішек жолдарынан шамамен 30 пайызы сіңеді.Шығуының негізгі жолы – өтпен ішекке түсу арқылы.
Жанама әсерлері:лоқсу,құсу,ортостатикалық гипотензия.
Селегилин – ферменттің таңдамалы қайтымсыз әсер ететін тежегіштеріне жатады.Әсері таңдамалы емес МАО тежегіштерінен ло симпатомиметиктермен байланысқанда айқын гипертензивті реакциялар шақырмайды.
Зерттеулерде селегилиннің МАО-В тежеуден басқа,ишемия кезінде нейрондардың зақымдалуын және бірқатар нейротоксикалық заттардың ықпалын төмендететін нейропротекторлық әсерлерә бар екендігі байқалды.
Мидантан – глутаматергиялық әсерлерді тежейтін паркинсонизмге қарсы заттарға жатады.Мидантан глутаматтық NMDA-рецепторларды тежейді,сонымен қатар дофаминнің жетіспеушілігінде дамитын кортикалдыглутаматтық нейрондардың неостриатумға шектен тыс ынталандырғыш әсерін төмендетеді.Бұл Паркинсон ауруының клиникалық көріністерін – құрысуды,дірілдеуді және гипокинезияны төмендетеді.
Мидантан көбіне жақсы қабылданады.Жанама әсерлерінен кейде ұйқысыздық,галлюцинациялар,ортостатикалық гипотензия,диспепсиялық бұзылыстар,бастың ауруы байқалады.
Препаратты галлюцинациялармен ,эпилепсия тәріздес тырысулармен жүретін ОЖЖ-нің ауруларында,сондай-ақ бауыр мен бүйректің күрделі ауруларында абайлап қолдану қажет.
Циклодол – орталық та және шеткі де М-холиноблокаторлық әсер көрсетеді.Циклодол әсіресе дірілдеуді және аз деңгейде сіреспелікті төмендетеді,гипокинезияға аз әсер етеді.
Циклодолды Паркинсон ауруында,паркинсонизмде және экстрапирамидалық жүйенің зақымдануына байланысты басқа да патологиялық жағдайларда қолданады.
Циклодолды глаукомада,қуық асты безінің гипертрофиясымен шақырылған зәр шығуының бұзылуында және жүрек, бауыр, бүйректіңауруларында қолдануға болмайды немесе абайлап қолдану қажет.Циклодолды егде адамдарға тағайындауға болмайды.
Паркинсонға қарсы аталған препараттар этиотропты терапияда қолданылатын заттарға жатпайды.Олар тек паркинсонизм синдромын жояды немесе бәсеңдетеді,сондықтан емдік әсерлері оларды қолданып жүргенде ғана сақталады.
Симапатикалық нерв жуйесіне орталық кұрлымдарына әсер ететін препараттар.
КЛОФЕЛИН (клонидин), МЕТИЛДОФА (допегит). Орталықты альфа-2-адреномиметиктер болып табылады. Олардың
антигипертензивті әсері сопақша мидың және көкшіл дактың ретикулярлы ядросының (пресинаптикалық) альфа-2 рецепторлардың стимулденуімен байланысты. Ол активті вазопрессорлық нейрондардын жиырылуына әкеледі. Нәтижесінде шеткері тамарлырын тонусы, бүйректе рениннің түзілуі және каң плазмасына түсуі азаяды, жүректің жиырылуы сирейді. Бұл топтың препараттары адренергиялық аксондардың ұштарындағы шеткері пресинаптикалық альфа-2рецепторлардың стимулдейді, соның нәтижесінде норадреналиннің бөлінуі және кан плазмасындағы концентрациясы төмендейді.
Клофелин мен метилдофа гипертониялық ауру бар ңауқастардың артериалық қысымын төмендетеді: әдетте бұл препараттарды ұзақ қолданады, бірак кейде клофелинді гипертониялық кризді тоқтату үшін қолданады. Осы мақсатта оны натрий хлоридиннің изотониялық ерітіндісіне араластырып алып сосын 3-5 мин. ішінде көк тамырға жайлатып енгізеді. Көк тамырға енгізгенне кейін ортостаиткалық гипотензиянын альфа алу үшін ңауқас 1-2 сағат жату керек. Гипертониялық криз кезінде клофелинді бұлшык етке немесе тіл астына таблеткасын коюға болады. Ганглиоблокаторлар /бензлгексоний, камфоний, гигроний/ симпатикалық ганглийлерді блоктау артериалық қысымды төмендетеді. Бұл кезде артериолармен венулардын тонусының
төмендеуі, тамырлардың жалпы шеткері карсыласуының азаюы, өкпенің артериясы мен қарыншада қысымның төмендеуі байкалады.
Ганглиоблокторлардың жағымсыз әсерлері парасимпатикалық ганглийлерді блоктау қабілетіне байланысты. Науқастарда аккомодацияның бұзылуы, көз қысымының жоғарылауы, ауыз куысының кұрғауы, іш қату, ішек және куықтың атониясы байкалады.
