Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нуна фармакология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36.47 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.

Жалны фармакология кафедрасы.

Реферат

Тақырыбы:Дофаминергиялық заттар.

Орындаған:Сермагамбетоа Н.М.

215-ші топ.ЖМФ.

Тексерген:Ахметова А.Ж.

Қарағанды 2013 ж.

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

Дофаминергиялық заттар жайында жалпы ұғым.

Дофаминергиялық заттардың жіктелуі.

Дофаминергиялық препараттар.

4.Қорытынды.

5.Пайдаланылған әдебиеттер.

Дофамин - I-лік тирозиннің туындысы болып табылатын,адренсезгіштік түйіспелерде қозуды өткізетін медиатор ретінде бөлінетін,α және β адренорецепторлармен және арнайы сезімтал рецепторлармен байланыса алатын биогенді амин.

Норадреналиннің биосинтезі адренергиялық нейрондарда бірқатар энзимдердің қатысуымен тирозиннен синтезделеді.ДОФА мен дофаминніңсинтезі нейрондардың цитоплазмасында,ал норадреналиннің синтезі – визикулада жүреді.Сонымен дофамин биогендік кетахоламиндерге жатады.Кетахоламиндер организмдегі барлық тіндер мен жасушаларға әсер етіп,оларда күрделі биохимиялық үрдістерді тудырады және көптеген физиологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды.

Дофаминдік рецепторлар ағзаның әртүрлі аймақтарында орналасқан.Соның ішінде ең максималды шоғырланып орналасатын жері – ОЖЖ әртүрлі аймақтары болып табылады.Оларды постсинапстық және пресинапстық дофаминдік рецепторлар деп екі топқа жіктеуге болады.Постсинапстық дофаминдік рецепторларды аденилатциклаза жүйесінің ферметтерін белсендендіруіне байланысты d1 және d2 түрлерге бөліп қарастырамыз.Біріншісі,аденилатциклаза жүйесінің ферменттерін белсендендіреді,ал екіншісі бұл процеске қатыспайды.Сонымен қатар,дофаминдік рецепторларды белсендендіру және тежеу діңгейіне байланысты оларды d1-d4 типтерге жіктейміз.Дофаминдік рецепторларды белсендендіретін немесе стимулдейтін заттарды дофаминомиметиктер,ал керісінше дофаминді рецепторларды тежейтін заттарды дофаминолитиктер деп атайды.

Дофаминомиметиктер.

Бұл заттар екі топқа бөлінеді:

  • Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларға тікелей емес әсер ететін.

  • Постсинаптикалық дофаминдік рецепторларға тікелей әсер ететін.

Бірінші түріне,тікелей емес әсер ететін препараттар:левадопа,мидантан және т.б.Паркинсон ауруын емдеу үшін дофаминнің синтезін және дофаминнің пресинаптикалық аяқшалардың гранулаларынан босап шығуын стимулдейді.

Екінші түрі,тікелей әсер ететін препараттар:фенамин,меридил және т.б.Олар дофаминнің және норадреналиннің пресинаптикалық грануладан босап шығуын және тежелген МАО-ны және босап шыққан дофаминнің кері нейрональды ұсталып қалуын активтендіреді.

Дофаномиметиктердің тікелей әсері және дофанолитиктік препараттар.

Дофаминдік рецепторларға тікелей әсер ететін стимулятор.Жүректің жиырылғыштық күшін және артериялық қысымның деңгейін жоғарылатады,бүйректің қан тамырларын кеңітеді және диурез дамиды.

Қолданылу көрсеткіштері:әртүрлі себептерден болатын шок кезінде,жедел жүрек-қантамырлық және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде,кардиохирургиялық операция кезінде.

Жағымсыз әсерлері:шеткері қан тамырларының тарылуы,тахикардия,асқазан экстрасистолиясы,қозу,тыныс алу жеткіліксіздігі,бастың ауыруы.

Қарсы көрсеткіштері:феохромоацитома,наркозға арналған заттар,моноаминооксидаза ингибиторы.

Дофанолитиктер

Нейролептикалық әсер ететін препараттар,пресинаптикалық дофаминдік рецепторлармен қатар постсинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоса тежейді.d2 рецепторға антагонист ретінде мына прапараттар қолданылады:сульпирид,метоклопрамид.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]