
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •«Ғимараттар мен үймереттерді сынау және тексеру»
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ғүеж)
- •Андатпа
- •1. Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
- •Оқытушыға деректеме:
- •1.2. Пәнге деректеме:
- •Оқу жобасынан көшірме
- •1.6. 6 Тапсырманың түрі, саны және орындалу графигі
- •Тапсырма түрі және оның орындалу мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •1.8 Студенттердің білімін бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
- •Студентердің білімін бағалу
- •1 Модуль боынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •1.9. Курстың саясаты және процедурасы
- •2. Берілетін материалдың мазмұны.
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары.
- •2.2. Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
- •Тәжірибелік сабақтардың жоспары.
- •1 Тапсырма. Тұрғын ғимараттар мен үймереттерді тексеру негіздері (2 сағ).
- •2 Тапсырма. Ғимарат құралымдарының сипатты зақымданулары мен ақаулары (2 сағ).
- •3 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
- •4 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
- •5 Тапсырма. Ғимараттарды тексеру. (2сағ)
- •6 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттарды бөлшекті тексеру. Аспапты тексеру. (2сағ)
- •7 Тапсырма. Құрылыс материалдарын сынау. (2 сағ)
- •Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) және стунденттің оқытушымен өзіндік жұмыстың жоспары. (соөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырма жұмысы(сөж).
- •Стунденттің оқытушымен өзіндік жұмыстың жоспары. (соөж)
- •Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарына дұрыс жауаптар
- •Өтілген курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Студенттерге –өтетін пәндердің оқу-әдістемелік жинағы
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1.1. Оқытушыға деректеме ....................................................................................................... 4
- •1.2. Пәнге деректеме ................................................................................................................. 4
Тәжірибелік сабақтардың жоспары.
1 Тапсырма. Тұрғын ғимараттар мен үймереттерді тексеру негіздері (2 сағ).
Әдістемелік ұсыныстар: ғимараттардың сенімділік бағасы. Ғимараттар мен үймереттердің экспертизасы. Бұл ұғымдарға анықтама беру. Эксперттік жүйелер. Эксперттік жүйелердің функционалды негіздері. Қолдану облысы. Конструкциялар мен түйіндердің техникалық диагностикасы. Анықтамасы, өндіру процесінде, эксплуатация және ремонт кезінде диагностиканың (сынаудың) мақсаты. Техникалық диагностиканың құралдары. Бұзатын және бұзбайтын бақылау. Ғимараттар мен үймереттерді эксплуатациялау кезінде бұзбайтын бақылаудың негізгі түрлері. Диагностика кезінде бұзбайтын бақылаудың артықшылығы. Эксплуатацияланатын ғимараттың техникалық тексеруі. Техникалық тексерудің түрлері. Техникалық тексерудің жұмыс құрамы.
Әдебиет
Нег. 1 [45-50].қос. 1 [84-123].
Бақылау сұрақтары:
«Сараптау» ұғымы нені білдіреді?
Сараптық жүйелер қандай проблемаларды шешуге бағытталады?
Құралымның техникалық диагностикасының мақсаты?
Бұзбайтын бақылаудың негізгі түрлерін атаңыз?
2 Тапсырма. Ғимарат құралымдарының сипатты зақымданулары мен ақаулары (2 сағ).
Әдістемелік ұсыныстар: Ғимараттың және жеке элементтердің зақымдану сипаттамалары. Зақымданулардың негізгі себептері. өрттер, жарылыстар, жер сілкіністері, су басу, жер көшкіндер – зақымданулардың жеке тобы. Жобадағы қателіктердің себептерінен ақаулар мен зақымданулар: конструкцияның жаңадан шығуынан пайда болған дәл еместігі; конструкцияның монтажы кезіндегі дәл еместіктер; конструктивтік есеп кезінде қателіктер; қолданылатын материалдар қасиеттерін толық білмеу; тексеру есептерінің болмауы. Зауытта дайындалған конструкциялардың ақаулары: құрастармалы элементтерде бетон тығыздығының көп болуы; темір бетон элементтерінің сапасына әсер етеін факторлар; өндіру технологиясының ескерілмеуі, конструкциясының төмен сапасы. Құрылыс пен монтаждың ақаулары. Конструкцияның физикалық тозуы және табиғи қартаюы: «эрозия», «коррозия», физикалық тозу» деген ұғымдар. Қанағаттандынарлықсыз эксплуатациямен байланысты ақаулар мен бұзушылықтар: конструктивтік элементтердің бұзу консервациясы; бөлмелердегі температуралық-ылғалдық режимнің бұзылуы.
Әдебиет
Нег. 1 [141-159].
Бақылау сұрақтары:
Ғимараттың бұзушылдықтары және оның жеке элементтері қалай сипатталады?
Ғимарат құралымының ақаулары және сипатталатын бұзушылықтарын атаңыз.
Бұзушылықтардың себептерін атаңыз.
3 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
Әдістемелік ұсыныстар: құрылыс материалдарының беріктігін анықтау үшін құралдар: механикалық принципті жабдық, құралдар материалдан өтіп таралатын тербелістер сипатталу теркеу негізделген. Осы айтылған аспапатарға мысал келтіріп және қандай тәсілмен өлшеулер жүргізілетінін көрсету.
Құрылыс құралымдарының геометриялық параметрлерін анықтау үшін құралдар. Оптикалық құрылғысы бар невилир, гидравликалық прогибомер, механикалық прогибомердің, Н.Н. Максимов прогибомері, лазерлік теодолит ЛТ-75, лазерлік прибор ЛЗЦ-1 конструкциясы және арналуы. Деформацияны өлшеу үшін аспаптар. Аспаптардың жұмыс істеу принципі және арналуы: тензостанция, рычагты тензометр, Аистов тензометр, қисаюды өлшеуіш.
Әдебиет
Нег. 1 [185-197].қос. 1 [49-84].
Бақылау сұрақтары:
Сізге белгілі құрылыс материалдардың беріктігін анықтайтын аспатарды ата және олардың жұмыс принципін түсіндіріңіз.
Сізге белгілі құрылыс құралымдардың геометриялық параметрлерін анықтайтын параметрлерді атаңыз және жұмыс принципін түсіндіріңіз.
Деформацияны өлшейтін аспаптардың атауларын, негізгі сипаттамаларын келтіріңіз.