- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Cтуденттердің өтетін пәндеріне арналған
- •«Ғимараттар мен үймереттерді сынау және тексеру»
- •050729 – «Құрылыс» мамандығы (ғүеж)
- •Андатпа
- •1. Пәннің оқулық бағдармасы - Syllabus
- •Оқытушыға деректеме:
- •1.2. Пәнге деректеме:
- •Оқу жобасынан көшірме
- •1.6. 6 Тапсырманың түрі, саны және орындалу графигі
- •Тапсырма түрі және оның орындалу мерзімі
- •1.7. Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •1.8 Студенттердің білімін бақылау және бағалау
- •Бақылау түрлері бойынша рейтингтік балдарды бөлу
- •Барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
- •Студентердің білімін бағалу
- •1 Модуль боынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
- •1.9. Курстың саясаты және процедурасы
- •2. Берілетін материалдың мазмұны.
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары.
- •2.2. Дәріс сабақтарының тапсырмалары.
- •Тәжірибелік сабақтардың жоспары.
- •1 Тапсырма. Тұрғын ғимараттар мен үймереттерді тексеру негіздері (2 сағ).
- •2 Тапсырма. Ғимарат құралымдарының сипатты зақымданулары мен ақаулары (2 сағ).
- •3 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
- •4 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың эксплуатацияланған құралымдарды бағалаудың техникалық құралдарын бақылау (2 сағ).
- •5 Тапсырма. Ғимараттарды тексеру. (2сағ)
- •6 Тапсырма. Ғимараттар мен имараттарды бөлшекті тексеру. Аспапты тексеру. (2сағ)
- •7 Тапсырма. Құрылыс материалдарын сынау. (2 сағ)
- •Студенттердің өзіндік жұмысы (сөж) және стунденттің оқытушымен өзіндік жұмыстың жоспары. (соөж)
- •Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырма жұмысы(сөж).
- •Стунденттің оқытушымен өзіндік жұмыстың жоспары. (соөж)
- •Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Тест сұрақтарына дұрыс жауаптар
- •Өтілген курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Студенттерге –өтетін пәндердің оқу-әдістемелік жинағы
- •050729 «Құрылыс» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •1.1. Оқытушыға деректеме ....................................................................................................... 4
- •1.2. Пәнге деректеме ................................................................................................................. 4
Глоссарий
ҚЕ 13-102-2003 «Ғимарат пен үймереттердің жүккөтергіш конструкцияларын тексеру ережелері» сәйкес ғимараттың жүккөтергіш құралымдарының техникалық күйінің жалпы келесі категориялары бекітілген.
Жарамды күй – жүккөтергіш қабілетке және қолданыстық жарамдылыққа әсер етеін ақаулар мен зақымданулардың жоқ болуымен сипатталатын ғимарат пен үймереттердің немесе құрылыс құралымның техникалық күйінің категориясы.
Жұмысқа қабілетті күй – техникалық күйдің категориясы, бұл жағдайда жобаның норма және стандарттардың талаптарына кейбір бақыланатын параметрлердің жауап бермеуі, бірақ талаптардың бұзылуы бар, мысалы деформативтілігі бойынша, ал темірбетонда жарықшақтарға қарсы тұруы, бірақ мұның бәрі нақты қолданыстық шарттарында жұмыс қабілеттілігі бұзылмайды және ақаулар мен зақымданулардың әсері болса да жүккөтергіштігі қамтамасыз етіледі.
Шектеулі жұмыс істеу күйі – құралымның техникалық күйінің категориясы, толық жағдайда жүккөтергіш қабілеті аздап төмендейтін ақаулар пайда болады. Бірақ аяқ астынан қирау қаіптісі болмайды, эксплуатация шарттарын, оның күйін бақылау кезінде құралым жұмыс жасайды.
Жіберілмейтін күйі – ғимарат пен үймереттің немесе құрылыс құралымның техникалық күйінің категориясы, ол жүккөтергіш қабілетінің төмендеуімен және эксплуатациялық сипаттамалардың төмендеуімен сипатталады, бұл жағдайда адамдардың және жабдықтардың сақталуына қауіпті болады (сақтандандыратын және құралымға күшейту жұмыстарын қажет).
Апаттық күй - ғимарат пен үймереттің немесе құрылыс құралымының техникалық күйінің категориясы,ол жүккөтергіш қабілетінің жоғалуын және қирау қауіптілігін көрсететін зақымданулар мен деформациялар сипатталады (жедел апатқа қарсы шараларды жүргізу қажет).
Ғимараттың жүккөтергіш құралымдары – ғимараттың жобамен берілген сұлбаны құрайтын, оның есептік сыртқы әсерлердің кезінде кеңістіктік орнықтылықты қамтамасыз ететін құрылыс құралымдары.
Техникалық күй – ғимараттың қасиеттерінің эксплуатация кезінде өзгерістерге ұшырау жинағы, ол техникалық құжаттармен бекітілген уақыт аралығындағы күйдің нышандары мен параметрлері сипатталады.
Техникалық диагностика – тоқтап қалу себептерін анықтау; берілген уақыт аралығында ғимараттың фактілі техникалық күйін анықтау; техникалық қызмет көрсету кезінде элементтерді жөндеу немесе ауыстыру қажеттілігін анықтау; жөндеу қажеттілігін анықтау; техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жұмыстардың орындау сапасын бағалау; тоқтап қалудың талдау негізінде қалдық ресурстарды болжау (яғни, кез-келген уақыт аралығы үшін белгілі анықтылықпен фактілі күйдің өзгеруін болжау).
Ғимараттың тозған күйі – ғимарат құралымын немесе бүкіл ғимараттың тозған күйі: тас үйлер үшін - 70%-тен көп, қабырғалары жергілікті материалдардан жасалған ағаш үйлер және мансардалар үшін - 65%-тен көп, негізгі жүккөтергіш құралымдар ғимараттың орнықтылығын қамтамасыз ететін беріктікті сақтайды, бірақ ғимарат берілген эксплуатациялық талаптарды қанағаттандырмайды.
Техникалық күйдің категориясы – құрылыс құралымның немесе ғимарат пен үймереттің эксплуатациялық жарамдылығының дәрежесі, ол жүккөтергіш қабілетінің және құралымның эксплуатациялық сипаттамалардың төмендеу бөлігіне байланысты анықталады.
Техникалық күйдің нормативті деңгейі – техникалық күйдің категориясы, бұл жағдайда ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құралымдарының барлық критерилердің сандық және сапалық параметрлерінің мәндері техникалық күйдің бағасы нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес келуі (ҚНиЕ, ТҚН, МеСТ, ТШ және т.б.).
Ғимараттың жөнделуі (үймереттің, жабдықтың, коммуникацияның, тұрғын-коммуналды тағайындалған обьектілер) – ғимараттың жұмыс қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін, оның ресурсын немесе оның құралмалы бөліктерінің қорын қалпына келтіретін операциялар кешені.
Тұрғын қордың құрамы – тұрғын үйдің ортақ мүліктерін ұстайтын, ортақ коммуникацияларды техникалық қызмет көрсету бойынша, тұрғын қордың, үй қасындағы территорияның санитарлы тазалау бойынша, тұрғын үй бөлмелердің техникалық құралдарын техникалық қызмет көрсету (диагностика, ғимаратты тексеру және оның күйін тезникалық күйін бақылау) бойынша жүргізілетін жұмыстардың кешені.
Ғимаратты техникалық қызмет көрсету жұмысы (үймереттің, жабдықтың, коммуникацияның, тұрғын-коммуналды тағайындалған обьектілер) – тағайындалуы бойынша пайдалану, күту, сақтау және тасымалдау кезінде ғимараттың жұмыс қабілеттілігін немесе дұрыс жұмыс істеуін сақтау бойынша жүргізілетін операциялар немесе операциялар кешені.
Арнайы ұйым – лифттердің, қоқыс құбырлардың, желдету және басқа пәтерден тыс инженерлік жабдықтардың жөндеу мен қолданысын, тұрмыс қоқыстардың жиналуы мен әкетуді қамтамасыз ететін ұйым.
Ғимараттың жеңіл-желпі жөнделуі – ғимараттың жұмыс қабілеттілігін немесе дұрыс жұмыс істеуін қалпына келтіретін, оның қорын бөлшекті қалпына келтіру немесе ауыстыру немесе шектелу номенклатураның құралмалы бөліктерінің нормативті және техникалық құжаттармен бекітілген қалпына келтіру жұмыстары, жөндеу.
Ғимараттың капиталды жөнделуі – ғимараттар мен үймереттерді техника-экономикалық негізгі көрсеткіштердің өзгеруін ескермейтін физикалық және моральды тозудың жою бойынша, құрамына қажетті болғанда жеке конструктивтік элементтерді және инженерлік жабдықтардың жүйелерін ығыстыру кіретін құрылыс және ұйымды-техникалық шаралардың комплексі.
Ғимаратты қайта жаңғырту (реконструкция) – эксплуатация шарттарын өзгерту, физикалық және моральды тозуды максималды жою, ғимараттың эксплуатациясында жаңа мақсаттарға жету мақсатында негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштерді (жүктемелерді, бөлмелер планировкасын, құрылыс көлемін және ғимараттың жалпы ауданын, инженерлік қамтамасыздандыруды) өзгертумен байланысты жүргізілетін құрылыс жұмыстары мен ұйымды-техникалық шаралардың комплексі.
Ғимаратты модернизациялау – реконструкцияның жеке жағдайы, ол ескі салынған ғимараттың және оның моральды ескірген инженерлік жабдықтардың қазіргі кездегі тұру эстетика шарттары мен нормалары және тұрғын үйлердің және өндіріс ғимараттардың эксплуатациялық параметрлерімен ұсынылған талаптарға сәйкес көлемді жобалық және архитектуралық шешімдерді өзгерту және жаңартуды ескереді.
Қалпына келтіру – шектеулі жұмыс қабілетті күйге келген конструкциялардың эксплуатациялық сапалардың оның бастапқы күйінің деңгейіне дейін көтеруді қамтамасыз ететін шаралар комплексі.
Күшейту (усиление) – фактілі күймен немесе жобалық көрсеткіштермен салыстырғанда құрылыс құралымның немесе ғимарат пен үймереттің жүкөтергіш қабілеттің және эксплуатациялық қасиеттердің жағарлауын қамтамасыз ететін шаралар комплексі.
Тексеру (обследование) – эксплуатациялық күйді, тексеру обьектілердің жарамдылығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын және одан әрі эксплуатациялау немесе қалпына келтіру және күштеуді қажет ету мүмкіндігін анықтайтын бақыланатын параметрлердің фактілі мәндерін анықтау және бағалау бойынша шаралар комплексі.
Ақау – жобамен немесе нормативті құжатпен берілген құралымның параметрлерге сәйкес келмеуі.
Зақымдану – құралымның дайындау, тасымалдау, жинақтау немесе эксплуатация кезінде пайда болған ақаулық.
Тексеру есебі – жобалаудың қазіргі нормалары бойынша қолданылатын құралымның есебі. Ол тексеру нәтижелері немесе жобалық және атқарушы құжаттар нәтижесінде құралымның геометриялық парметрлері құрылыс материалдардың әсер етуші жүктемелердің, ақаулар мен зақымдануларды ескеретін дәлденген есептік сұлбаның фактілі беріктігін есепке кіргізеді.
Бағалау критериі – жобамен немесе көлемді нормативті құжатпен орнатылған немесе параметрдің сапалық мағынасы, ол құрылыс құралымның беріктігін, деформативтілігін және басқа нормаларын сипаттайды.
Зақымдану дәрежесі – құрылыс құралымның жобалық жүккөтергіш қабілетін жоғалтатын бөлгінің пайызды қатынаспен бекітілген.
Ғимараттың эксплуатациялық көрсеткіші – ғимараттың эксплуатациялық сапаларын көрсететін техникалық, көлемді-жобалық, санитарлы-гигиеналық, экономикалық және эстетикалық сипаттамалардың жиынтығы.
Диагностика – ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құралымдарының мүмкін болатын ақауларды және олардың эксплуатацияның қалыптық бұзуды тоқтатуды анықтау үшін олардың күйін сипаттайтын нышандарды бекіту және зерттеу.
Ғимараттың моральды тозуы – ғимараттар мен үймереттердің негізгі эксплуатациялық көрсеткіштердің қазіргі кездегі эксплуатацияның техникалық талаптарына біртіндеп ауытқуы.
Ғимараттың физикалық тозуы – обьективті себептердің әсерінен техникалық және соған байланысты ғимараттың эксплуатациялық көрсеткіштерінің нашарлауы.
Шығу мәліметтері
ПОӘК «Құрылыс және сәулет»
кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама № « » 2008ж.
ПОӘК «Құрылыс және экология»
институтының оқу-әдістемелік
кенесінің мәжілісінде келісілді
Хаттама № « » 2008ж.
