Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_OIS_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Студентердің білімін бағалу

Баға

Балдың әріптік эквиваленті

Пайыбен

Балмен

Өте жақсы

А

95-100

4

А-

90-94

3,67

Жақсы

В+

85-89

3,33

В

80-84

3,0

В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33

С

65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағаттандырылмайды

F

0-49

0

Модульдер және аралық аттестацияда бақылау жүргізу үшін сұрақтар тізімі

1 Модуль боынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

  1. Тұрғын ғимараттар мен үймереттердің сенімділік принциптері қалай тұжырымдалады?

  2. Тоқтаусыздыққа анықтама беріңіз. Ол қандай көрсеткіштермен анықталады?

  3. Ұзақтылыққа анықтама беріңіз және оның негізгі көрсеткіштерін көрсетіңіз.

  4. Сенімділік ұғымына не кіреді?

  5. Ғимараттардың техникалық күйі қандай көрсеткіштері бойынша анықталады?

  6. Ғимараттың жұмыс қабілеттілігінің негізгі принциптерін тұжырымда.

  7. Жүккөтергіш және қоршауыш құралымдардың тоқтап қалу ұғымына анықтама беріңіз, олардың жіктелуін көрсетіңіз.

  8. Эксперттік жүйелер ұғымына не кіреді?

  9. Тұрғын ғимараттардың тексеру түрлерін, шарттарын және жалпы ретін атаңыз.

  10. Құралымның ең сипатты зақымданулар мен ақауларын атап шығыңыз.

  11. Өлшеу процесі сипатталатын факторларды атаңыз.

  12. Өлшеулердің қатежіберушіліктері қандай нышандар бойынша жіктеледі?

  13. Эксплуатацияланатын ғимараттар мен үймереттерді тексерудің анықтамасын берініз.

  14. Құрылыс материалдардың беріктігін анықтайтын сізге белгілі аспаптарды атаңыз және олардың жұмыс істеу принципін түсіндірініз.

  15. Құрылыс құралымдардың геометриялық параметрлердің анықтайтын аспаптарды атаның және олардың жұмыс істеу принципі туралы айтыныз.

2-ші модуль бойынша бақылау жүргізуге арналғна сұрақтар.

  1. Ғимараттар мен үймереттерді тексерудің негізгі жағдайды айтыңыз.

  2. Жалпы тексеру кезінде құралымды бақылау қалай өтеді?

  3. Іргетастарды, жер төбелерді тексерудің мысалдарын келтірініз.

  4. Ғимарат ұстындары мысалдарында негізгі жүккөтергіш құралымның техникалық тексеруін қалай жургізеді?

  5. Ғимараттың қабырғалары қалай тексеріледі?

  6. Аражабындарды тексеру кезінде анықталатын ақауларды атаңыз.

  7. Ғимараттар мен үймереттерді бөлшекті тексерудің негізгі принциптерін атаңыз.

  8. Негіздер мен іргетастарды бөлшекті тексерудің ерекшеліктері қандай?

  9. Құралымдарды табиғи сынаудың маңызы неде?

  10. Бетонның механикалық сипаттамаларын (сығылу-созылу) анықтайтын сынаулар туралы айтыныз.

  11. Құрылыс құралымдарын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз.

  12. Жүктемелердің әсерін еліктеу үшін қандай механизмдерді қолданады?

  13. Құрылыс құралымдарды сынау стендіне не кіреді?

  14. Сынаудың статикалық және динамикалық түрлерін сипаттаңыз.

  15. Құрылыс құралымдарды және ғимараттарды динамикалық жүктемемен сынаудың негізгі тапсырмаларын атаңыз.

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар.

  1. Ғимаратты апатты категорияға жатқызу шарттары қандай?

  2. Тұрғын ғимараттар жарамсыздықты анықтайтын шарттарына не кіреді?

  3. «Тозған тұрғын үй» ұғымы нені білдіреді?

  4. Ғимаратты техникалық дұрыс күйінде ұстау үшін бақылынатын негізгі параметрлерді атаңыз.

  5. Ғимарат құралымының ең сипатты зақымданулар мен ақауларды атаңыз.

  6. Тағайындалу сипаты бойынша жіберушіліктерді қалай бөледі және олар нені негіздейді?

  7. Деформацияларды өлшейтін аспаптар туралы айтыныз, олардың атын және жұмыс істеу принципін атаңыз.

  8. Құрылыс құралымында ақауларды анықтайтын аспаптардың жұмыс істеу принципін және техникалық мүмкіншіліктерін сипаттаңыз.

  9. Негіз топырақтарын экспресс-бақылайтын аспаптар нені өлшейді және олардың тағайындалуын атаңыз.

  10. Өлшеу құралдарын тексеру деп нені түсінеді. Тексерулер қандай болады?

  11. Жалпы тексеру кезінде құралымның күйін бағалау қалай өтеді?

  12. Ғимараттың қабырғалары мен қалқалары қалай тексеріледі?

  13. Қабырғалар мен тасалардың экспертизасы кезінде негізгі ақауларды ата.

  14. Ғимарат құралымдарын тексеру кезінде жұмыстардың негізгі түрлерін атаңыз.

  15. Жалпы тексеру нәтижесі бойынша ғимараттың техникалық күйі қалай бағаланады?

  16. Аражабындарды тексеру кезінде жүргізілетін жұмыстарды сипаттаңыз.

  17. Бақылаудың бұзбайтын әдістеріне анықтама берініз және мысал келтірініз.

  18. Темірбетон құралымдарының есептеу ерекшеліктері қандай?

  19. Тұрғын үйдің мониторингіне не кіреді?

  20. Құрылыс жүргізілетін және қайта жаңғыртылатын обьектілердің жанында орналасқан тұрғын ғимараттар мониторингінің ерекшеліктері қандай?

  21. Бақылау әдістері қалай жіктеледі?

  22. Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құралымдары металл, бетон және пластмасса өнімдерінің ақауларын атаңыз.

  23. Құрылыс құралымдарын сынаудың негізгі түрлерін атаңыз.

  24. Ұстындарды жүктеудің сізге белгілі сұлбаларын сипаттаңыз.

  25. Құрылыс құралымын жүктеу кезінде жарықшақтар ашылу енін немен өлшейді?

  26. Құрылыс құралымдарды және ғимараттарды динамикалық жүктемемен сынаудың негізгі тапсырмаларын атаңыз.

  27. Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құралымдарын сынаудың нәтижелері қалай өнделеді?

  28. Ғимараттарды тексеру кезінде техникалық қауіпсіздіктің жалпы ережелерін атаңыз.

  29. Құрылыс құралымдарын сынау кезінде техникалық қауіпсіздік қалай жүзеге асады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]