Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геология Сая (алфавитный порядок-изм).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.28 Кб
Скачать

Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі

Қатпарлардың жіктелуі негізіне бірнеше белгілерін аламыз. Жіктелу негізінің белгілеріне қатпардың пішіні немесе пайда болу тегі анықталуы мүмкін. Егер жіктелу негізіне қатпарлардың сыртқы түрі (формасы) алынса,ол морфологиялық деп аталады. Морфологиялық жіктелу негізіне қатпарлардың бірнеше белгілері алынады. Олар: 1. Остік беттің орнына байланысты: а) симметриялы қатпар - остік беті тік бағытты жəне қанаттарының көлбеулік бұрышы бірдей болып келеді. б) асимметриялы қатпарлар - остік беттері көлбеу немесе горизонталды жəне қанаттарының еңістену бұрыштары əр түрлі болып келеді. б) қисайған қатпарлар қос қанаттары қарама қарсы жақтарға əр түрлі бұрыштармен құлаған немесе екі қанатының бірі тіктеу болып келетіндер в) аударылған қатпарлар - шоқтығы біржақ қанатына қарай қысылып құлағандай болады немесе қанаттары біржақа қарай бағыттала құлағандар; г) жантайған қатпарлар остік жазықтық бетіне көлденең орналасады; д) төңкерілген қатпарлар - остік беті кері қарай құлағандай болып бүгілген.2. Қанаттарының арақатынасына байланысты: а) кəдімгі, қалыпты - қатпарлардың қанаттары əр жаққа құлапжатады; б) изоклинді – қанаттары параллель орналасады; в) желпуіш тəріздесті – қанаттары желпуіш тəріздес келеді. 3. Қатпарлар құлпы пішініне байланысты жадағай, шұғыл, сынған, сандық тəріздестіге бөлінеді. 4. Қатпарлар ұзындығы мен енінің арақатынасына байланысты созылыңқы, брахи пішінді, күмбез тəріздес болып бөлінеді.

Қатпарлардың генетикалық түрлері

Қатпарлар дегеніміз таужыныстарының жаншылып, сығылып иілген кездегі пайда болған қабаттардың толқын тəріздес иілуі. Қатпарлар тізбегі қатпарлықтар түзеді. Жіктелу негізінің белгілеріне қатпардың пішіні немесе пайда болу тегі анықталуы мүмкін. Егер жіктелу негізіне қатпарлардың шығу тегі алынса - генетикалық жіктелу болады.Қатпарлар шығу тегіне байланысты тереңдік қатпарлары, жамылғы қатпарлары, экзогендік қатпарлар болып бөлінеді. Жамылғы қатпарлығы мұндай қатпарлық қысым өсерінен иілуге ұшырау нәтижесінде пайда болады. Тереңдік қатпарлары температура мен қысым өсерінен ағуға бейімделген таужыныс қабаттарында кездесетін қатпар. Экзогендік қатпарлар әртүрлі экзогендік процесс нәтижесінде жер бетіне жақын орналасқан шөгінді жыныстарда болатын қатпар.

ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ

Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)

Лықсымалар дегеніміз, жылжу жазықтығы бойымен үстіңгі қанаты төмен ауысып ығысқан жарылысты бұзылысты айтамыз. Лықсымалардың жіктелуі: олар бірнеше белгілер көмегімен ыдыратқыш құлау бұрышына, бұзылған таужыныстары созылымына қарай жəне т.б. болып ажыратылады: а) ыдыратқыштың құлау бұрышына байланысты: жайдақ < 30 дейін, шұғыл<30-80, тік < 80 жоғары; ө) бұзылған тау жыныстар созылымына қарай а) бойлық, б) қиғаш, в) көлденеңді;б) ыдыратқыштар мен бұзылған таужыныстар арақатынастарына қарай үйлесімді үйлесімсіз в) қанаттарының жылжу бағытына байланысты тура, кері, топсалы жəне цилиндрлі болып бөлінеді. Лықсымалардың өзара орналасуына байланысты параллельді, радиальді жəне қауырсынды болып келеді.

ММММММММММММММММММ

МЕЗАЗОЙ MZ кезеңі: ТРИАС (Ж,О,Т) (күлгін фиолетовый);

ЮРА (Ж,О,Т) (көк);

БОР (Ж,Т) (жасыл)

Миграциялық жатыс типтері

Миграциялық жатыстар типi шөгiндi қабаттардың бiр бағытта жиылу облысына қарай бiртiндеп ауысуымен ерекшеленедi. Қабаттар ойыстың бiр жағынан шегiнiп екiншi жақтың табанына трансгрессивтi түрде орналасады. Кешеннiң өне бойы асимметриялық құрылысқа ие болып, шөгiндiлердiң құрамы мен қалыңдығының өзгергiштiгiмен жəне бiр бағытты еңiстенуiмен сипатталады. Бұл тип регрессивті мен трансресивтіге қарағанда сирек кездесiп, ойыстардың шеткi бөлiктерiнде жер қыртысының тұрақсыз тiк бағытты қозғалыстарының нəтижесiнде қалыптасады. Ойыстың бiр шетi төмендеп трансгрессивтi қабат пайда болса, екiншi шетi көтерiлiп қабаттардың регрессивтi жатысы байқалады.

Метаморфтық жыныстардың белгіленуі. Аймақтық метаморфизм түзілімдері индекс жəне түстер арқылы белгіленеді. Метаморфтық жыныстардың заттық кұрамын көрсету үшін, арнайыштрихтер мен краптар қолданылады(2-сурет). Топ жынысы Жəй қатар Субсілтілі қатар Қышқылды Қызыл Қызыл-сары Орта Қою қызыл Ашық қызыл-сары Негізді Қою жасыл Жасыл Аса негізді Қою фиолетті Ашық фиолетті. Стратифицияланбаған ультраметаморфты кристалдық жыныстар мен метаморфтық ортожыныстар магмалықтар сияқты белгіленеді; яғни түсі құрамы көрсетіледі, индекс-құрамы, жасы мен қай комплекске жатуын көрсетеді. Мысалы: Аrpr - Архейдің приазов комплексінің мигматиті. Мигматиттер(мигматталған жыныстар), жапсарлы метаморфизмді жыныстар, тектониттер, диафториттер, т.б. болып берілген стратифицияланбаған бөлімшелер түрлі түсті белгілермен беріледі.