- •Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •Антиклинорий мен синклинорий
- •Антеклиза, синеклиза
- •Ббббббббббббббббббб
- •Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •Геосинклиндерге сипаттама
- •Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •Географиялық үйлесімсіздіктер
- •Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •Көне және жас платформалар
- •Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •Қабат және оның элементтері
- •Қабаттылықтың түрлері
- •Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері
- •Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •Метаморфты қабаттарды стратиграфиялық бөлшектеу
- •Метаморфты жыныстардың сыртқы пішіндері
- •Мұхиттық рифтер
- •Платформалардың негізгі белгілері
- •Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
- •Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •Трансгрессивті жатыс типтері
- •Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •Трансформдық жатылымдар
- •Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
Платформалардың негізгі белгілері
Негізінен екі түрлі көне қ ұ р ы л ы м д ы қ э л е м е н т т е р көрініс беретіндігін анықтаған. Олар «гранулит-гнейсті белдеулер » және «жасылтасты белдеулер » деп аталады. Көне платформалардың кристалдық іргетасындағы гранулитті-гнейсті белдеулер негізінен архей жаралымдарынан құралған, алайда, олардың қимасының жоғарғы бөлігінде төменгі протерозой жаралымдары да ұшырасады. Бұл жаралымдар қарқынды метаморфтық өзгерістерге ұшыраған, олар көбінесе қышқыл құрамды таужыныстардан – гранулиттерден және гнейстерден тұрады. Бұл белдеулердің ішкі құрылымы алуан түрлі гранитгнейсті күмбездермен күрделілене түскен, кейде габброанортозиттердің ірі-ірі плутондары да ұшырасады. Ж а с ы л т а с т ы б е л д е у л е р г р а н у л и т т і- г н е й с т і белдеулерді тілгілей созылады және де олардың шекаралары әдетте терең жарылымдарға сәйкес келе отырып, өте анық сағаланады. Жасылтасты белдеулер өздерінің созылу бағытына көлденең бағытта қатпарлармен және бастырмалармен (надвиг) күрделілене түскен синклинорийлік құрылымды еске салады. Қазіргі таңда ж а с ы л т а с т ы б е л д е у л е р жер шарындағы барлық көне платформалар ауқымында анықталған, және де олардың бір ғана емес, бірнеше генерациясы болатындығы, олар бір-біріне жарыса созылатындығы белгілі болып отыр.
РРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРР
Регрессивті жатыс типтері
Регрессивтi жатыс типi. Бұрын пайда болған қабаттарға қарағанда кейiнгiлердiң таралу ауданының бiрте-бiрте азаюы. Мұндай жағдай ойыстардың салыстырмалы тез арада төмендеуi немесе отыруы мен олардың ұзақ уақыт бойы шеткi бөлiктерiнiң немесе өне бойының көтерiлуi жағдайында туады. Көтерiлу су қоймасының бiртiндеп қысқаруына, сөйтiп оның регрессивтi серия қабаттарымен толтыруына əкеледi. Регрессивтi типте қабаттың төменгi трансгрессивтi бөлiгi нашар көрiнiстi болады немесе тiптi байқалмайды, ал регрессивтiсi өте жақсы дамиды.
СССССССССССССССССССССССССС
Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
Стратиграфиялық бағанада берілген картадағы барлық тау жыныстары,төрттiк жəне интрузивтiлерден басқасы, көрсетiледi. Олар бағана бойында жас ретiмен, геологиялық қимадан алынған қабат қалыңдықтарымен бірдей орналастырылады. Бағанада арнайы шартты белгiлер арқылы стратиграфиялық бөлiмдер арасындағы байланыс (үйлесiмдi, үйлесiмсiз, параллельдi, бұрыштық, құрылымдық) көрсетiледi. Бағанада тау жыныстары картадағыға сəйкес стратиграфиялық бөлiмдемелерге бөлшектенедi. Бағаналар масштабы аудандағы жыныстардың жалпы қалыңдығына байланысты əртүрлi болып келедi. Негiзiнде бағананың биiктiгi картаның меридиàналдық биiктiгiне сəйкес болғандығы жөн. Ал стратиграфиялық бөлiмдерiнiң қалыңдығы жайлы мəлiметтер қабаттар созылымын тiк қиып өтушi қимадан алынады. Сондықтан да, бағанадағы қабаттар қалыңдығы мiндеттi түрде олардың геологиялық қимадағысымен бірдей болуы тиiс. Бұл қима бағананы өзара тексеру үшiн қажет. Стратиграфиялық бағананыгеологиялық картаның сол жағына түсіреді.
Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
Стратиграфиялық үйлесімсіздік қабаттар арасында стратиграфиялық реттіліктің бұзылуынан және белгілі бір стратиграфиялық кешендердің қимада болмауынан пайда болады. Үйлесімсіздік бұрыш мөлшеріне байланысты: параллельдік, бұрыштық және географиялық болып бөлінеді.Параллельдік үйлесімсіздік – параллель жатқан қабаттар арасында үзілістің пайда болуынан түзіледі.Бұрыштық үйлесімсіздік - көлбеу бұрыштары әртүрлі екі қабаттар кешендері арасындағы үзілістерге байланысты пайда болады, мұндай үзілістер геологиялық картада және геологиялық қимада анық көрінеді. Үйлесімсіздік бұрышы 0-180° дейін өзгереді. Егер үйлесімсіздік бұрышы 30° аспаса, онда ол жай бұрыштық, ал 30° асса, онда ол шұғыл бұрыштық деп аталады. Географиялық үйлесімсіздік деп – үйлесімсіздік бұрышы 2° тан кем болып, үлкен аймақтарды алып жатқан қабаттарды айтамыз. Үйлесімсіздік жазықтары беттерінің анықтылығына қарай анық байқалатын және жасырын үйлесімсіздік болып бөлінеді.
ТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТ
Тектоникалық үйлесімсіздіктер
Тектоникалық үйлесімсіздік таужыныс қабаттары жарылым бойымен жылжып, ауысуымен сипатталып, құрылысы жағынан стратиграфиялық үйлесімсіздік беттерінен тез ажыратылады. Тектоникалық жапсар төменгі және жоғарғы түзілім қабаттастықтарын қиып өтеді. Əртүрлі жасты жəне литологиялык құрамды қабаттар арасындағы үйлесімсіздік жапсары, тектоникалык бұзылыстар мен олардың бойымен ауысқан таужыныстар бөліктерімен сипатталады. Таужыныстары қабаттарының жер бетінде жақсы байқалуы мен геологиялық зерттеудің дəлділігі жоғары болғанда, аталған үйлесімсіздікті ажырату қиындық туғызбайды. Далалық жағдайда оны:1. Жоғарғы свитаның төменгісіне қарағанда көне болып келуі; 2. Қабаттар арасында сырғу айнасы мен ұнтақталған тектоникалық женттастардың болуы арқылы анықтаймыз.
