Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геология Сая (алфавитный порядок-изм).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.28 Кб
Скачать

Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы

Құрылымдық геология геотектониканың бір бөлімі ретінде жер қыртысындағы таужыныстарының жатыс пiшiндерiн, олардың орналасу заңдылықтары мен бiр-бiрлерiмен өзара арақатынастарын жəне геологиялық пайда болуы жағдайларын зерттейдi.Пайдалы қазба кенорындарын игеру сатыларында құрылымдық геологияның элементтерін біліп, пайдалану өте маңызды. Құрылымдық геология саласы жер қыртысы таужыныстарының жатыс пiшiндерi ғана емес, олардың пайда болу тегiн, дамуы мен өзгеру тарихын зерттейдi.Бұл пəндi меңгерудің негізгі мiндеттері: 1. Шөгiндi, магмалық пен метаморфтық жыныстардың негiзгi жатыс пiшiндерiмен танысып, оларды геологиялық картада, қимада көрсетiп, ажыратып, оқи бiлу, олардың жатыс элементтерiн анықтауды меңгеру. 2. Құрылымдық пiшiндердiң пайда болуы мен өзгеру механизмiн түсiнiп, талдау, яғни таужыныстардың жатыс жағдайлары берiлген жер қыртысы бөлікшесiнiң дамуы тарихы туралы теориялық қорытынды жасауға, осындағы өткен тектоникалық қозғалыстар сыр-сыйпаты жайлы мағлұматтар беруге көмектеседі.

Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері

Құрылымдық этаж деп - белгілі бір тектоникалық дәуірде пайда болған әржасты, әр құрамды және басқа құрылымдық әтаждан аймақтық бұрыштық үйлесімсіздік бетімен бөлінетін, таужыныстар кешендерін айтады. Қатпарлықтың белсенді даму уақытын – қатпарлық заманы деп атайды., Құрылымдық этаждар беске бөлінеді. байкал құрылымдық этаж –Є кембрийге дейін. Є,O,S кембрий, ордовик, силур кезендер тектоникалық қозғалыстар – каледондық құрылымдық этаж; D.C.P девон, тас көмір, пермь– герциндік құрылымдық этаж; T. J.K триас, юра, бор – киммерийлік құрылымдық этаж; ,N,Q палеоген, неоген, төрттік - Алпілік құрылымдық этаж.

Қабат және оның элементтері

Қабат дегенiмiз - бiртектi, бiр-құрамды шөгiндi немесе басқа таужыныстарынан түзiлген, қалыңдығы ұзындығынан анағұрлым кiшi, параллельдi жазықтықтармен шектелген геологиялық дене. Қабат бiртектiлiгiмен, ортақ түсiмен, бітімдік белгiсiмен, құрамы бiрдей қазындылар қалдығымен жəне ортақ қоспалармен сипатталады.Қабаттың жабыны, табаны жəне қалыңдығы болады.Жабыны - оның жоғарғы, ең жас стратиграфиялық бөлiгi. Табаны – оның төменгi, стратиграфиялық көне бөлiгi; Қабат қалыңдығы - жабыны мен табаны арасындағы қашықтық. Ол нақтылы - қабат беттерi арасындағы ең қысқа қашықтық жəне көрiнетiн -ашылымдары жер бетiне шығып жатқан қалыңдығы, тік бағыттағы- тік бағытта өлшенген қабат табаны мен жабыны арасындағы қашықтық, көлденеңді-көлденең бағытта өлшенген қабат табаны мен жабыны арасындағы қашықтық, болып бөлiнедi.

Қабаттылықтың түрлері

Қабаттардың бiр-бiрiмен жымдаса астасуы қабаттылық түзедi. Қабаттылық төрт негiзгi пiшiндерге бөлiнедi: параллельдi, толқынды, қиғашты жəне линза тəрiздес. Параллельдi қабаттылық қабаттасу беттерiнiң құрылысы жазықтыққа ұқсас болып келедi. Ол шөгiндi жиналған ортаның аз қозғалғышты, тiптi тыныш жағдайда болғандығын кепiлдейдi. Толқынды қабаттылықта қабат беттерi толқындалып иiлген болып келедi. Ол су қозғалысы бағытының кезеңдiк ауысуы мен қайталануы жағдайында, яғни қайту мен толысу ағысы мен теңiз жағалауларындағы шымырлану кезiнде пайда болады. Қиғашты қабаттылық - қабат беттерi арасындағы қабатшалар əр түрлi бұрыштармен орналасады. Қабаттылықтың бұл түрi шөгiндi түзу ортасының бiр бағытты қозғалысы нəтижесiнде пайда болады. Пайда болу жағдайына байланысты қиғашты қабаттылықтың диагоналды, қиылысты, сына тəрiздi, көпқабатты қиғаш түрлерi бөлiнедi. Линза тəрiздi қабаттылық - сыртқы пiшiндерiнiң əртүрлiлiгi мен жеке қабаттар қалыңдығының өзгергiштiгiмен сипатталады. Линза тəрiздi қабаттылық су немесе ауа ағыстарының қозғалыстарының күрт өзгеруi нəтижесiнде немесе бұрын пайда болған қабаттар шайылуы, су қоймасы түбiнiң ой-қырлылығына байланысты пайда болады.