
- •Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •Антиклинорий мен синклинорий
- •Антеклиза, синеклиза
- •Ббббббббббббббббббб
- •Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •Геосинклиндерге сипаттама
- •Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •Географиялық үйлесімсіздіктер
- •Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •Көне және жас платформалар
- •Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •Қабат және оның элементтері
- •Қабаттылықтың түрлері
- •Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері
- •Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •Метаморфты қабаттарды стратиграфиялық бөлшектеу
- •Метаморфты жыныстардың сыртқы пішіндері
- •Мұхиттық рифтер
- •Платформалардың негізгі белгілері
- •Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
- •Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •Трансгрессивті жатыс типтері
- •Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •Трансформдық жатылымдар
- •Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
Кливаж (франц. — с1іvagе-жарылу). Таужыныстар қабаттарында əртүрлі деформациялар мен метаморфизм əсерінен пайда болатын жиі орналасқан параллельді жарықтар жиынтығын кливаж деп айтамыз. 1. Қабат бойы кливажы — иірімділік серпімділік деформациясына, алғашқы сатыларында қабаттылыққа параллель дамиды. 2. Желпуіш тəріздес кливаж - қатпар остік жазықтығына желпуіш тəріздес орналасады, яғни желпуіш антиклин асты, синклин үстінде тоғысады. 3. Керісінше желпуіш тəрізді кливаж — оның жазықтығы антиклин асты, синклин үстінде тоғысады. 4. S тəрізді кливаж - əртүрлі құрамды қабаттарда бағытын өзгертіп отырады, кливаждың бұл түрі жоғарыда аталған желпуіш тəрізді түрлерді де күрделендіреді. 5. Негізгі (параллельді) кливаж - остік беттеріне параллель қатпарлар құлпында жəне қанаттарында да дамиды.
Көлденеңді жатысты қабаттарды геологиялық картада бейнелеу жəне қимасын түсіру. Горизонталдары көрсетілген ірі масштабты геологиялық картада көлденеңді жатысты қабаттар мен свиталар жер бедері горизонталдарына сəйкес немесе параллель орналасады. Геологиялық қима түсіруді оның геологиялық картадағы бағытын анықтаудан бастаймыз. Жазықты жатысты таужыныстары арқылы жүргізілген қима бедердің(рельефтің) ең биік жəне ең төмен нүктелерін басып өтуі тиіс. Мұндай жағдайда қимада барлық стратиграфиялық бөлімдер белгіленеді. Оның масштабы картанікімен сəйкес келуі керек, тек тік масштабта ең жіңішке қабаттың қалыңдығы1 мм–ден кем болмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда тік масштабты ұлғайту керек. Қиманы дұрыс құрастыру үшін қима бағыты бойының бедері тиянақты түрде түсіріледі. Одан соң ғана оның бойына стратиграфиялық бөлімдердің геологиялық шекаралары белгіленеді. Мұнда қабаттардың алғашқы көлбеулігі,параллелдік үйлесімсіздіктері, линза тəріздес жатыс пішіндері, бұрғылу құбырларының мағлұматтары міндетті түрде есепке алынуы тиіс. Бірдей биіктік деңгейлерінде орналасқан аттас стратиграфиялық бөлімдер, горизонталды сызықтармен қосылып, шартты белгілері қойылады.
Көне және жас платформалар
Көне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстар . Көне платформалардың шөгінді тыспен көмкерілмеген аймақтары, яғни олардың қарқынды қатпарланған, жаппай метаморфтанған, гранит массивтерімен «тілгіленген» к р и с т а л д ы қ і р г е т а с ы жер бетінде ашылатын бөліктері « қалқан » деп аталатындығы белгілі. Мұндай қалқандардың бетбедері адырлы немесе ұсақшоқылы жербедер типімен ерекшеленеді, ал олардың шөгінді тыспен көмкерілген бөліктері байырғы « тақталар » құрай отырып, біршама тегіс жазықтықтар түрінде көрініс береді.Шын мәніндегі платформалар яғни кристалдық іргетасы докембрий жаралымдарынан құралған кешендер континенттердің орталық бөліктерінен көрініс бере отырып, сол континенттер ауданының шамамен 40 %-ын құрайды. Жас платформа - қатпарлы, палеозойлық немесе мезозойлық платформа. Екінші сөзбен айтқанда, жас платформа дегеніміз каледондық, герциндік және мезозойлық қатпарлы алқаптар орнында қалыптасқан платформа. Ақырғы қатпарлық көнелігі тұрғысынан эпипалеозойлық (эпикаледондық, эпигерциндік) және эпимезозойлық,платформалар дараланады. Мысалы, Батыс Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның, Кавказдың жазық аумақтары жатады
Куэста. /испан. Тау бөктері/- екі жақ бөктері бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, яғни бір жақ бөктері таужынысы қабаттарын тілгілей отырып, тік құлайтын, ал екінші жағы тау жынысы қабаттарының еңістену бұрышына сəйкес келе отырып, саумалдана ылдиланатын қыраттар тізбегі. Олар құрамы
жағынан бір-бірінен анық дараланатын таужыныстарының бірқалыпты еңістенген астасуы нəтижесінде қалыптасады.