Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геология Сая (алфавитный порядок-изм).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.28 Кб
Скачать

Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері

Зерттелетiн ауданның терең қабаттарының геологиялық құрылысын, қабаттардың жасын, қалыңдығын, бiр-бiрлерiмен арақатынастарын бiлу үшiн геологиялық қималар түсiрiледi. Қима аудандағы таужыныстары түзетiн геологиялық құрылымдарды толық қиып өтуi тиiс. Сонымен қатар ол тектоникалық күрделi, магмалық дене таралған аймақ арқылы өткенi жөн, сол себепте оның бағыты түзу ғана емес сынған сынықты болуы да мүмкiн. қиманың шартты белгiлерi тiк жəне көлденеңдi, масштабтары картанiкiне сəйкес болуы тиiс. Қима сызығының шеттерi əрiптермен белгiленiп, оның батыс, солтүстiк-батыс, оңтүстiк-батыс жəне оңтүстiк бөлiгi сол жағында орналасады.

Геосинклиндерге сипаттама

Геосинклиндер (грекше гео - жер; син - бірге, бірегей; клино - еңкейтемін). Жер қыртысының аса қозғалмалы жəне барынша сырт аймақтарын бір- біріне қарама-қарсы қою нəтижесінде пайда болған қазіргі тектониканың маңызды түсініктерінің бірі. В. Е. Хаин бойынша геосинклин литосфераның аса қозғалмалы, кіріктіруші қасиеті жоғары, өзінің дамуының бастапқы сатысында төмендеу пəрменділігі, ал соңында - жоғарылау пəрменділігі басым, қатпарлы-бастырылулы деформациямен қосымшалана өтетін белдемі. Оған геодинамикалық кернеу көрсеткіштерінің құбылмалылығы, түзілімдер қабатының қалыңдығы, жер қыртысының магмалық пен метаморфтық үрдістер белсенділігі, дамуы терең жарылымдармен байланысты жер қыртысының сызық бойы созылуы, доғатəрізді иілуі мен көтерілуі тəн. Геосинклиндер көлемінде жер қыртысы гравитациялық пен магниттік аномалдығымен, сейсмикалық пəрменділігімен, геотермикалық градиент мөлшерімен, тік бағытты қозғалыстар амплитудасының жоғарылығымен сипатталады.

Геосинклиндердің негізгі белгілері

Геосинклиндер тектоникалық құрылысында В. Е. Хаин геосинклиндік облыстар, геосинклиндік жүйелер, орталық массивтер, жекелеген геосинклиндар мен геоантиклиндар жəне миогисинклин мен эвгеосинклин атты құрылымдарды бөлді. Геосинклиндық белдеулер - ұзындығы ондаған мың километрмен өлшенетін платформалар арасындағы немесе оның шетін жағалай дамып өзіндік тектоникалық режиммен сипатталатын салыстырмалы енсіз аймақ . Геосинклиндық облыстар — геосинклиндық белдеулердегі оның созылмалы бағыттарына бөлінетін өзіндік қазіргі құрылысы мен дамуы бар бөлігі. Геосинклин жүйелер — аса қозғалмалы линиялы белдем. Орталық массивтер — тектоникалық режимі жағынан платформаға ұқсас литосфераның салыстырмалы аз қозғалғыш бөлігі. Жекеленген геосинклиндер мен геоантиклиндер - геосинклиндық жүйелер ішіндегі енсіз жəне жүздеген километрге созылған ойыстар мен көтермелер. Эвгеосинклиндер - жоғары магмалық белсенділік тəн, орталық массивке жапсыра орналасқан геосинклиндық жүйенің ішкі ойысы. Миогесинклиндер - геосинклиндық жүйенің жанартау əрекеттері өте болымсыз, тіпті мүлдем көрініс бермейтін мейлінше салғырт өңірі.

Географиялық үйлесімсіздіктер

Географиялық үйлесімсіздік деп - үйлесімсіздік бұрышы 1° кем болыпкелетіндерін атаймыз. Үйлесімсіздік бұрышы аз болған себепті оны аумақты, аймақтарды зерттеуде ғана байқаймыз. Үйлесімсіздік жазықтары беттерінің анықталғанына қарай, анық үйлесімсіздік беттері анық байқалады да, жасырын -үйлесімсіздік беттері белгісіз болып келеді. Аймақтык үйлесімсіздіктер үлкен аймақтарды алып жатады. Олар сол жерде болған тік бағытты көтерулер нəтижесінде қалыптасады. Жергілікті үйлесімсіздіктер көбінесе, жеке құрылымдар қозғалысы мен дамуын көрсетеді.Үйлесімсіздіктер пайда болу жағдайларына байланысты: 1) нақты - жердің тік бағыттағы қозғалыстарына байланысты шөгінді түзудегі пайда болған үзілістер; 2) жалған - қиғашты кабаттар арасында жергілікті шайылуға байланысты, калыптаскан үзілістер; 3) формация ішкілік – түптік шайылумен байланысты шөгінді түзумен бірге өтетін үзілістер болып бөлінеді.

Геологиялық карта-жер қыртысына тəн нақтылы аймақтың геологиялық құрылысының кішірейтілген масштабта топографиялық карта бетіне белгілі бір масштабта шартты белгілер көмегімен түсірілген сызбалы кескіні.

Геологиялық қима -нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін ашып көрсететін сызбалы кескін. Мұнда тау жыныстарының астасу ерекшеліктері; көнелігі мен құрамы əр түрлі жыныстардың өзара қатынас мөлшері; геологиялық денелердің пішіндері көрсетіледі.

Геосинклин (грек. гео–жер: син–бірге: бірегей: клино-еңкейтемін) –жер қыртысының тектоникалық тұрғыдан мейлінше, қозғалмалы жəне барынша салғырт аймақтарын бір-біріне қарама-қарсы қою нəтижесінде геотектоникалық ілім аумағында қалыптасқан өте маңызды геологиялық кəсіби түсінік.

Геотектоника- жер планетасы дамуының бағдарлы өтетіндігін ескере отырып, оның құрылыс ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Ол негізінен алғанда планетамыздың сыртқы қабаттарының, яғни жер қыртысы мен жоғары мантияның құрылымдық ерекшеліктерін саралай отырып, олардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалыс жəне даму сипаттарын анықтайды.

Горст /неміс. қырат, төбе/ - жер қыртысының жан-жағынан немесе екі жағынан лықсымалар мен ығыспалар арқылы шектелген, өзін қоршаған жазықтықпен салыстырғанда біршама көтеріңкі орналасқан аудандары. Көбінесе, созылыңқы түрде сағаланатын Горсттардың ені ондаған км-мен, ал жылжу амплитудасы бірнеше мың м-мен өлшенуі мүмкін. Олар көп жағдайда өздерін шектейтін шапшыма жарылым бойымен тік көтерілуі нəтижесінде қалыптасады.

Грабен- жер қыртысының жан-жағынан ығыспалар, сирегірек лықсымалар арқылы шектелген, өзін қоршаған өңірмен салыстырғанда біршама төмен орналасқан аудандары. Олар жер қыртысының нақтылы ауданының күрт ойысуы немесе өзіне көршілес өлкелердің күрт көтерілуі нəтижесінде қалыптаспақ. Грабен көбінесе, ұзынынан ұзақ созыла отырып, бірнеше жүз км-ге сағаланады, алайда, олардың ені ондаған км-ден аспайды. Ірі-ірі Грабен əдетте суға толы ойыстар түрінде дараланады/мəселен, Байкал көлі/.

ДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД

Диапирлі қатпарлар

Диапирлі қатпарлар (грекще шаншу, тесу). Олар антиклиндік құрылымда иілімділік созылымдылық, майысқақтық қасиеттері жоғары жыныстардың өзін қоршаған жоғарыда аталған қасиеті төмен және осалдау қабаттарға кірігуі нәтижесінде пайда болады екен.Майысқақтық қасиеті жоғары, сыртқы қысым немесе өз салмағы әсерінен аққыштық қасиетке ие бола алатын таужыныстарғ тұздар, ангидрит, гипс және сумен қаныққан саздар жатады. Диапирлі қатпарлар ішінде ең көп тарағандарына тұзды күмбездер мен сазды диапирлер жатады. Диапирлерде екі түрлі қатпарлар: белсенді ядрода ағысты, ал оны қоршаған орта да көлденеңді иірулерге ұшыраған қатпарлар дамиды. Жер бедері диапирлер көлемінде өзіндік пішінді болады. Ылғалды климат аумағында түріндегі бедерлер батпақтанған және карсталған ойыстар.

ЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖЖ

Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері

Таужыныстарының көлденеңді жатысы деп қабаттасу беттерінің горизонтальды жазықтықпен сəйкес орналасуы. Жер қыртысында мүлтіксіз көлденеңді орналасқан қабаттар кішігірім болса да көлбеулікпен орналасып шөгінделеді. Еңістену бұрышы минуттармен, тіпті бірнеше градустармен өлшенеді. Сондықтан жалпы жазықты жатыстар дегеннің өзі шарты түрде ғана болып келеді. Қабаттардың жазықты жатыстары түрі - қабат беттерінің жер бетіне көлденеңді немесе соған жақын орналасуы. Таужыныстарының бұл жатыс түрі эффузивті-шөгінді, шөгінді жыныстардың алғашқы бұзылмаған түрі болып саналады. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде аттас қабат шекараларының абсолюттік биіктіктері өзара жақын болып келеді. Оны жер бедері горизонттарымен көрсетілген топографиялық картада қабаттармен стратиграфиялық кешендердің горизонтальдарға сəйкес немесе оларға параллелді орналасуынан байқаймыз. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде қабаттасу беттері көлденеңді жер бедерінің бүгілістері мен иілістерін қайталайды, яғни құрамы мен тегі бірдей биіктік деңгейлерінде орналасады. Көлденеңді жатысты қабаттарда əрбір төменгі қабат жоғарғыға қарағанда, көне болып келеді, соңғылар жер бетіне шығып жатпайды. Жер бедерінің көлденеңді бөліктерінде жас, ал ойысты жерлерінде көне жыныстар орналасады, көлденеңді жатысты қабаттар кең аймақтарды алып жатады.