
- •Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •Антиклинорий мен синклинорий
- •Антеклиза, синеклиза
- •Ббббббббббббббббббб
- •Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •Геосинклиндерге сипаттама
- •Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •Географиялық үйлесімсіздіктер
- •Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •Көне және жас платформалар
- •Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •Қабат және оның элементтері
- •Қабаттылықтың түрлері
- •Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері
- •Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •Метаморфты қабаттарды стратиграфиялық бөлшектеу
- •Метаморфты жыныстардың сыртқы пішіндері
- •Мұхиттық рифтер
- •Платформалардың негізгі белгілері
- •Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
- •Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •Трансгрессивті жатыс типтері
- •Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •Трансформдық жатылымдар
- •Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
Ббббббббббббббббббб
Бастырмалар (тегінің ерекшелігі, құрылысы)
Бастырма- жоғарыда қаралған үзіліп жылжыған қабаттар, бір-бірінен ығысқан кезде таужыныстарының қабаттары деформацияланбайды немесе аздап қана деформацияланады. Бірақта қатпарлар түзілуімен параллель өтетін үзілулер де болады. Үстіңгі қанаты көлбеу бұрышпен (60 кіші) жылжу жазықтығы бойымен астыңғы қанатын баса орналасатын ысырмалар сипатты қатпарлар түзуімен бірге пайда болған үзілулер бастырмалар деп аталады. Бастырмалар қатты (өте) қысылған көлбеу немесе төңкерілген қатпарларда дамиды. Бірыңғай таужыныстарда түзілген қатпарларда бастырулар қатпардың топсасында, ал әртүрлі жыныстардың пайда болғандарында қанаттарында байқалады. Ыдыратқыш бұрышының әртүрлілігіне байланысты бастырманың а) тік шұғыл; б) жайдақ; в) горизонтальды түрлері көрсетілген.
Бастырма- жыртылу жігінің жайпақтығымен/45градуске шейін немесе60-тан аз/ сипатталатын, аспалы беткей жатаған беткейді көлбей көмкерген жыртылып-ажырау құрылымы ол тау жыныстарының қатты сығылуы нəтижесінде қалыптасады.
Брахи қатпарлар- тақия пішіндес қатпарлар. Б. брахиантиклин жəне брахисинклин болып екі түрге бөлінеді. Брахисинклин- синклинді иілім түрі. Иілім қанатының жиектерінен жамырай шашыраған тақташа еңістігі сол иілімнің құлпына сəйкес келетін ортаңғы нүктеде тоғысады.
ГГГГГГГГГГГГГГГГГГГГГ
Геологиялық картаның анықтамасы, масштабына байланысты түрлері
Геологиялық карта дегенiмiз - топографиялық негiзi бар жер қыртысының белгiлi бiр ауданының геологиялық құрылысын берiлген масштабта шартты белгiлер арқылы бейнелеу. Картада ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қасиеттерiн көрсетуге болады. Геологиялық карталар масштабына байланысты шолу масштабты, ұсақ масштабты, орта масштабты, iрi масштабты жəне дəлдiктi болып төрт типке бөлiнедi.Шолу масштабты карталар(1:1 000 000 ұсақтары) Ұсақ масштабты карталар (1: 1000 000-1:500 000) Орта масштабты карталар (1:200 000-1:100 000) Iрi масштабты карталар (1:50 000-1:25 000) Дəлдiктi масштабты геологиялық карталар (1:10 000 жəне iрiлерi)
Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
Бiр карта көлемi негiзiнде ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қасиеттерiн көрсетуге болады. Геологиялық карталар мiндетi пайдалы қазындылар жəне арнайы карталар болып бөлiнедi. Геологиялық карталар мазмұнына байланысты төрттiк шөгiндiлер, литолого-геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, пайдалы қазындылар, пайдалы қазбаларды болжау жəне т.б.болып бөлінеді. Төрттiк шөгiндiлер картасында төрттiк жыныстар түпкiлiктi жыныстардан бөлек бейнеленедi. Мұнда олар жасы, тегi жəне құрамына байланысты көрсетiледi. Литолого-геологиялық картада жасына қарай боялған, өзiндiк жасты жыныстар көлемiнде, штрихпен олардың құрамы да көрсетiледi. Ондай картаның бiр түрi-петрографиялық карта.Тектоникалық картада құрылымдық пiшiндердiң əр түрлi категориясы мен жастары шартты белгiлер арқылы көрсетiледi. Олар жалпы жəне аймақтық болып бөлiнедi. Геоморфологиялық картада шартты белгiлер мен жер бедерiнiң негiзгi түрлерi мен жеке элементтерi, жасы жəне тектерi есепке алына бейнеленедi. Бұл картаның негiзi ретiнде топографиялық карта мен төрттiк шөгiндiлер картасы пайдаланылады. Гидрогеологиялық карта - сулы қабаттардың жасы, тегiне, құрылысына қарай жеке топтарға бөлiнiп түрлi түстi бояумен бейнеленедi.Инженерлiк-геологиялық картада жасы мен құрамы бейнеленген жыныстардың физикалық қасиеттерi түрлi түстi бояулар мен штрихтар көмегiмен көрсетiледi. Пайдалы қазындылар картасы геологиялық картаға əртүрлi форма жəне түстi шартты белгiлермен осы ауданда таралған пайдалы қазынды кен орындары, минерализация көздерi, учаскiлерi көрсетiледi. Пайдалы қазбаларды болжау картасы - геологиялық немесе тектоникалық карталар негiзiнде, жеке минералдық шикiзаттар немесе олардың комплекстерi үшiн жасалынады. Мұнда олардың таралуы мен болашағы көрсетiледi.