
- •Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •Антиклинорий мен синклинорий
- •Антеклиза, синеклиза
- •Ббббббббббббббббббб
- •Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •Геосинклиндерге сипаттама
- •Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •Географиялық үйлесімсіздіктер
- •Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •Көне және жас платформалар
- •Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •Қабат және оның элементтері
- •Қабаттылықтың түрлері
- •Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері
- •Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •Метаморфты қабаттарды стратиграфиялық бөлшектеу
- •Метаморфты жыныстардың сыртқы пішіндері
- •Мұхиттық рифтер
- •Платформалардың негізгі белгілері
- •Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
- •Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •Трансгрессивті жатыс типтері
- •Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •Трансформдық жатылымдар
- •Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
Үйлесімсіздік жазықтығы шекаралары кəдімгі қабаттар арасындағы шекаралардан өзге, өзіндік белгілермен ерекшеленеді. Оларға үйлесімсіздіктің мынадай белгілерін жатқызуға болады:1. Əдеттегі қабаттасу беттерінен өзге, үйлесімсіздік жазытықтары беттерінде кедір-бұдырлардың, үгілу іздерінің болуы; 2. Əртүрлі жасты свиталар арасындағы бұрыштық үйлесімсіздіктер; 3. Астыңғы жэне үстіңгі қабат фауналарының жас аралық өзгешелігі; 4. Метаморфизмінің əртүрлілігі жəне оларда желілі түзілімдердің жиі кездесуі; 5. Теңіздік шөгінділердің кенеттен континеттікке алмасуы немесе керісінше; 6. Үйлесімсіздік жазықтың беттерінде əртүрлі үгілу іздерінің (мору қыртысының пайда болуы) сақталуы.7. Үйлесімсіздікпен бөлінген қабаттар арасында интрузивтік пен желілік жыныстардың белгілі типтерінің кездесуі.
Үйлесімсіздіктердің геологиялық картада бейнеленуі
Үйлесімсіздіктердің геологиялық картада бейнеленуі: 1. Əртүрлі қат қабаттар шекараларының бір-біріне кіріге түйісуі; 2. Параллелдік үйлесімсіздік жағдайында қимадан жекеленген стратиграфиялық бөлімшелердің түсіп қалуы; 3. Геологиялық картаның стратиграфиялық бағанасында толқынды жəне сынықты сызықтармен көрсетілуі.
Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
Үйлесімсіздік беттері əртүрлі пішінді болып келеді. Олар тегістелген бет немесе көне көмілген жер бедерінің ой-қырларының биіктік деңгейлері, аз қашықтықта жиі өзгеріп отыратын жазықтық беті түрінде байқалады. Мұндай ойлы-қырлы жер бетінде шөгінделген қабаттар өзіндік ерешеліктерімен сипатталады. Олардың ішінде жиі тарағандарына каптай жамылу жəне жанаса орналасулар жатады. Қаптай жамылу үгілген таужыныстар бетін кейінгі жыныстар жалпағымен жаба орналасады. Жер бедерінің күрт әр түрлі жағдайында ойысты телімдер жас таужыныстарымен толады. Мұнда тік еңістер көлемінде қабаттар параллельді және үйлесімсіз жанаса орналасулар болып бөлінеді.
ШШШШШШШШШШШШШШ
Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
Таужыныстарының жасы, құрамы жəне тегi геологиялық карталарда шартты белгiлер көмегiмен көрсетiледi. Шартты белгiлер үш түрлi болады. Түрлi түстi бояулар – шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстардың жасын, ал интрузивтiлердiң құрамын бейнелеу үшiн қолданылады. Картада олар əр түстілігімен, индекстерімен, штрихтарымен ажыратылады. Əр түрлі жасты таужынысының өзіндік түсі болады. Олар стратиграфиялық шкалаға сай болуы керек. Əріпті-сандық белгілер – таужыныстар жасы мен тегін, ал интрузивті, кейбір вулканогенділер үшін құрамын көрсетеді. Бөлімдерді индекстеу стратиграфиялық шкалада берілген. Шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстарды картада белгiлейтiн индекстер кiшi жəне үлкен латын грек əліпбиінің əрiптерiнен жəне цифрлардан тұрады. Штрихты белгiлер - таужыныстар құрамын, ал бiртүстi геологиялық карталар үшiн қосымша жасы мен құрамын да көрсетедi. Қосымша шартты белгілерде горизонтальдар, жарылымдар, жатыс түрлері,геологиялық шекаралар бейнеленеді. Шартты белгілер картаның оң жағында орналасады. Карта мен шартты белгі арасы 1см болуы керек. Бірінші әріпті-сандық, түсті белгілері орналасады, одан кейін штрихты белгілері, соңынан қосымша белгісі орналасады.
ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ
Флексуралар мен олардың элементтері
Қатпарлардың тізе тəріздес иілуін, баспалдақ тəріздес орналасуын флексура деп атайды. Тік бағытты қималарда флексуралардың:: жоғары немесе көтеріңкі қанаты; төменгі немесе астыңғы қанаты; қиылыстырушы қанаты; қиылыстырушы қанат құлау бұрышы;жылжыған қанаттың тік бағытты амплитудасы сияқты элементтері бөлінеді. Көлбеу орналасқан таужыныстарда флексуралар үйлесімді жəне үйлесімсіз болады. Үйлесімді флексураларда оның үш элементі де бір жаққа бағытталады, ал үйлесімсізде жоғарғы жəне төменгі қанаттары бір жаққа, ал қиылыстырушы қанаты бір жаққа бағыттала орналасады. Флексуралар екі топқа бөлінеді. Біріншіге шөгінделіну процесінен кейін дамыған флексуралар, екіншіге – шөгіндітүзумен бірге дамыған флексуралар жатады.
ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ
Экзогендік геологиялық процестер
Экзо (сыртқы) яғни жер бетінде және жер қыртысының жоғарғы қабаттарында атмосфера, гидросфера, биосфера қабаттарымен тығыз байланысты жүретін процестер. Экзогендік процестер төрт топқа бөлінеді: үгілу; денудация-үгілу өнімін тасымалдау, яғни орын ауыстыру; аккумуляция –шөгінділердің шоғырланып жиналуы; диагенез –шөгінділердің тасқа айналып қату процесі.
Эндогендік геологиялық процестер
Эндо(ішкі) эндогендік процестер жер қойнауында, яғни жер қыртысы не мантиясында жүретін процестер. Эндогендік процестерге: жер қыртысының тектоникалық қозғалысы; магматизм (магманың тау жынысқа дейін айналу процесі, өте күрделі процес); метаморфизм жатады.
Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
Эффузивті жыныстар жер бетіне, су астына лава деп аталатын— сұйық вулкан(жанартау) өнімдерінің төгілуінен пайда болады. Жанартау материалдарын атқылау аппараттары үш түрге бөлінеді: орталық, жарақтық жəне ареальдық. Ареалдық (лат . Агеа аудан, кеңістік) типті атқылауларда жанартауаппараттары бей-берекет орналасады, ал бөлініп шыққан өнімдер бір бірімен қосылып үлкен ауданды жауып жатады. Орталық типтес атқылау кезінде қабатты тік немесе жайдақ конус тəрізді- стратовулкандар пайда болады. Эффузивті атқылаулар кезінде негізгі жəне қышқылды құрамда лавалар бір қалыпты төгіліп əр түрлі пішінді жамылғы мен тасқынды денелер түзеді.