
- •Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •Антиклинорий мен синклинорий
- •Антеклиза, синеклиза
- •Ббббббббббббббббббб
- •Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •Геосинклиндерге сипаттама
- •Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •Географиялық үйлесімсіздіктер
- •Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •Көне және жас платформалар
- •Қққққққққққққққққққққ “Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •Қабат және оның элементтері
- •Қабаттылықтың түрлері
- •Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •Метаморфтық жыныстардың жасын анықтау әдістері
- •Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •Метаморфты қабаттарды стратиграфиялық бөлшектеу
- •Метаморфты жыныстардың сыртқы пішіндері
- •Мұхиттық рифтер
- •Платформалардың негізгі белгілері
- •Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
- •Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •Трансгрессивті жатыс типтері
- •Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •Трансформдық жатылымдар
- •Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
Жер қыртысының қабаттарында кеңінен таралған бұзылып, жарылған тау жыныстары құрылымына жарықтар жатады. Жарықтардың кішігірім жер бөлігінде /учаскесінде/ таралған жиынтығын жарықшақтар дейміз. Олар жарықтардың жиі орналасуымен, кеңістікте таралуымен, байқалу мүмкіншілігімен /дəрежесімен/, шығу тегімен ерекшеленеді. Жарықшақтық дербестелмеген ішкі құрылысына байланысты жазықта бөлінуімен ажыратылады. Геометриялық жіктелуі. Құлау бұрыштарына байланысты жарықтар тік (<80-90), шұғыл (45-80), жайдақ (10-45), көлбеу немесе жазықты (0-10) болып бөлінеді. Ал қабаттылық өте жақсы байқалатын немесе қабаттылығы онша емес, бірақта анық жіктастылық текстурасы бар шөгінді мен метаморфты жыныстарда төмендегі жарықтар түрлері бөлінеді: а) көлденеңді - планда кабаттылық пен жіктастылықты.Генетикалық жіктелуі бойынша жарықтар мынандай түрлерге бөлінеді:а)Тектоникалық емес жарықтар: алғашқы жарықтар; үгілу жарықтары;сырғымалар, көшкіндер мен ойық жарықтары; қысымнан босаған кезде ұлғайған жарықтар.б)Тектоникалық жарықтар: қабат бір тұтастығы бұзылғандағы жарықтар (үзілген жəне уатылған жарықтар); кливаж.
Трансгрессивті жатыс типтері
Жеке қабаттар арасындағы байланыс жəне олардың өзiнен бұрын қалыптасқан, ортасымен қарым-қатынастылығына қарай шөгiндi жыныстар жатысы: трансгрессивтi, регрессивтi,миграциялық сияқты үш түрге бөлiнедi. Осылардың iшiндегi ең кең тарағаны трансгрессивтiсi. Ол жер бөлiгiнiң ұзақ уақыт ойыстанып төмендеуiнен соң салыстырмалы тез көтерiлуi нəтижесiнде пайда болады. Мұнда көне шөгiндiлердiң үлесi өздерiнен соң қалыптасып бүкiл ауданды қамтыған жас шөгiндiлерге қарағанда, аз көлемдi болып келедi. Сөйтiп ойыстар мен иiндi ойыстардың орталық бөлiктерiнде жас шөгiндiлердiң көнелер үстiне бiрте-бiрте шөгiнделуiн байқаймыз. Ойыстардың шеткi жақтарына қарай оның табанына қабаттардың төменгi бөлiктерi емес жоғарғысы орналасады, ал, бұл жағдай көне негiздер үстiне жас жыныстардың бiрден орналасуына əкеп соғады.
Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
Топталған лықсымалар мен ысырмалар.Лықсымалар мен ысырмалар көлемді аймақты қамтыған жүйелі топтар күйінде де кездеседі. Лықсымалар мен ысырмалар арқылы бөлініп ауысқан тау жыныстары блоктары грабендер жəне горстер деп аталады. Грабендер (нем. - ор, шұңқыр) лықсымалар немесе ысырмалардан пайда болған, ортаңғы бөлігі төмен түскен, көтеріңкі шеткі бөліктеріне қарағанда жас таужыныстарынан тұратын құрылымдар. Сөйтіп грабендер жарықтар арқылы ортаңғы бөлігі шеткі бөліктерімен салыстырғанда төмен түсуімен сипатталады. Грабендер жай жəне күрделі болып бөлінеді. Жай грабен екі лықсыма немесе ысырмадан, ал күрделісі көптеген жарықтардан құрылады. Қосымшаланған грабендер бұрын пайда болған, көбінесе қатпарланған, интрузия кіріккен таужыныстары қабаттарында дамиды. Мұндай грабендер бұрын пайда болған құрылымдар үстінде шөгінді түзілуі мен қатпарланудан кейін қалыптасады. Олардың орталық пен шеткі бөліктерінің қабаттарының қалындығы бірдей болып, құрамы мен фациясында өзгеріс болмайды. Шөгінді түзілуімен қатар пайда болған грабендер біршама күрделі құрылысты болып келеді. Горстер (нем. - төбе, қырқа) Лықсымалар немесе ысырмалардан пайда болып көтеріңкі орналасқан ортаңғы бөлігі, шеткі бөліктеріне қарағанда көне тау-жыныстарынан құралған құрылымдар. Сөйтіп горстердің айырмашылығы оның ортаңғы бөлігі көтеріңкі, шеткі бөліктері түсіңкі келеді.