Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геология Сая (алфавитный порядок-изм).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.28 Кб
Скачать

АААААААААААААААААААА

Ассимиляция

Ассимиляция- магманың алғашқы құрамының өзін қоршаған сыйыстырушы таужыныстарды балқытып, ерітіп олармен қосылуынан өзгеруі. Ассимиляция болған-болмағандығы(əрекеті) интрузиядағы ксенолиттер табылуы мен сыйыстырушы жыныстарда магма инъекцияларының калың тораптарының болуы арқылы білінеді. Көпфазалы интрузияларда алғашқы пайда болғандардан кейіннен түзілген жас интрузиялардың қиып өтуі, кірігуі байқалады. Көпфазалы интрузияларды анықтау белгілеріне ірі немесе ұсақ дəнді құрылымдар, сызықтық, жолақтық, инъекциялар, апофизалар пайда болуы жатады. Мұнда алдымен негізгі фазаны анықтау қажет, əрбір фазамен гибридтену ассимиляциялау, дифференциация құбылыстары байланысты болуы мүмкін екендігін ұмытпаған жөн.

Ажыраулар ( құрылысы, тегі)

Ажыраулар - қанаттарының жылжуы ажырау жазықтығына (бетіне) перпендикуляр өтетін үзіліп жылжыған қабаттар.Ажыраулар кезінде қанаттар арасындағы ашылған кеңістіктер көлемі артады. Ажыраулардың амплитудасы ажырау бетіне перпендикуляр өлшенеді.Оның мөлшері əртүрлі болып келеді, кейбір жағдайда ондаған метрге жетеді,ал көбінесе, бірнеше метрден аспайды. Ажырағанда пайда болған кеңістіктер əдетте, таужыныстары мен минералдарға толады. Ажыраулар үзілу бетіне перпеңдикуляр бағытталған созылу күштері əсерінен пайда болады.Олар төменгі қабаттардан көтерілген суықтармен толып дайкалар түзеді.Кейбір жағдайларда ажыраулар қуысы жоғарыдан төмен түскен түйіртпектермен толады. Оларды класикалық дайкалар дейді.

Антиклинорий мен синклинорий

Əлемдік мұхитты геологиялық-геофизикалық пен морфологиялық зерттеулер нəтижесінде мұхит түбінде үзілмейтін таулы құрылыс жүйесі — мұхиттың орта жоталары болатындығы дəлелденді. Мұхиттің орта жоталары құрлықтың жүйесімен ұқсастығы мен біршама айырмашылықтары бар болса да орогендер деп аталынды. Ороген дегеніміз, тектоникалық, магмалық сейсмикалық белсенді биік таулы жəне қаурыт дараланған бедерімен созылған тау жүйесі. Орогендерде континенттік пен мұхиттық, ал алғашқылары ішінде эпигеосинклиндік, эпиплатформалық түрлерге бөлінеді. Орогендер де геосинклин тəрізді қозғалмалы құрылымдарға жатады. Орогендердің негізгі құрылымдарына антиклинорий мен синклинорий жатады.Антиклинорий — антиклин құрылысты өте күрделі иілімдер бірлестігіне құрастыратын, ауқымы біршама ірі құрылым. Ол жер бедері ядросында қанаттарына қарағанда, көне жыныстары орналасатын тау жотасы түрінде байқалады.Синклинорий — синклин құрылысты күрделі қатпарлы құрылым. Жер бедерінде ойыспен немесе тау жотасымен байқалады, бірақта ядросында қанаттарына қарағанда, жас тау жыныстары орналасады. Синклинорий тау аралық ойыстарда түзіледі.

Антеклиза, синеклиза

Көне платформалар өздерінің қазіргі таңдағы көрініс беру ерекшеліктеріне қарай қалқандарға және тақталарға жіктеледі. Тақталар, өз кезегінде, антеклизалар мен синеклизаларға жіктеледі. Антеклизалар - ( гректің « анти » – « қарсы », « клино » – « көмпейтемін » деген сөздерінен ) көне платформа тақтасының мейілінше, ірі бөлігі. Антеклизаның кристалдық іргетасы бетін көмкеріп жататын шөгінді тыс негізінен саязсулы теңіздерде немесе континент жағдайында қалыптасқан шөгінділерден құралады. Антеклизалардың кристалдық іргетасы алуан түрлі терең жарылымдармен тілгіленген түрде болады, осы жарылымдар арқылы оқшауланған бөліктердің сол жарылым бойымен тік бағытта (жоғары қарай) қозғалу дәрежесі әртүрлі болғандықтан аталған іргетас беті кедірлі-бұдырлы сипатты иелене отырып, әртүрлі көмпимелер мен күмбездер (поднятия и своды) жиынтығын құрайды. Синеклизалар – аздап сопақшаланған немесе теңөлшемді (дөңгелек) пішінмен сипатталатын, көлденеңі жүздеген км -мен өлшенетін теріс мағыналы (түсіңкі) платформалық құрылым. Бұлар көне платформаның нақтылы аймағының жаймен ғана төмен қарай ойысуы нәтижесінде қалыптасады.

Архей AR кезеңі :жоғары(Лопийлік) және төменгі (Саамдық) болып бөлінеді. Картада белгілену түсі қызғылт.

Авлокоген(грек. Авлок– жосылма; жырынды:генезис-жаралу тегі)-платформа іргетастарын тікелей тіліп өтетін терең жарықтармен шектелген мейлінше ұзын да енсіз қозғалмалы ойыстар. Оның ұзындығы жүздеген км-мен өлшенуі мүмкін, ені ондаған км-ден аспайды.

Ажыраулар- жарық қапталдары бір-біріне қарама-қарсы бағытта жылжи түсуі салдарынан сол жарықтың кеңейе түсуімен сипатталатын жыртылу пішіні.

Аллохтон- нақтылы күштер əсерінен өзінің алғашқы түзілу аймағынан көлбеу беткей бойымен жазық бағытта жылжып кеткен тау жыныстарының кешені. Аллохтондар тектоникалық бүркемелер деп аталатын құрылымдардың басты бөлігі болып есептеледі, олардың жазық бағытта жылжу амплитудасы ондаған, тіпті, жүздеген км-ге жетуі мүмкін.

Антеклиза /грек. Анти-қарсы, епклино-көмпейтемін/ - мейлінше ірі /аудан60-100 мың км-ден астам/ платформалық көмпиме құрылым. Көмпиме қанаттарының құлау бұрышы бірнеше градустан аспайды.

Антиклин /грек. Клино-еңкейтемін/ - шөгінді, эффузивті немесе өзгерген жыныстар бірлестігіне тəн қат-қабаттардың жатыс пішіні. Жымдасқан қабаттар жиынтығының бірлесе иілуі нəтижесінде антиклинальды иілімдер дөңес пішіндер түзеді. Иілімнің, өзегін, яғни оның ішкі өңірін құрайтын

қабаттар сыртқы өңірдегі, яки иілім қанаттарындағы жыныстардан көнелеу болуы шарт. Нақтылы иілімнің иілу нүктесі иілім құлпы деп аталады, ал осы иілім жүйесінің құлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша қосқан жағдайда пайда болатын шартты сызық иілім айдары деген атауға ие.

Антиклинорий /грек. Орос-тау/- геосинклинальдар жүйесінің əртүрлі иілімдер бірлестігін қалыптастыра отырып көтерілуі нəтижесінде түзілетін, құрылысы өте күрделі, ауқымы біршама ірі/жүздеген км-ге сағаланады/, жалпы пішіні антиклинальды болып келетін құрылым атауы.

Аспалы беткей- желегі мен табаны бір-біріне шамамен параллель орналасқан жалпақ геологиялық денелердің(тақташалардың, линзалардың, желілердің, сығылмалардың т.с.с) төменгі жазықтығы.

Аспалы қанаты- жыртылып–ажырау құрылымдары элементтерінің бірі; жазық бағытқа көлбеу қиғашталған жыртылу жігінің үстіңгі өңірінде орналасқан тау жыныстарының жиынтығы.