Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ОСНОВЫ ФАРМАКОЭКОНОМИКИ 4 курс Фармация ка...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Силлабус

Пән: Фармацияның экономикасы және басқарылуы

Мамандық: 051103 – «Фармация»

Модуль: Фармацевт- менеджер

Курс: 4 Семестр: 7, 8

Дәріс: 30 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақтар: 90 сағат

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ): 56 сағат

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ): 184 сағат

Барлығы: 360 сағат (8 кредит)

Бақылау формасы: емтихан

Алматы, 2014 ж

Силлабусты Жұмыс бағдарламасына сәйкес «Фармацевт- менеджер» модулінің доцент Шопабаева А.Р. және оқытушы фармация магитрі Бактыбаева М.Р. құрастырды, модуль мәжілісінде талқыланды және бекітілді «____»____________2014 жыл, хаттама №.

Модуль жетекшісі, доцент Шопабаева А.Р.

1.Жалпы мәліметтер

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль - Фармацевт- менеджер

Пән - Фармакоэкономика негіздері

Мамандық - 051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі - 2 кредит (90)

Оқу курсы және семестрі - төртінші курс; 7, 8 семестрлер

Кафедра оқытушылары туралы мәлімет:

№№ р/н

Ф. А. Ж.

Қызметі

Дәрежесі

1.

Шопабаева А.Р.

доцент

к.фарм.н.

2.

Бактыбаева М.Р.

оқытушы

магистр

3.

Мусабек Г.К.

оқытушы

магистр

4.

Сералиев М.С.

оқытушы

магистр

5.

Кеукенова Ж.К.

оқытушы

магистр

6.

Жалдыбаев К.К

оқытушы

Ақпарат

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр к-сі, 94, № 2 оқу корпусы, екінші қабат.

Телефондар:

Пәннің саясаты

Студент міндетті:

  1. Дәріске, практикалық сабақтарға кешікпей келуге және халатпен қатысуға.

  2. Сабақты себепсіз қалдырмауға (ауруы бойынша ...), жіберілген сабақтарды өтеуге деканаттан берілген рұқсатты көрсетуге.

  3. Жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген белгілі бір уақытта өтеуге.

  4. Практикалық сабақтардың барлық тапсырмаларын талаптарға сәйкес рәсімдеуге және орындауға.

  5. Барлық жұмыс түрлерін белгіленген мерзімдерде тапсыруға.

  6. Үлгерімі, сабаққа қатысуы төмен болғанда, егерде студент келесі курсқа ауыстырылмайтын жағдай болғанда, оның жіберілген пәнді демалыс кезінде ақылы негізде өтеуге құқы бар.

2.1 Кіріспе

Фармакоэкономика – бұл заманауи қолданбалы ғылым, ол медицинаның, фармацияның, клиникалық фармакологияның және денсаулық сақтау экономикасының әдістерін кешенді қолдану жолымен пайда болды. Ол экономикалық бағалау әдістерін тікелей медициналық технологияларға қатысты қолдануды ұсынады.

Фармакоэкономиканың негізгі мәнін жеке тұтынушының да, толығымен мемлекеттің де қаржысын рационалды жұмсау мақсатымен денсаулық сақтау саласындағы шығындардың тиімділігін талдауға мүмкіндік беретін әдістемелік ыңғайлар құрайды. Емдеудің соңғы нәтижелерін есепке алу фармакоэкономиканы медицина мен фармацияның әдеттегі қалыпты эконмикасынан түбегейлі ерекшелендіреді.