Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ОСНОВЫ ФАРМАКОЭКОНОМИКИ 4 курс Фармация ка...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.51 Mб
Скачать

3 Тақырып. Медициналық және медициналық емес шығындардың жіктелуі

Анықталған этаптағыдай белгілі бір аурулармен байланысты және барлық этаптағы медициналық көмекті, сонымен қатар еңбекке қабілетсіз және өлім алдындағы уақыттағы барлық шығындарды есептеу тәсілдерін үйрену. Бұл талдау қазіргі медицинаның қуаттылығымен салыстыруға келмейді, нақты бір аурумен ауыратын науқасты тәжірибе жүзінде уйренуге қолданылуы мүмкін және белгілі бір тапсырманы орындауға қолданылады, жоспарланған шығын сияқты, және медициналық кепілдік пен денсаулық сақтау жүйесіндегі субъектілердің арасындағы өзара есептеулердегі тарифтерді анықтауда қолданылады.

Тура, тура емес, қосымша және белгісіз (материалдық емес) шығындар деп есептеледі:

        • Тура медициналық шығындар, мысалы:

  • Диагностикадағы шығындар, емделудегі, қалыпты және профилактикалық медициналық қызметтер, манипуляция және процедура (шара), соның ішінде уйге барып көмек көрсету (жұмыс уақытындағы медициналық қызметкерлердің жалақысы):

  • Дәрілік заттарға шығындар;

  • Ауруханада жатқан науқасқа берілетін шығындар;

  • Науқасты алып келуге арналған көліктерге бөлінген шығындар;

  • Медициналық қондырғыларды қолданудағы төлемдер мен аумаққа және заттарға және т.б (бюджет есебінен бөлінетін жүйелі шағындар);

        • Тура медициналық емес шығындар:

  • Науқастың қолма-қол шығындары (мысалы-медициналық мекемелердегі қызмет көрсетулерге төленетін төлемдер);

  • Науқастың уй жағдайындағы, медициналық емес қызмет көрстеулердегі шығындар;

  • Науқасты ауыстырудағы шығындар (жеке көлігімен, қоғамдық-санитарлы емес көліктермен);

        • Қосымша шығындар:

  • Алдын ала нуқастың сырқатына байланысты жұмыс орнында болмауының шығыны немесе мүгедек болуы, жұмысқа қабілетсіз деген қағазға төленетін төлемді қоса есептегендегі шығындар,мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақы және де басқа да жәрдемақылардың берілуі бұның бәрі құқық органдарының тексерісінен кейін ғана беріледі.

  • Оның сырқатына байланысты жұмыс орнында «бағалы» уақытты отбасы мүшелеренің немесе достарының болмауы;

  • Жұмыс орнындағы өндірістік төмендеулерге байланысты экономикалық шығындар;

  • Өлім алдындағы уақыт аралық экономикалық шығындар;

        • Материалдық емес (белгісіз) шығындар-ауруға байланысты шығындар, емделу барысында болатын уайымдауларда, өзін жайсыз сезінгенде пайда болатын шығындар. бүгінгі таңдағы қиындықтардың нақты сандық өлшемдері ақшалық мәндері талдаулардың қорғаны ғана болып табылдаы.

«Пайдалы шығындардың »талдауы мына жағдайда ғана қарастырылады, қосымша медициналық кедергілердің көрсеткіштері бірдей болған жайдайда. Мақсаты қажетті вариантты таңдау, аз коэффициенттегі шығын пайдалы болып келдеі.

Бұл тәсіл болжамдауға негізделген. Бұл жағдайда барлық шығындар барлық медициналық қызмет көлемімен салыстырылады, емделудің әртүрлігіне және клиникалық әсеріне байланысты.

Бұл тәсілге жетудің екі жолын қолданады:

  1. Шығын әсерінің меншіктік коэффициентін анықтау:

  2. Кeff = Сost : Eff,   (1)

Соst – бағалар шығыны; Еff- әсерлілік;

Әсер ету бірлігіне клиникалық параметрлер (артериалдық қысымынң деңгейі, гемоглабин) қабылданады, және «қалған өмірінің жылдарының» көрсеткіштері.

Шығын әсерінің коэффициенті Кeff барлық қосымшалардың араласуымен есептеледі. Егерде әсерлілік коэффициенті нольге тең болса (Eff = 0), онда Кeff анықталмайды. Пайдасыз іс болған жағдайда, шығын сияқты нольден көбінесе жақсы болуын естен шығармау керек. Көбінесе әсерлілік шығын әсерлігінің аз коэффициенттегі араласу болып табылады. Егерде коэффициент мағынасы екі немесе оданда көп араласуларға сәйкес келсе , онда бағалық және әсерлілік көрсеткіштеріне қосымша талдау жасалды.

Ескерту: Өлшемді таңдау, сипатталған әсер, әдетте өз еркімен жүзеге асырылады немесе әр түрлі себептер қарастырылуы мүмкін. Мысалы, науқастың емделу кезіндегі жағдайының өзгеруі, егерде профилактикалық емделу басқа да ауру түрлеріне акеп соқтырса, онда ол теріс әсер болып табылдаы, Кeff мағынасы нольден кіші болады.