
- •Начало формы
- •Начало формы
- •Дем алу жүйесінің қүрылымы
- •Өкпе күрылымы
- •Дем түрлері
- •7. Ас корыту жүйесі
- •Ас қорыту жүйесі (қүрылымы)
- •Май, ақуыз, көмірсулар
- •Ac қорытудағы ішектің қызметі жэне ішектің түрлері
- •Жүйке жүйесінің күрылымы
- •Жүлынның атқаратын кызметі
- •Бас миының атқаратын функциясы
- •10. Эндокриндік жүйе
- •Эндокриндік жүйенің құрылымы
- •Ішкі және сыртқы секрециялық бездер
- •Гормон. Секрет.
Май, ақуыз, көмірсулар
Май. –ағздағы негізінен энергия бөлінетін өнім және плпстикалық материал. Май жасушалары мен ұлпалары құрамына кіреді. Мысалы, жасушалар қабықшасындағы ақуыз молекулаларын қоршап, олардың қозғалысына жеңілдік туғызады. Бұл жасушалардың қозу, тежелу, өткізгіштік қасиеттеріне әсер етеді. Май асқорту мүшелерінің жүйесінде глицирин май қышқылдарына ыдырайдыда , аш ішекте сіңірулердің алдында адам ағзасында тән майға айналады, аш ішектен лифаға өтеді, одан қанға түседі де, ағзаға таралады. Май маңызды энергия қоры. Ақуыз. Астың құрамындағы ақуыз ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпыны келтіруге негіз болып табылады. Ақуыздан жасушалар мен ұлпалар құралады және ферметтер мен кейбіргормондар түзіледі. Жасушалардың орнына басқа заттар (майлар, көмірсулар ) колдана алмайды. Ақуыз асқорту мүшелері жүйесінде аминқышқылдарда дейін ыдырайды және ол аш ішектен қанға өтеді.
Көмірсулар құрамына көміртегі, сутегі және оттегі атомдары кіреді. Жасушалар құрамында күрделі органикалық қосылыстар 1% мөлшерінде болады. Көмірсулардың қарапайымы – моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклин қышқылдары мен АТФ-ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады. Моносахаридтер – суда жақсы еритін жағымды, тәтті дәмі бар түссіз заттар.
Ac қорытудағы ішектің қызметі жэне ішектің түрлері
Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.
Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бу йен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады.
Тоқ ішекте өте көп бактериялар (өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы.
8. Зәр шығару жүйесі
8.1. Зэр шығару жүйесінің күрылымы
Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.
9. Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің күрылымы
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.