Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 семестр - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆
  1. Дем алу жүйесінің қүрылымы

Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Тыныс алу мүшелері:

Мұрын қуысы

Кеңірдек

Көмекей

Өкпе

  1. Өкпе күрылымы

Өкпе  – адам мен жануарлардың тыныс алу органы. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар жүйесі тармақты ауатамыр түзеді, бөліктік ауатамырлардың ұшындағы тармақтары ауатамыршаларға (бронхиолаларға) бөлініп, тыныс алу бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары көпіршікті жолдар түзеді де, оның ішінде өте көп майда көпіршіктер (альвеолдар) болады

  1. Дем алу механизмі

Дем алған кезде көкірек қуысы арттан алға қарай, екі бүйірге және жоғарыдан төмен қарай үлкейеді. Арттан алға қарай және екі бүйірге көкірек клеткасының ұлғаюы сыртқы қабырғааралық еттердің жиырылуынан қабырғалармен төс сүйегінің көтерілуі нәтижесінде орындалады.  Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы – шеміршекті және сыртқы-сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналарынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы әрдайым ашылып тұрады. Кеңірдек сақиналарының саны мойынының ұзындығьша байланысты. Жүректің жоғарғы тұсыңда кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

  1. Дем түрлері

Суда еріген оттегіні олар денесін қаптаған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай  түрі н диффузиялы тыныс алу деп атайды. Жануарлар организмінің күрделенуімен байланысты олардың жұтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңлаулары пайда болады да, желбезекпен тыныс алу түрі  қалыптасады. Өкпенің екі түрі болады - диффузиялық және  желдетпелі. Оның алғашқы түрінде газ алмасу диффузия арқылы атқарылады. Мұндай өкпелер шағын жәндіктерде (өкпелі моллюскалар, шаяндар, өрмекшілер) кездеседі. Желдетпелі өкпе құрлықты мекендейтін омыртқалыларда болады.

7. Ас корыту жүйесі

  1. Ас қорыту жүйесі (қүрылымы)

Ас қорыту жүйесі  - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу,қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік түрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.