Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 семестр - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214.02 Кб
Скачать

Дене тәрбиесінен теориялық курс студенттеріне арналған сұрақтар

1.1. Жасушаның құрылымы

Жасушаның құрылысы

Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, өзддгінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзанын даму үдерісінде жасушалар мен жасушааралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.

Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos - жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.

Адам денесі жасушаларының пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі аткаратын қызметіне байланысты. Мысалы, канның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар - жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар - лимфоциттер.

Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.

Тін жэне оның түрлері (ткань)

Тін (лат. textus, грек. hіstos), биологияда – адам мен жануар организмінде болатын, шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жүйесі. Тіннің құрамына клетка тіршілігі өнімдері – жасушааралық заттар мен құрылымдар да кіреді. Тін біржасуша жануарларда ғана болмайды. Губкаларда да тін толық жіктелмеген. Ішек қуыстылардан бастап тін айқын жіктелген. Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай 4 топқа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке) бөледі. Эпителий тіні терінің сыртқы қабатын, ішкі органдардың ішкі қабатын және организмдегі бездерді құрайды. Олардың жасушалары бір-бірімен тығыз әрі жанаса орналасып, қорғаныштық қызмет атқарады, организмде су мөлшерінің қалыпты болуын, зат алмасуды реттеуге қатысады. Дәнекер тін барлық тінді біріктіріп тұрады. Оған сүйек, шеміршек, сіңір, қан, лимфа, май және тін сұйықтығы жатады. Тығыз талшықты, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, т.б. болып бөлінеді, тінге мықтылық қасиет береді, сіңір мен терінің ішкі қабатын түзуге қатысып, тіректік, қоректік және тасымалдау қызметтерін атқарады.

Бұлшық ет тіні организмдегі бұлшық еттерді түзіп, қимыл-қозғалыс қызметін атқарады, яғни оларға тән қасиет – жиырылғыштық. Бұлар көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүректің бұлшық ет тіні деп бөлінеді. Жүйке тіні нейрондар мен нейроглия жасушаларынан құралады. Оларға тән қасиет – қозғыштығы және қозу өткізгіштігі болып саналады

Мүшелер жүйесі

і (система органов); (systema organum, лат. systema — жүйе, грек, organon - мүше, ағза) — құрылысы ұқсас, шығу тегі мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтерді атқаруға маманданған мүшелер тобы. Мүшелер жүйелері адам мен жануарлар организмдерінде үлкен үш топқа топталады: сомалық мүшелер жүйелері (тері жабыны, сүйектер және бұлшықеттер жүйесі), ішкі мүшелер жүйелері (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею - аталық және аналық), біріктіргіш (интеграциялық) мүшелер жүйелері (эндокринді бездер, тамырлар жүйесі, жүйке жүйесі). Мүшелер жүйелері қызметіне байланысты аппараттарға, мысалы, тірек-қимыл аппараты (сүйектер және бұлшықеттер жүйелері) бірігеді

2.Тірек-қимыл жүйесі Сүйектің құрамы

  1. Сүйектің түрлері

  1. Адамның каңқасының атқаратын қызметі

  1. Буын, буынаралық байламдар, сіңір (қүралымы, қызметі)

Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да облады.

Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.

. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс) - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшыкеттер де қажиды.[1]

Бұлшық ет жүйесі

  1. Бүлшық ет күрылымы

  1. Бүлшық ет түрлері

  1. Қаңқа бүлшық етінің функциялары

  2. Диафрагма

  3. Арка бүлшық еті

  4. Іш бүлшық еті. Қандай бүлшық ет топтары ішкі қысымның орташа қалыпта болуына қатысады?

  5. Мойын бас бүлшық еті

Бұлшық еттің құрылысы

Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.

Біріңғай салалы бұшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.

Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады .Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу ө

Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері, қабырға аралық бұлшық еттер, көк ет, т.б. көкірек клеткасын әр түрлі қозғалысқа келтіреді. Асықты жілік пен шыбық сүйегінің бұлшық еттері, балтырдың үш басты бұлшық еті және саусақтарды июші, жазушы, саусақ аралығын ашушы және біріктіруші бұлшық еттер аяқтың басын әр түрлі қозғалыстарға келтіреді. Бұлшық еттер жұмыс істегенде организмдегі зат алмасу процесі одан сайын үдей түсіп, тамырлар арқылы келетін қан ағыны көбейеді. Бұлшық ет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (мұны бұлшық еттің жұмыстық гипертрофиясы деп атайды

Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді.. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды.  Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т.б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 –ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.

Арқа бұлшықеттері:

  1. трапеция пішінді бұлшықеттер - жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді.

  1. ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.

Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.

Іштің  бұлшықеттері

Іштің бұлшықеттері кеуде торының төменгі тесігі мен жамбас астауының жоғарғы жиегі аралыгын алып жатады. Олар іш қуысын қоршап, оның қабырғасын тузеді. Бүйір, алдыңғы және артқы бұлшықеттерді ажыратады. Іш бұлшықеттері осы аймақтың аутохтонды вентралды бұлшықеттеріне жатады. Бүйір бұлшықеттері бір-біріне қабаттасып жатқан үш жалпақ бұлшықеттерден түзіледі. Олардың сіңірлі созылмалары m. rectus үшін қынап түзіп, іштің алдыңғы жағында ақ сызық бойында қосылады.

Мойын бас бұлшық еті

Бастың бұлшықеттері шайнау және ымдау деп 2-ге бөлінеді. Шайнау бұлшықеттері төменгі жақ-сүйекке бекінеді. Бұлшықеттері жиырылғанда төменгі жақсүйек қозғалысқа келіп, тамақты шайнауға, сөйлеуге қатысады. Ымдау бұлшықеттерінің бір шеті сүйектерге, екінші шеті терінің астыңғы жағына бекінеді. Ыммен адам қуануды, ренжуді, ашуды және т.б. білдіреді. «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деген ұғым осыған байланысты айтылған. Ауыздың айналасындағы бұлшықеттер - ауызды жұмуға, көздің айналасындағы бұлшықеттер қабақты жабуға қатысады. Көздің айналасында қатпарлар пайда болып, қасты жоғары көтереді.

Мойынның бұлшықеттері бас пен мойынды бұруға көмектеседі

4. Қан айналым жүйесі

  1. Қан құрамы

  2. Эритроциттердің атқаратын қызметтері

  3. Лейкоциттердің атқаратын рөлі

  4. Тромбоциттер және олардың қызметі

  5. Иммунитет

Қан топтары (кан топтарының Сәйкес келуі)

Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан(55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады .

Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды . Эритроциттің қызметі-оттегін тасымалдайды.

Лейкоциттердің атқаратын рөлі

Қандағы лейкоциттерді кейде ақ қан түйіршіктері деп атайды. Шындығында лейкоциттер түссіз жасушалар болып табылады. Лейкоциттер 6-дан 20 мкм-ге дейінгі әр түрлі өлшемде болады және бұрыс немесе дөңгелек пошым иеленуі мүмкін. Лейкоциттердің бір өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол қарапайым бір торшалық организм – амеба сияқты еркін қозғалу қабілетін иеленеді.

Лейкоциттердің көптеген типтері болғанымен олардың бәрі ұқсас қызмет атқарады. Олар қанда болып ауру тудыратын бөгде заттардан, организмдерден және антигендерден қорғайды.

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Тромбоциттер – немесе қан пластинкалары.

Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады. Тромбоциттер қызметі: Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады; Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар; Қорғаныс – тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады; Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді; Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.

Иммунитет дегеніміз организмнің зиянды әсерлерді немесе бүлдіруші уларды қабылдамау қасиеті. Әрине бүндай қасиет организмнің жеке басының тіршілік ортасына бейімделуіне, сол ортадағы зиянды микроорганизмдер, івирустар және олар бөлетін түрлі бүлдіруші қасиеті бар заттарға қарсы түра алатындығына тікелей байланысты. Осындай өз ара байланыстың, дәлірек айтқанда күрестің нәтижесінде аса күрделі биологиялық процестер басталады. Сөйтіп, организмде қорғаныштьиқ қасиет арта түседі, оның түрлі зиянды микроорганизмдерді, вирустарды қүртатын және улы заттардың уытын жойып ыдырататын қабілеті күшейеді.. Иммунитет түзілуде бүкіл бір тұтас организм қатысады әрине бүнда басқарушы және бағыттаушы—орталық нерв жүйесі. Ауру қоздырушылар немесе вакциналар нерв системасының ұштары арқылы сарысу гамма-глобулиндерін түзетін тиісті органдарға әсер етеді. Ал бұлар жауап ретінде тиісті антителалар бөле-ді. Осыида клетка ішінде кандай іпроцестер орын алатыны жөнінде толық мағлүмат жоқ. Иммунитет пайда болуда сыртқы орта жағдайлары көп әсер етеді. Шамадан тыс қызу, салқындау немесе организмнің аса шаршауы қорғаныш заттарының түзілуін нашарлатады. Сонымен бірге иммунитөттің организмде жақсы түзілуін тамақтың нашарлығы, соның ішінде А және С витаминдерінің, фосфор және кальций түздарының жетіспеуі тежейді.

Қан топтары (кан топтарының Сәйкес келуі)

Қаны  I топқа жататын адамға тек I топтың қанын құюға болады, ал IV  топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны I топқа жататьш адамдарды өмбебап донор. Қаны IV топқа жататыңдарға барлық топ қанын құюға болады, оларды әмбебап реципиенттер дейді. Қазіргі кезде АВО жүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген — резус-факторға (Rh) ғана көңіл аударады. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қаныңда резус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Rh+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Rһ-). Теріс резус-факторлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер — антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус-факторлы қан құйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады.

5. Жүрек қан тамырлар жүйесі

  1. Жүрек (күрылымы)

  2. Митралды клапан

  3. Қан айналымының үлкен шеңбері

  4. Қан айналымының кіші шеңбері

  5. Қан тамырларының түрлері және олардың айырмашылықтары

  6. Пульс

5.7. Артериалды қасым (систолалық, диастолалық

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.

Қанайналым кіші және үлкен қанайналым шеңбері деп аталатын 2 шеңбер бойымен қозғалады.

Қан тамырларының бес түрі бар. Олар:

Күретамыр (артерия). Жүректен қанды тасиды. Жүректің әрбір

соғысында қан қысымына төтеп беретін күретамырдың жуан қабырғалары бар. Осы қабырға арқылы қан ірі ағзаларға жеткізіледі, күретамыр ол жерде былай тармақталып кетеді:

Артериолалар. Күретамырдың көшірмесі. Шаштың жуандығындай ұсақ. Олар қылтамырға бөлінеді:

Қылтамырлар (капиллярлар). Ұзындығы 1 мм-ге жетпейді. Ені мұнан да жіңішке және ұсақ. Олардың қабырғаларымен оттегі және құнарлы заттар қаннан айналадағы тіндерге ағады. Бірігіп, қылтамыр венулалар құрайды.

Венулалар. Баяу аққан қанды одан да аз қысыммен көктамырға жеткізеді.

Көктамырлар (веналар). Қанды жүрекке кері жеткізетін жұқа қабырғалы, жұмсақ тамырлар.

Әрбір уақыт аралығында денедегі қанның 66 пайызы көктамырда, 29 пайызы күре тамырда, 5 пайызы қылтамырда болады.

Кіші қанайналымда қан өкпе бойымен айналым жасайды.  Бұл қанайналым оң жақ жүрекшенің жиырылуынан басталып, одан кейін қан жүректің оң жақ қарыншасына барады. Оң жақ қарынша қанды өкпеге қарай итереді. Осы жердегі қан айналымы жүрекше – қарыншалық  жарғақ арқылы және 2 қақпақ арқылы: үш қақпақты (оң жүрекше мен оң қарынша арасында) жүрекшеге қанының сақтап қалатын қайтарулары, және өкпе күре тамырдың өкпе дiңгектен оң асқазанға қанның қайтару сақтап қалатын клапанымен.   Өкпелік өзек өкпелік капиллярларға дейін бұтақтанады, сол жерде қан оттегімен қанығады. Осыдан соң қан өкпелік вена арқылы оң жақ жүрекшеге қайтып барады.

Үлкен қан айналым шеңбері мүшелер мен жасушаларды оттегімен байытады. Сол жақ қарынша оң жағындағымен бірге қанды сол жақ қарыншаға қарай итереді. Сол жақ қарыншадан қан аортаға барады. Аорта артерияларға, әт түрлі мүшелерге барып мүшелер мен жасушалардағы  капиллярлық торлардан тоқтайтын артериолдарға бөлінеді.

Осы жердегі қан айналымы жүрекше – қарыншалық жарғақ  және аорталық қақпақ арқылы реттеледі.

Үлкен қанайналымында қан сол қарыншадан оң жақ жүрекшеге дейін, одан кейін кіші қанайналым шеңбері арқылы оң жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге дейін қозғалады.

Қанның қантамырлар арқылы қозғалысы артериялық және веналық жүйедегі қысымның әртүрлілігімен іске асады. Қанды венадан артерияға қарай айдайтын жүректің ритмикалық жұмысына байланысты қысым теңеледі. Венадағы қысым 0- ге жақын болғандықтан практикада оны артериялық қысымға тең деп алады.

Пульс Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамыр-дың соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасы-мен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арна-сы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты т а м ы р с о ғ у ы ж и і л і г і минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жа-сына, жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60 жасқа дейін тамыр соғу тұрақты. Әйелдердің та-мырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде та-мырдың соғуы да жиі болады.

Жүректің бір айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі — диастолалық кезең.

Систола кезінде ширығу (кернеу) және қанды құю кезеңдері байқалады. Ширығу кезеңі екі сатыда етеді. Олар — асинхронды жиырылу және изометриялық жиырылу. Ал қанды құю кезеңінде қанды құюдың пәрменді және баяу сатылары байқалады.

Диастола кезінде босаңсу және толу кезеңдері атқарылады. Босаңсу кезеңінде протодиастола (босаңсудың басынан жарты айшық қакпақшалар жабылғанға дейінгі мерзім) және изометриялық босаңсу сатылары болады. Толу кезеңі жылдам толу, баяу толу сатылары мен пресистоладан (жүрекшелер жиырылуымен байланысты толу) тұрады.

6. Дем алу