Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.5 Кб
Скачать

13.Өндірістің қатты қалдықтарын жою жолдарына мысал келтір.

Өндірістік қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жою және қалалық аймақтардың ластануы әсіресе саны 1 млн.-нан астам тұрғыны бар ірі қалаларда (мегаполистерде) бірден-бір мәселе болып отыр. ТҚҚ «өндірісінің» бір адамға орта нормасы 1м3/жыл (көлем бойынша) немесе 200 кг/жыл- масса бойынша. Көптеген тұрмыстық, өнеркәсіптік, радиоактивті қалдықтар, сонымен қатар құрылыс материалдарымен және пайдалы қазбалар өндірумен байланысты қалдықтар оларды пайдаланудың ерекше схемасын жасап шығаруға әсер етті - ТҚҚ сақтау полигондарын жасау. Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар қатты, сұйық немесе газ тәрізді фазалардың қоспасы болып бөлінеді. Тұрмыстық қатты қалдықтар құрамы бойынша әр-түрлі (10.1 кесте): тағам қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резина, шыны, ағаш, мата, синтетикалық заттар. ТҚҚ талдауының көрсетуінше олардың негізгі массасы органикалық компоненттерден тұрады (80%-ға дейін). Тағам қалдықтары құстарды, кеміргіштерді, жануарларды жинайды. Ал олардың өліктері ауру микроағзалардың көзі болып табылады. Атмосфералық тұнбалар, күн жылуы, қоқсықтардың жылынуы және өрт салдарынан пайда болатын жылу (сонымен қатар жерасты) ТҚҚ полигондарында физико-химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруіне әсер тигізеді. Олардың өнімі - сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химиялық қосылыстар. Сақтау үрдісінде қалдықтар басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл қалдықтар сақтау полигондарында жаңа экологоиялық қауіпті заттардың пайда болуына әсерін тигізеді. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіреді. ТҚҚ-дың ОС-ға биогендік әсерінің нәтижесінде жәндіктердің, құстардың, кеміргіштердің, сүтқоректенушілердің, микроағзалардың көбеюіне қажетті жағдай туғызады. Бұл бактериялар мен вирустардың үлкен қашықтықтарға таралуына әсер етеді.

Сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар аса үлкен қауіп төндіреді. Олар топырақ және өсімдік қабатына зиян тигізе отырып жерасты суларына және гидрографиялық желіге енетін түрлі улы заттар және қосылыстардың жоғары концентрацияларымен сипатталады. Бүгінгі таңда радиоактивті қалдықтарды пайдалану күрделі мәселеге айналуда. Бұл оларды кең пайдаланумен және тірі ағзаға зиянды және жабық әсерімен байланысты.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша ТҚҚ полигондарының айналасында жерасты және жерүсті суларының поликомпонентті ластануының, қоқсық астынан шығатын жоғары температуралы (шамамен 40-500С) улы фильтраты бар басқа табиғи орталардың динамикалық ореолдар аймақтары қалыптасуда. Фильтраттың жоғары температурасы қалдықтарда жүріп жататын экзотермиялық химиялық реакциялармен анықталады. Сондықтан бұл лас ағымдарды түрлі геохимиялық тосқауылдармен (қышқылдандырып қалпына келтіретін, сорбциялық, глеевые), гидродинамикалық қақпанмен (ағынсыз су қоймалары, көлдер, жайылмалар, батпақтар). Бірақ бұл қондырғылар бұл аудандағы жерасты суларын іріктеумен байланысты депрессиялық воронканың болмауын ескеріп, жер суларының ластанбауын қамтамасыз ету керек. Жерасты гидросферасы ластануының аса жайылған «тілдері» терең эрозиялық ойымы бар жоғарғы суағарлар бойында байқалады.Мысалы, Донбасс опырылымдарынан жаңбыр суларымен селен, кобальт, мыс алынатыны анықталған. Қатты және қауіпті қалдықтардың атмосфераның жерге жақын қабаттарына әсері жылы мерзімдерде қызу нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатынан булану кезінде немесе химиялық реакциялар нәтижесінде қоқсықтарда пайда болатын газ тәрізді қосылыстар, элементтер қалдықтарының құрамына кіретін өрт кезінде (сынап, мышьяк, ұшқыш металлдар) пайда болады. Жану кезінде диоксин, фуран, хлорланған дибензодиозон бөлініп шығады. Сондықтан Еуропаның көптеген елдерінде қалдықтарды жағуға тыйым салынған. Бұрын қоқсық болған жерде тұрғын аудандар құрылысы кезінде қалдықтарды көмген кезде пайда болатын метан немесе басқа да көмірсутектермен ластанған жайлар мен жер қабат мәселелерімен адамдар кездеседі. Соңында бұл иіс және көмірқышқыл газының көтерілген концентрациясының пайда болуына әсер етеді. Ал бұл адамдардың улануына немесе өлімге әкеледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]