Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.5 Кб
Скачать

11.Суды тазалаудың қандай әдістерін білесің?

Табиғи суларда олардың өздігінен тазару құбылысы жүреді. Бірақ бұл процесс өте жай жүреді. Өндірістік тұрмысытық қалдықтыр мөлшері салыстырмалы аз болған кезде өзендердің өздігінен тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде жүрген болар еді. Бірақ қазіргі таңда ғылыми техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің де қарқыны өте жоғарылап отыр. Сол себептен ағзынды суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр.

Ағызынды суларды оларды ластушы заттаран тазарту күрделі процесс. Олар механикалық, фихико-химиялық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Бұл әдістердің әрқайсысн таңдап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зиандалағына байланысты.

Суды тазартудың механикалық әдісі бойынша суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемі түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әртүрлі конструкциялы торлармен, су бетілік қоспалар май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

Физико-химиялық әдіс ластаушы заттардың физикалық күйін өзгертуге негізделген. Бұл әдіске коагуляция, флокуляция, флотация, ион алмасу, атсорпция, экстаркция, кері осмос, ультрофильтрация, кристалдау, дистелдеу, электролис және электродиалис жатады. Әдісте ағызынды сулардан еріген органикалық емес қосылыстар бөлініп, органикалық заттар ыдыралытады. Көбінесе электолиз қолданылады. Электолиз кезінде ағызынды сулардағы заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлініп алынады. Электроликтік тазарту электролиздер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асыралады. Ағызынды суларды электолиз арқылы тазарту әсіресе, қорғасын, мыс өнеркәсіптерімен бояғыш заттар орындарында тиімді.

Химиялық әдіс екә түрлі жолмен жүзеге асырылады: Нейтралдау және тотықтыру. Нейтралдаукезінде ағызында сулардағы қышқылдар мен сілтілерді нейтралдау үшін арнайы реагенттер қолданылса, ал тотықтыру үшін хлор және оны қосылыстары пайдаланылады. Тотықтырғыш реагенттер ретінде химиялық әдісте суды тазарту үшін хлор және оның хлор амин, хлорлы ізбес, натрий гипохлориді сияқты қосылыстары қолданылады.

Суды тазартудың биологиылқ әдісі сулардың биохимиялық және физиологиялық өздігінен тазару құбылыстарының заңдылықтарына негіделген. Суға микроорганизмдер өсіру арқылы олардың судағы органикалық және минералдық заттармен қоректенуі нәтижесәнде су біршама тазарады. Ағызынды суларды тазартудың биологиялық қондырғыларының бірнеше типтері бар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, митантенклер.

12.Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп,қорғану жолдары.

Литосфера – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалаңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы.

Литос.ң ластаушы көздері;өндірістік өнеркәсіп,коммуналдық шаруа.қ ауыл, мал шаруа.ғы,мұнай өнеркәсібі. Литос.ң құнарлылығын бұзушылар; химиялық заттар-пестицидтер, гербицидтер, тыңайтқыштар, мұнай төгілу,топырақ және су эрозиясы,топырақ шөлейттенуі.

Таиғатты қорғаудың түрлі аспектрлерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-әрекеттері қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да ластануына әкеліп соғады. Нәтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жұмыстар тау- тау болып үйілген мұнай өнімдері жиналған, т.б индустриялық далалар пайда болады. Мұндай жерлерде ештене өспейді.Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек, күкірт, молибден, мыс, мырыш т.б бар. Мұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақта қалыптасқан қатынасы бұзылады. Топырақтың ластапнуы тек қана адамның индустриялық қызметтерімен емес, сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірістің нәтижесәнде де жүреді. Топырақты едәуір ластаушы көздер- мал шаруашылық комплекстер. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондыпғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағармайларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың белсекнділігін нашарлатады.Сол сияқты минералды тыңайтқыштарды жолдардың, не егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндіру және барлау жұмыстары топырақтың түрлі жуғыш заттарымен ластануына себеп болады. Нәтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне әкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар топырақтың тұздануына себеп болады.

Көптеген жерлер тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналған қалдық үйінділерімен ластанады. Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да ластанады. Олардың химимялық тұрақты түрлері жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырқта жинақталуы және ондағы огрганизмдердің жойылуы топырақ түзілу процесстеріне әсер етіп, оның құнарлылығын төмндетеді.

Топырақты бұлардан басқа гельментті инвазиялар, потогенді микроорганиздермен ластаушылар фекалды массалар, өндірістік қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өліктері т.б болуы мүмкін. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы үлескілерде жиі байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]