- •«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат» дегенге түсінік беріңіздер.
- •Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3.(Техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «экологиялық қауіп», табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •4.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің міндеті.
- •5. Сыртқы ортаның антропогпендік ластаушылары қалайша жүйеленеді.
- •6.Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •7.Автокөліктерден шыққан газдардың құрамына қандай уландырғыш заттар бар? Оларды қалайша зиянсыздырады.
- •8.Смог деген не?
- •9 Гидросфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •10.Адамның шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістер туғызады.
- •11.Суды тазалаудың қандай әдістерін білесің?
- •12.Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп,қорғану жолдары.
- •13.Өндірістің қатты қалдықтарын жою жолдарына мысал келтір.
- •14.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі.
- •15.Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосатын әсері.
- •16.Иондаушы сәулелер,оның түрлері,сипаттамасы.
- •17. Радиоактивтілік дегеніміз не, радиоактивті заттардың шығу көздері.
- •18. Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері.
- •19. Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады.
- •20.Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай.
- •23 Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар.
- •24 Төтенше жағдайлар деген ге анықтама беріңіз.
- •25 Төтенше жағдайлардың жүйелену,мысл келтіріңіз.
- •26 Төтенше жағдайлардың зардаптары
- •27Дезактивтендіру,дегаздау,дезинфекция деген не?
- •28 Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізу.
- •29 Көшу жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы қажет.
- •30 Қандай ұжымдық қорғану құралдарын білесіздер
- •32 Қандай жеке бастың қорғаныс құралдарын білесиз
- •33 Сел,сырғыма, опырылма қар көшкінің пайда болу себептері неде
- •34 Сел каупі неде
- •44. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ,гипоцентр,эпицентр,толқындар).
- •Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.
- •63.Вич инфекциясын қалай жұқтыруға болады.
- •67.Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдарын атаңыздар.
- •68.Есірткінің,алкогольдің адам ағзасына әсерін айтыңыздар.
- •70.Секталар жөніндегі түсінік,олардың түрлері.
- •73 Төтенше жағдайлардағы халықты қорғау
- •74 Төтенше жағдай кезіндегі халықты көшіру
- •77.Ультракүлгін сәулелер-толқын
- •78 Лазер сәулелері қолдану аймақтары.
5. Сыртқы ортаның антропогпендік ластаушылары қалайша жүйеленеді.
Антропогендік факторлар-адамның қатысуымен қоршаған ортаға организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін әсері мол қоршаған ортаның құрамы мен қасиетін көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігінің азаюы мен жойылып кетуіне әкелуде. Антропогендік факторлар организмге тікелей (ағаштарды кесу,аң аулау) және жанама әсер ету (ортаның ластануы,өзендерге су қойаларының салу) болып бөлінеді. Антропогендік ортаға техногендік факторлар (радиация,ластану,құрғату жұмыстары,электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық,биотикалық,антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.
Антропогендік ластаушылар – табиғи ортаға адам әрекеттерінің әсер ететін шаруашылық факторлар жиынтығы. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін ісері өте мол: қоршаға ауаның құрамы мен қасиетіне, өзендерге, теңіздерге, мұхиттарға, сонымен қатар жер бетіндегі топырақтарға, жай ластау емес, радиобелсенділігі бар заттармен ластау, экожүйелердің құрамы мен құрылымын бүлдіру.
Соның ішінде тіпті қоғамға пайдалы көптеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуі. Мысалы, зиянды көмірқышқыл газын жұтып, оттекті көп мөлшерде шығаратын тропиктік ормандардың жойылуы, көпьтеген биоценоздардың қалыпты жүйесінің бұзылуы.
6.Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
Атмосфера – әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы.Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады.
Атмосфераны ластаушы заттар:
Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті. Көміртегі (ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150 – 200 млн тн шығарылуына байланысты күкірт диоксиді немесе күкіртті ангидриттің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түссіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Күкіртті газ, әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Өсімдіктер газдың ошлардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын – шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ – өазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.
Күкірт ангидриттен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек жатады. Бұл газдың жоғары концентрациясымен улану өкпенің ісінуіне, тынс алу параличіне және өлімге әкелеп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларында, шайынды суларда, ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездеседі.
Күкірткөміртек улы қосылыс, түссіз, оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғаш қоспа түзеді. Адам ағзасына тыныс алу жолдары мен тамақпен бірге түседі. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауын туғызады, есірткілік әсері бар.
Атмос-қ ауаның әртүрлі зиянды заттармен улануы, адамдар органының ауыруынан тыныс мүшелерінің ауыруына әкеліп соғады. Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әртүрлі қосындылар әр кезде де болады. Атм-ң ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсәп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылу энергетикасы жатады. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп қосылатын бірден-бір қосылыстар.ҚР-ң қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңнын аммиактык, фенолдың, қорғасынның және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлдеқайда атық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100есе артып кеткен.
Атмосфераның ластануының негізі көздері:
жылу электр станциялары;
өнеркәсіптер(химиялық, мұнай, түрлі-түсті металлургия т.б. );
Автотранспорт;
Атмосфераның негізгі ластаушылары:
газдар (азот, көмір, күкірт тотықтары, көмірсутектер т.б.)
күйе;
шаңдар;
Микроағзалар т.б.;
Ауаны тазарту арқылы жабық орындарда және сыртқы орындарда қажетті температураны, ылғалдылықты, газдық және иондық құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады.
Әдетте қоғамдық және өндірістік орындарда ауа ортасының тек көрсетілген параметрлерін ұстауға болады. Ауаны тазарту жүйесі, ауаны өңдеуді (фильтрлеу, желдету, салқындату) жүзеге асыратын, техникалық құрылғылар кешенін құрайды. Ауаның жылу ылғалды-лығын өдеуге және оны тазалауға қажетті құрылғы, ауаны тазарту құрылғысы немесе желдеткіш деп аталынады.
Ауаны тазарту өндіріс, жұмыс орындарында, қалыпты технологиялық процестің жүруіне қажетті микроклиматты қамтамасыз етеді.
