- •«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат» дегенге түсінік беріңіздер.
- •Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3.(Техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «экологиялық қауіп», табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •4.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің міндеті.
- •5. Сыртқы ортаның антропогпендік ластаушылары қалайша жүйеленеді.
- •6.Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •7.Автокөліктерден шыққан газдардың құрамына қандай уландырғыш заттар бар? Оларды қалайша зиянсыздырады.
- •8.Смог деген не?
- •9 Гидросфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •10.Адамның шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістер туғызады.
- •11.Суды тазалаудың қандай әдістерін білесің?
- •12.Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп,қорғану жолдары.
- •13.Өндірістің қатты қалдықтарын жою жолдарына мысал келтір.
- •14.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі.
- •15.Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосатын әсері.
- •16.Иондаушы сәулелер,оның түрлері,сипаттамасы.
- •17. Радиоактивтілік дегеніміз не, радиоактивті заттардың шығу көздері.
- •18. Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері.
- •19. Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады.
- •20.Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай.
- •23 Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар.
- •24 Төтенше жағдайлар деген ге анықтама беріңіз.
- •25 Төтенше жағдайлардың жүйелену,мысл келтіріңіз.
- •26 Төтенше жағдайлардың зардаптары
- •27Дезактивтендіру,дегаздау,дезинфекция деген не?
- •28 Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізу.
- •29 Көшу жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы қажет.
- •30 Қандай ұжымдық қорғану құралдарын білесіздер
- •32 Қандай жеке бастың қорғаныс құралдарын білесиз
- •33 Сел,сырғыма, опырылма қар көшкінің пайда болу себептері неде
- •34 Сел каупі неде
- •44. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ,гипоцентр,эпицентр,толқындар).
- •Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.
- •63.Вич инфекциясын қалай жұқтыруға болады.
- •67.Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдарын атаңыздар.
- •68.Есірткінің,алкогольдің адам ағзасына әсерін айтыңыздар.
- •70.Секталар жөніндегі түсінік,олардың түрлері.
- •73 Төтенше жағдайлардағы халықты қорғау
- •74 Төтенше жағдай кезіндегі халықты көшіру
- •77.Ультракүлгін сәулелер-толқын
- •78 Лазер сәулелері қолдану аймақтары.
25 Төтенше жағдайлардың жүйелену,мысл келтіріңіз.
Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығынға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады, бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Төтенше жағдайлар 3 негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
1.Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомстволық қатыстылығы бойынша;
3.Аймақтық таралу бойынша;
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
-Табиғи
– Техногенді
– Жанжалды болып бөлінеді.
Табиғи төтенше жағдайларға:
- Геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан)
- Геологиялық қауіпті құбылыстар(көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы)
- Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық,аяз және т.б)
-Теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар(теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т.б )
- Гидрологиялық қауіпті құбылыстар(су басу, тасқындар, грунтты су деңгейінің көтерілуі )
- Табиғи өрттер(ормандық, далалық, шымтезектік)
- Адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы(эпидемияларт.б)
- Ауыл шаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы(эпизоотиялар)
- Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ауруға және зиянкестерге шалдығу(эпифитотия) жатады.
Техногендік сипатты төтенше жағдайлар:
-Өндірістік;
- Транспорттық авариялар(темір жол, пойыздар,теңіз және өзен қайықтар апаттары, әуе апаттары, автомобильді авариялар(апаттар), магистральді өткізу құбырларындағы авариялар,);
- Өрттер(жарылыстар)
- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- CҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- Ғимараттардың кенеттен құлауы;
- Электр- энергетикалық жүйелердегі авариялар;
-Коммуналдық тіршілікі қамсыздандыру желілердегі авариялар;
- Тазартқыш құрылыстарындағы авриялар;
- Гидродинамикалық авариялар(плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.
26 Төтенше жағдайлардың зардаптары
Облыс көлеміндегі төтенше жағдайларды алдын алу және жоюды ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы
«Қазақстан-2030» даму Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ұлттық қауіпсіздік болып табылатыны белгілі, ал төтенше жағдайлар өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге жатады.
Сол себептен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу, ауыртпалықтарын азайту және тиімді әрі жедел жою шаралары басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып анықталып отыр.
Осы бағыттағы атқарылып жатқан шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2007-2015 жылдарға арналған төтенше жағдайларды алдын алуды және жоюды ұйымдастыру мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №1306 қаулысын жүзеге асыру және облыс әкімінің 2003 жылғы 11 қырқүйектегі №608 қаулысына сәйкес құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмысын үйлестіру щеңберінде атқарылуда.
Облыс көлеміндегі болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуда кешенді іс-шаралар ұйымдастырып, облыстық мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру және төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел түрде оның салдарын жоюдың бірінші кезектегі жолын қарастыру мақсатында 2010 жылдың қантар-шілде айлары аралығында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізіліп, онда:
- жылдың қыс-көктем айларындағы Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізуді ұйымдастыру;
- адам өміріне өте қауіпті қырым-конго қанды безгегіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру;
- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған объектілерді (жолдар, көпірлер, мекеме шатырлары, бөгеттер мен гидроқондырғыларды) қалпына келтіру;
- облыс төңірегідегі қауіпті жағдайдағы су қоймаларын жөндеуден өткізу;
- үйірсіз саяқ шегірткелермен күресу шараларын жүзеге асыру;
- шалғай орналасқан елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін орналастыру және әлеуметтік нысандарды нақты өрт қауіпсіздік жағдайына келтіру туралы;
- жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Төтенше жағдай зардаптарын жою мақсатындағы бөлінген 239,37 млн. теңге қаржының 35,8 млн. теңгеге қыс-көктем айларындағы Сырдария өзені арнасындағы су тасқыны салдарынан бұзылған Қызылорда қаласы аумағындағы өзеннің қорғаныс бөгеті мен Жалағаш, Қармақшы ауданындағы Оң тармақ каналының 343,380 және 419 және 518-606 бекеттерінің қорғаныс бөгеттеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және Қазалы ауданы аумағындағы Жайықбай, Иланды, Оң жаға учаскелерін қалпына келтіруге жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Сондай-ақ, Сырдария ауданындағы жергілікті маңыздағы жолдар санатындағы Тереңөзек-Шаған автокөлік жолындағы қалқымалы көпірді және Ысқақ-Қайыр учаскесіндегі қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттары дайындалу үстінде.
Қазіргі кезеңде облыс әкімінің қолдауымен Бөкейхан 74 көшесіндегі жатақхана, Жібек жолы 2А көшесіндегі орналасқан тұрғын үй ғимараттарына және «Қызылордажылуқуаторталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының турбиндік цехының құлаған төбе жабынына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Осы жұмыстарға бөлінген 148,544 млн теңге қаржының бүгінгі күнге 58,380 млн теңгесі игерілді.
Үстіміздегі жылы сең өту кезеңінде Сырдария өзеніндегі судың мол болуы салдарынан Жалағаш-Жосалы автожолының 32 шақырымдағы жол, көпір және су өткізгіш құрылымдары істен шыққан болатын.
Қазіргі таңда, орын алған төтенше жағдайды жоюға жергілікті бюджеттен 55,0 млн. теңге қаржы қаралып, қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өту үстін
