Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.5 Кб
Скачать

20.Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай.

Иондаушы сәуле – дегеніміз сәулелердің бір затпен қосылып, сол затта электр зарядын түзуі немесе иондауы.Иондауыш сауле иондану сәулесі белгілі бір ортаның атомдарымен молекулаларын иондайтын болшектер мен электромагниттік кванттар ағыны.Иондану саулесіне рентген, алфа, бетта, гамма саулелері сннымен қатар электрондар, позитрондар, нейтрондпр ағыны жатады. Иондаушы сәулелердің корпускулярлы және фотонды түрлері бар. Корпускулярлы иондаушы сәулелер – радиоактивті заттардың ыдырауының нәтижесінде пайда болатын қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларға: альфа (α) және бета (β)-бөлшектері, нейтрондар (), протондар () және де басқалары жатады. α-бөлшектер – екі единицалық заряды бар гелий атом ядросы. α-бөлшектер заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойы толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Радионуклидтерде α-бөлшектердің энергиясы шамамен 2-8 МэВ. β-бөлшектері – электрондар мен позитрондардың ағыны. Қазіргі кездегі өзімізге таныс радионуклидтерде β-бөлшектерінің максималды энергиясы 3,0-3,5 МэВ-ге тең. β-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 20 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жұтылуы үшін қалыңдығы бірнеше милиметр қабат жеткілікті. Фотонды сәулелер – электромагниттер ағыны. Оларға: гамма (γ)-сәулелері, рентгенді және де басқалары жатады. Электромагнитті сәулеленудің осы түрлерінің өзара айырмашылығы: толқын ұзындығы мен энергиялары. (γ)-сәулелері бөлшектердің аннигиляциясы кезінде түзіледі. Гамма-кванттар ауада жұтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма-квант пен жұту материялының энергиясына тығыз байланысты. Мысалы, цезий – 137 гамма-сәулеленуін әлсірету үшін қалыңдығы 30 см алюминий немесе қалыңдығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет. Екінші жағынан гамма-кванттар ((α) және бета (β)-бөлшектер сияқты ) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көздер ретінде шығады. Сондықтан да олардың жиілігі қашықтық квадратына сәйкес керісінше азаяды.

  • Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары

Біріншіден: сәулелену жерінде аз уақыт болу арқасында дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады.

Екіншіден ара қашықтық. Нүктелі немесе лакалды сіулелену көздері жан жакка бір қалыпты таралады,яғни изотропты. Сондықтан сіулелену көздерінен ара қашықтық үлкейген сайын сіулелену белсенділігі кеми түседі.

Үшіншіден экрандалу немесе жұтылу фотон мен заттардың өзара әсерлесуі нәтижесінде туындайды.

Төртәншәден радиациялық заттармен буланған аумақты тамақ ішуге,ластанған су көздерінен су ішуге,жерге жатуға болмайды.

Бесіншіден организмді бір қалыпты ұстау.

Алтыншыдан иондаушы сәулеленуден техникалық қорғаныс құралдарына халаттар,газқағарлар,комбинизондар респираторлар,мақта мата таңғыштары шаңнан қорғайтын маскалар қолғаптар сондай ак оқшаулағыш газ қағарлары жатады.

21 Йодпен алдын алу не үшін және қалай қолданады

.Йодтың адам ағзасына қажеті зор микроэлемент екенін жақсы білеміз. Тиісті  мөлшерден аз болса, ауруға шалдығатынымыз да анық. Мұндай жағдайда, әсіресе, жас балаларда ақыл-ойдың тежелуі байқалады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша жер бетінде бұл дертпен ауыратындардың саны 650 миллионнан асады. Ал 2 миллиард адамда йоджетіспеушілігінің белгілері бар. Мамандардың мәлімдеуінше, жер шарындағы бір миллиардтан астам адам табиғи йод жетіспейтін аймақтарда өмір сүреді. Қазақстан да сол аймаққа жатады.Біздегі судың, топырақтың және өндірілетін өнімдердің құрамында йодтың мөлшері тым аз. Соның салдарынан республика облыстарының он бірінде эндемиялық жемсау ауруы ушығып отыр. Әсіресе, Шығыс Қазақстан мен оңтүстік өңірдегі жағдай тым нашар. Бұл аймақтарда орташа есеппен алғанда әрбір бес адамның бірі осы ауруға шалдығады екен.Біздің облыс та эндемиялық аймаққа жататындықтан, аурулар саны жыл сайын көбейіп  келеді.  Мәселен, 2008 жылы 100 мың адамға шаққанда 356,6 ауру тіркелсе,  былтырғы  көрсеткіш — 370,5. Облыстың бас эндокринолог-дәрігері Гүлзира Қалықова былай дейді:

Бұл ауруға, әсіресе, балалар, жасөспірімдер мен әйелдер бейім келеді. Жас ағзада йод жетіспесе, интеллектуалдық қабілет нашарлайды. Ал жүкті әйелдерде түсік тастау оқиғасы, мезгілінен бұрын босану, баланың дұрыс жетілмеуі, сәбидің дүниеге келгенде іштен ауру болып немесе өлі тууы да жиі байқалады.Йод жетіспеген адамдар көбіне эндемиялық жемсау ауруына шалдығады. Бұл қалқанша бездің үлкеюімен анықталады. Бірақ йоджетіспеушілік ағзаға әсерін қалқанша безге байланыссыз да тигізуі мүмкін. Балаларда психомоторлық даму, иммунитет тежелісі, кретинизм пайда болады.Облыстың бұрынғы Ақтөбе ауданы территориясы, Қарғалы селосы, Мұғалжар, Алға аудандары — йоджетпіспеушілігіне бейім мекендер. Ақтөбе қаласының халқы күн санап өсіп келе жатқаны мәлім. Ал судағы йод аздық етіп тұр.

Облыста йоджетіспеушіліктің алдын алуда біраз шаралар жасалып жатыр. Жақында  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық орталықпен бірігіп семинар өткіздік. Бұған тағам өндіретін кәсіпкерлерді шақырып, олардың өндіретін су, нан, сүт тағамдарына йод қосу тапсырылды. Бұл — халықты жаппай йодпен қамтамасыз етудің бір жолы. Қазір халық

йодталған тұзды қолданады. Кейбір мекемелер йодталған ұннан нан пісіріп жатыр. Тек сүт тағамдарын йодтау әзірге баяулап тұр. Бұның себебі — йодтау тәсілінің күрделілігі. Кәсіпкерлердің бәріне осы аталған, халықтың бірінші кезекте қолданатын басты тағамдарын йодтау тапсырылды.

Тағы бір ескертетін жай бар. Белгілі бір топтағы адамдарға йодомарин, йодобаланс, йодид калий дәрілері жас ерекшеліктеріне  қарай беріледі. Бұл ем, әсіресе, жүкті әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге тағайындалады. Әйелдер жүктіліктің  алғашқы үш айында йод дәрілерін ішуі тиіс. Бұл —  іштегі нәрестенің дені сау болып тууы үшін қажет. Йод жетіспеген жағдайда бала кемақыл болып туады. Ондай жағдайлар кездесті де. Осының алдын алу мақсатында қазір барлық жүкті әйелдерге йодид  дәрісі тегін таратылып жатыр.Түйіндеп айтсам,  йод дәрілерін өз денсаулығына жаны ашитын әр адам  қолдануы керек.Ал йоджетіспеушіліктің нышаны — әлсіздік пайда болып, ұйқы басады, тері құрғайды, — дейді Гүлзира Нұғманқызы.Сырқаттың себебіАдам ағзасында йодтың жетіспеуі ойдың ғана емес, бойдың да өсуін тежейді. Тіпті, психикалық сырқаттарға соқтыруы мүм­кін. Қалқанша безінің қабынуы салдарынан ағзадағы зат

алмасуы бұзылады. Ал кейбір жағдайда адамның құлағы естімей қалуы да мүмкін. Йод тапшылығынан Базедов жемсауы, спорадиялық жемсау, эндемиялық жемсау, атиреоз, гипотиреоздар, ісіктер пайда болуы ықтимал.Ауру асқынып, созылмалы болып келсе, науқастың айығуы қиындай түседі.Йоджетіспеушілік ауруларының ішінде аса қауіптісі —  эндемиялық жемсау. «Эндемиялық» деген термин «белгілі аймаққа тән» деген мағынаны біл­ді­реді.Мұның салдарынан көптеген аурулар, мәселен, түйінді құрылымдар мен қатерлі ісіктер дамуы мүмкін.Йоджетіспеушілік ауруларының ең ауыр түрлері – балалардың ақыл-есі мен дене бітімі дамуының кешеуілдеуі, жыныс органдарының жетілмеуі, екіқабат әйелдердің түсік тастауы немесе керең, көзі көрмейтін, ақыл-есі кем балалардың тууы.Барлық аймақтарда қалқанша безінің эндемиялық ұлғаюы (энде­мия­лық жемсау) ұл балаларға қара­­ғанда, қыз балаларда көбірек кезде­се­ді (45%-50%), эндемиялық жем­сау 6-7 жастан басталып, есейе келе тіпті жоғары деңгейге ұласады.

Тұздың татымы2004 жылы Денсаулық сақтау министрлігі «Йод тапшылығын жою және темір жетіспейтін анемияға қарсы күрес» атты ортақ мәселеге арналған ұлттық конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры мен Қазақ тағамтану академиясымен бірігіп өткізген болатын.Қазақ тағамтану академиясының мамандары БҰҰ Балалар қорының қаржыландыруымен арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде йод тапшылығы бар елдерде тұратын балалардың интеллектуалдық дәрежесі өз замандастарына қарағанда 10-15 пайызға төмен болатыны анықталған. Демек, йод бала ананың құрсақта пайда болған кезінен бастап аса қажет екен. Сол себептен, бұл мәселеге БҰҰ Балалар қоры айрықша назар аударып, йод тапшылығы бар елдерге қолдау көрсетуде.Өткен жылдары йод тапшылығынан пайда болатын аурудың алдын алу және тағамдық азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы туралы заңдар да қабылданғаны есімізде. Бірақ Қазақстан йодты жаппай пайдаланатын елдердің қатарынан әлі күнге дейін көрінбей келеді. Негізінде жаппай йодталған тұзды қолданысқа енгізген елдердің санатына кіру үшін бұл көрсеткіш 90 пайызға жетіп жығылуы керек екен. Ал біздің елдегі көрсеткіш — 80 пайыз.

22 электро магниттік өрістің адам ағзасына әсері олардан қорғану жолдары. Электромагнитік өрістің әсері – электр заряды не магниттік моменті бар бөлшектер арасындағы электромагнитік өріс арқылы берілетін әсерлі . адам өмірге келгеннен бастап, электромагнит сәулесінің әсерінде болады. Адамға әсер ететін жердің магниттік өрісі – табиғи электрломагниттік өріс, планетарлық сарқылмайтын ресурс. Магниттік өрістің күші әржерде әртүрлі. Радиожиіліктік өрістер адам организіміне қолайсыз әсерін тигізеді. Адамға, жануарларға, өсімдіктерге, микроорганизмдеоге жер қыртысынан бөлінетін гамма сәулелер жіне ғарыш сәулелері сырттан,организмде болатын радиоактивті элементтер сәуелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе, клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру жабысады.Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сіулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда ол адамда мамандық ауруға акеліп согады. Нәтижесінде нерф жуйесі жуек кан тамырлары эндокриналды жүйе ж\е де басқа да ағзаларға әсер етуі мумкін. Электромагниттік өріс әсерінде ұзак уакыт болған жағдайда адамдар тез шаршаайды. Ұйқышылыдық пайда болады,ұйқысы бұзылады,жиі жиі басы ауырады,нерф жүуесі бұзылады т.с.с. системетикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру қан қысымы өзгеру жүрек сооғысының баяулауы шашының түсуі байқалады.Қорғану әдістері: сәуле шыгару көзіндегі сіулеленуді азайту. Өте доғары жиілікті ж\е ультра жиілікті қондырғыларды дұрыс орнату. Экрандалған бөлмелердегі қондыргыны алыстан бақылау. Жқмыс істеу орнын ж\е сәуленің сшығц көзін экрандау немесе мыстан жасалтын жогары өткізгіштік касиеті бар тор металдар шағылдырғыш жерлету экран ретінде пайдалану қйымдар шаралар « электормагниттік сәулеленуді дазиметр көмегімен кемінде айына бір рет тексеру,жылына медициналық тексеруден бір рет өткізу. Қосымша демалыс қысқартылған жұмыс күнін жасау жасы он сегізге толмаған ж\е орталық нерф жүйесі жүрегі көзі ауыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдамау». Жеке қорғанысты қолдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]