
- •«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат» дегенге түсінік беріңіздер.
- •Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3.(Техногенді қауіп», «әлеуметтік қауіп», «экологиялық қауіп», табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер.
- •4.Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің міндеті.
- •5. Сыртқы ортаның антропогпендік ластаушылары қалайша жүйеленеді.
- •6.Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •7.Автокөліктерден шыққан газдардың құрамына қандай уландырғыш заттар бар? Оларды қалайша зиянсыздырады.
- •8.Смог деген не?
- •9 Гидросфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •10.Адамның шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістер туғызады.
- •11.Суды тазалаудың қандай әдістерін білесің?
- •12.Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп,қорғану жолдары.
- •13.Өндірістің қатты қалдықтарын жою жолдарына мысал келтір.
- •14.Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі.
- •15.Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосатын әсері.
- •16.Иондаушы сәулелер,оның түрлері,сипаттамасы.
- •17. Радиоактивтілік дегеніміз не, радиоактивті заттардың шығу көздері.
- •18. Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері.
- •19. Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады.
- •20.Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай.
- •23 Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар.
- •24 Төтенше жағдайлар деген ге анықтама беріңіз.
- •25 Төтенше жағдайлардың жүйелену,мысл келтіріңіз.
- •26 Төтенше жағдайлардың зардаптары
- •27Дезактивтендіру,дегаздау,дезинфекция деген не?
- •28 Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізу.
- •29 Көшу жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы қажет.
- •30 Қандай ұжымдық қорғану құралдарын білесіздер
- •32 Қандай жеке бастың қорғаныс құралдарын білесиз
- •33 Сел,сырғыма, опырылма қар көшкінің пайда болу себептері неде
- •34 Сел каупі неде
- •44. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ,гипоцентр,эпицентр,толқындар).
- •Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.
- •63.Вич инфекциясын қалай жұқтыруға болады.
- •67.Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдарын атаңыздар.
- •68.Есірткінің,алкогольдің адам ағзасына әсерін айтыңыздар.
- •70.Секталар жөніндегі түсінік,олардың түрлері.
- •73 Төтенше жағдайлардағы халықты қорғау
- •74 Төтенше жағдай кезіндегі халықты көшіру
- •77.Ультракүлгін сәулелер-толқын
- •78 Лазер сәулелері қолдану аймақтары.
ТҚН пəнінен емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
2. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері
3. «Техногенді қауіп», «экологиялық қауіп», «əлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп»
дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер
4. «Тіршілік қауіпсіздігі» пəнінің міндеті қандай?
5. Сыртқы ортаның антропогенді ластаушылары қалайша жүйеленеді
6. Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп жəне қорғану
жолдары
7. Автокөліктерден шыққан газдардың құрамында қандай уландырғыш заттар бар?
Оларды қалайша зиянсыздандырады?
8. Смог (ыс) деген не?
9. Гидросфераны ластаушы химиялық заттар, олардан туатын қауіп жəне қорғану
жолдары?
10. Адамдардың шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістерді туғызады
11. Суды тазалаудың қандай əдістерін білесіздер?
12. Литосфераны ластаушы химиялық заттар, олардан туатын қауіп жəне қорғану
жолдары
13. Өндірістің қатты қалдықтарын жою жолдарына мысал келтіріңіздер
14. Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі
15. Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы (комбинациялы) əсері
16. Иондаушы сəулелер, олардың түрлері жəне сипаттамасы
17. Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері?
18. Иондаушы сəулелердің адам ағзасына əсері
19. Иондаушы сəулелердің қандай дозасы сəулелі ауру туғызады?
20. Иондаушы сəулелерден қорғану жолдары қандай?
21. Йодпен алдын алуды не үшін жəне қалай қолданады?
22. Электромагнитті өрістің адам ағзасына əсері, олардан қорғану
23. Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар
24. Төтенше жағдайлар дегенге анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз
25. Төтенше жағдайлардың жүйеленуі, мысал келтіріңіз
26. Төтенше жағдайлардың зардаптары
27. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция дегенді түсіндіріңіз
28. Халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізеді?
29. Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы
қажет?
30. Қандай ұжымдық қорғану құралдарын білесіздер?
31. Қай уақытта жəне не үшін үйді (пəтерді) тығындап жабу керек?
32. Қандай жеке бастың қорғаныс құралдарын білесіздер?
33. Сел, сырғыма, опырылма, қар көшкінінің пайда болу себептері неде?
34. Сел қаупі неде?
35. Сел, қар көшкіні қаупі кезінде адамдардың өзін өзі ұстауы
36. Жер сілкінісі болуы жөнінде алдын ала қалай хабарланады жəне ол кезде қандай
шаралар қолданасыздар?
37. Жер сілкінісі кенеттен болған жағдайда үйде (пəтерде) болсаңыз, сіздің іс-
əрекетіңіз?
38. Жер сілкінісі кенеттен болған жағдайда көшеде, көлікте болсаңыз, сіздің
əрекетіңіз?
39. Жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайды?
40. Жер сілкінісі кезінде қандай жерлер қауіпті?
41. Жер сілкінісі кезінде үйде (пəтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз
42. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті
43. Жер сілкінісінен кейінгі адамның іс-əрекеті
44. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар)
45. Жер сілкінісінің магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшемі
46. Авариялық- химиялық қауіпті заттар тобын сипаттаңыздар
47. Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
48. Қай өндіріс объектілерінде жиі-жиі өрттер мен жарылыстар болып тұрады?
Олардың шығу себептерін жəне зақымдағыш факторларын атаңыздар?
49. Өрттер мен жарылыстар кезінде адамдардың іс-əрекеті. Оларды болдырмау үшін
қандай қауіпсіздік шаралары қолданылады?
50. Ядролық қару деген не, сипаттама беріңіздер
51. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын атаңыздар
52. Жарық сəулеленуінің зақымдағыш факторлары қандай?
53. Адам сəулелі ауруға қалайша ұшырайды?
54. Радиациялық қауіпті объектілерде авария болғанда адамдардың іс-əрекеті
55. Химиялық қару деген не?
56. Уландырғыш заттардың ағзаға əсер етуіне байланысты топтарға жіктелуі.
Олардан қорғану шаралары
57. Бактериологиялық қару дегенді қалай түсінесіз, олардың зақымдағыш факторлары
қандай?
58. Бактериологиялық қарудың тиімділігі неге байланысты, олардан қорғану
жолдары?
59. Бактериологиялық қаруды қолдану əдістері. Қарсыластардың бактериологиялық
қаруды қолданғанын қандай белгілерден білуге болады?
60. Бактериологиялық қару ретінде қолданылатын аса қауіпті жұқпалы аурулар
61. Жыныс жолымен берілетін қауіпті ауруларды атаңыздар, олардың т.б. жұғу
жолдарына мысал келтіріңіздер
62. Жыныс жолымен берілетін аурулардан қорғану жолдары
63. ВИЧ-инфекциясын қалай жұқтыруға болады?
64. ВИЧ-инфекциясының адамға жұқпайтын жолдары
65. ВИЧ-инфекциясын жұқтыратын сұйықтықтарды атаңыз
66. Туберкулезбен ауырып қалғанын адам қандай симптомдар арқылы біледі?
67. Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдарын атаңыздар
68. Есірткінің , алкогольдің адам ағзасына əсерін айтыңыздар
69. Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы (не істеу, не істемеу
керек)?
70. Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері
71. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу əдістері жəне
секталардың ықпалынан құтылу жолдары
72. Өнеркəсіп объектілеріндегі АҚ жəне ТЖ құрылымы, қызметі.
73. Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау.
74. Төтенше жағдай кезінде халықты көшіру (эвакуация).
75. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері.
76. Адамдардың өрт кезіндегі іс-əрекеті.
77. Ультра күлгін сəулесінен қорғану.
78. Лазер сəулелері, қолдану аймақтары.
79. Шудың, дірілдің ағзаға əсері.
80. Шуылдан, дірілден қорғану.
«Тіршілік»,«қауіп»,«қауіпсіздік»,«зілзала»,«апат» дегенге түсінік беріңіздер.
Қажетті сыртқы және ішкі қатерден қорғанатын тірі организмнің қажетті шарасы.Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар,адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы,ол табиғи ортадан,өз өмір сүру ортасын жасай алады.Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін.
Адам іс-әрекетінің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.Әрине,адамның іс әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен,ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар;адам қауіп қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.
Тіршілік- ғылым адамдарды олардың өмір сүретін ортасынан туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.
Қауіп- адамдардың іс-әрекеті негізінде табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қаупін бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен зиян келтіретін процесс, құбылыс, объект, субъект.
Қауіпсіздік - қоршаған ортаның бір қалыпты тұрақты болуы, адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы адамдардың ауқатты тұрмысының сақталуына қолайлы жағдайдың болуы. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет:нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау(идентификация).Ол өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау;қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу.Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.
Екінші міндет:адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп- қатерден ұорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.
Үшінші міндет:осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу,себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Апат- бұл да адамға қауіп төндіретін құбылыс.Аппттардың жіктелуі:1)трансшекаралық апат; 2)локальды апат(10-нан аспайды); 3) жергілікті апат(10-50 адам зардап шегеді); 4)аумақтық апат(50-500адам з.ш); 5)аймақтық апат(50-500 адам, үлкен материалдық шығын. Көмек шаралары: әскери күштер жұмылдырылады, ТЖ-дан арнайы жасақтардан жұмылдырылады, еркін отрядтар жұмылдырылады. Қорғау шаралары: эвакуация-қауіпсіз аймаққа көшіру, з.ш. жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді(газқағар,көзілдірік,қолғап,аяқ киім)
Зілзала-кенеттен пайда болатын,халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын,материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын,сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғи құбылыс.Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті,пайда болу себебі,қозғаушы күші,сипаты мен даму сатысы,қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.Зілзала кез-келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық,келтірер залалы мол төтенше оқиға.ҚР-сы аумағында мынадай зілзалалар болады:жер сілкінісі,сел,қар көшкіні,сырғыма,дауыл,су тасқыны,өрт.
Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
Қауіп-қатер шыққан тегі бойынша: табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық, биологиялық;
әсер ету әдістері бойынша: физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, жүйкефизиологиялық; жинақталған орны бойынша: литосфералық,гидросфералық,атмосфералық;
зардап, зияны бойынша:әлеуметтік,экологиялық,техникалық т.б;
байқалу саласы бойынша:өндірістік,тұрмыстық,спорттық,жол көліктік т.б
салдары бойынша:ауру табу,жарақат алу,әлсіреу,өрт т.б;
әрекет сипаты бойынша:сырбырлығы,белсенділігі т.б;
уақыты бойынша:соқпалы,кумулятивті т.б.
Техногенді-механизмдермен,машиналармен, құрылысымен және техникалық қондырғылармен байланысты қауіптер.Өндірістік орта- табиғи климаттық факторлардан және адамның кәсібіне байланысты қауіпті және зиянды факторларды қамтитын қоршаған ортаның бір бөлігі. Қауіпті факторлар дегеніміз адам денсаулығын күрт бұзып, өлімге әкелетін факторлар.Зиянды факторлар-адамның жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер ететін факторлар.Қауіпті және зиянджы факторлардың түрлері:хим-қ, физ-қ, био-қ, психофизиологиялық.Радиация- ең қауіпті техникалық қауіп. Радиоактивті- ионданушы сәулелер шығаруымен өтетін кейбір элементтер атомдары ядроларының басқа элементте өз еркімен айналуы. Радиоактивтің екі түрі бар:жасанды, табиғи.
Әлеуметтік қауіптер- әлеуметтік қоғамда болатын әлеуметтік, экон-қ процестер нәт-де туындайтын қауіптер бұл қауіптердің негізінде адам жатады.
Әлеуметтік қауіптердің түрлері:
1)бопсалау(шантаж)-өз пайдасы үшін басқаларды бопсалау қылмысы
2)алаяқтық-алдау немесе скенімге кіру арқылы мемлекеттің қоғамның немесе жеке адамның мнүлкін пайдалану;
3)бандитизм-қаруланған қарақшылар тобыры н/е ұйымы. Олар мемлекеттік қоғамдық мекемелерде немесе жеке адамдарға күш көрсетеді.
4)кепілдікке алу-адамдарға белгілі бір талаптарды орындату үшін адамлдарды кепілдікке алу.
5)терроризм-физикалық түрде жойып жіберуге дейін баратын үрдіс.
6)нашақорлық-наркотикалық заттың көмегімен организмнің ұстап тұруына бейімделуі.
7)маскүнемдік-спиртті ішімдіктерді жүйелі түрде пайдаланудан туындайтын созылмалы ауру.
8)шылым шегу-кейбір шоқтанатын өсімдік өнімдерінің түтініне демалу.
Экологиялық қауіп- литосфераның ластануының негізгі көздері: өндірістік өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, ауыл шар-ғы, мал шар-ғы, мұнай өнеркәсібі. Литосфераның құнарлылығын бұзушылар: хим-қ заттар(пестициттер,гербицидтер,тыңайтқыштыр), мұнай төгілуі, топырақ және су эрозиясы, топырақ шөлейттенуі.Атмосфераның ластанушы негізгі көздері: жылу электр станциялары, өнеркәсәптер,, автотранспорт. Атмосфераны негізгі ластаушылары: газдар күйі, шаңдар, микроағзалар.