- •1.Халыктык эстетика
- •2.Көне дәуірдегі әдеби сын
- •4.Жаңа заманның жаңа эстетикалық идеалы.
- •5.Жиырмасыншы ғасырдың басындағы әдеби сын.
- •6.Отызыншы жылдардағы әдеби сын.
- •7.ҚазААп-тың тұсындағыәдеби сын.
- •8.Абай өнері әдеби сында.
- •9.Жиырмасыншы жылдардағы әдебиеттану.
- •10.Отызыншы жылдардағы әдеби айтыстар.
- •12.1937Жылғы ойран.
- •13. «Айқап» журналындағы әдеби сын.
- •14.Қазақ газетіндегі әдеби сын
- •15.Темірқазық журналындағы әдеби сын
- •16.Абайдың сыни ойлары
- •17.Д. Ысқақов – сыншы
- •18.Қ. Ергөбек – сыншы
- •19. З.Қабдолов – әдебиет теориясын негіздеушілердің бірі.
- •20. Б.Сарбала – сыншы.
- •21. Т.Кәкішев – Сәкентанушы.
- •23.Ғ. Тоғжанов – сыншы.
- •24.М.Ғабдуллин шығармашылығы.
- •25. Т. Нұртазин шығармашылығы.
- •26.С.Қирабаев – сыншы.
- •30.Қ.Жұмалиев шығармашылығы.
- •31.Сын дегеніміз не?
- •32.Хабарландыру-сын жанры.
- •33.Аннотация
- •35.Мақала сын жанры
- •36 Баспасөз және сын
- •39. Сын және сыншы
- •40.Эссе
- •41.Кәсіби сыншы
- •42.Әдеби шолу
- •44.Жазушы сыншы
- •45.Ғалым сыншы.
- •46.Сын жанрларының дамуы.
- •47.Әдеби сынның объектісі.
- •48.Бүгінгі әдеби процесс және сын.
- •49 Сыншыл реализм
- •50.Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері.
- •51.Әдебиет сыны және мерзімді басылым.
- •52.Дәйектеме сын.
- •53.Әдеби мұра және сын.
- •54.Сын жанрының зерттелуі
- •55.Фольклор және сын
- •56.Хх ғасыр басындағы әдеби сынның қалыптасуы
- •58.Жазба әдебиет және сын.
- •60. Жарнама
10.Отызыншы жылдардағы әдеби айтыстар.
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуі 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды.Басқа ақын-жазушыларымызды былай қойғанда, қазақтың шын мәніндегі көркем әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы классигіміз Абай творчествосының өзі де 20-30 жылдардағы әдебиет сындарында маркстік тұрғыдан дұрыс баға ала алған жоқ. Абайдың өмірбаяны, творчествосы туралы жазылған мақала, қызу айтыстар көп болды. Бірақ Абай творчествосының тарихи-әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін оқушылар дұрыс ұғынарлық қорытындыға олар келе алмады. Өйткені ол кездегі сындарда ұлы ақынымыздың бізге қалдырып кеткен құнды мұрасын зерттеу, тарихи рөлін айқындау үшін керекті мәселенің өзі дұрыс қойылмады.Айтысушылар «Абай феодал ақыны ма?» әлде «Жаңа туып келе жатқан буржуазия ақыны ма?» деген сұрақтардың төңірегінде айтыс ашып, сол сұрақтарға Абай творчествосынан жауап іздеді. Олар өздерінің көзқарастарын дәлелдеу үшін марксизм классиктерінен үзінділер келтіріп, оны Абай творчествосына жанастырмақ болып талпынса да, тұрпайы социологиядан ұзап кете алмады. Абайдың туысы мен тегі, өскен ортасы олардың әрдайым көз алдарында тұрды. Бұған қарағанда ол не феодал, не қазақ байларының жыршысы болуы шарт деген қорытынды шығарып, ұлы ақынның творчествосын түгел алып қарауға, ондағы прогресшілдік, халықтық, демократтық, интернационалдық идеялар, эстетикалық тәлім-тәрбие беруде Абай творчествосының рөлі қандай еді деген сұрақтар ол кездегі сыншы-зерттеушілеріміздің назарын көп аудармады. Абайдың творчествосындағы демократтық идея еске алынбады. Еске алынса не жалаң адамгершілікке, не либералдыққа апарып тіреді. «Абай - ақсүйек, атасы Құнанбайдай ел билеген жуан жұдырық. Бұдан еңбекшілерге ешбір жақсылық жоқ» деген солақай пікірді еске алмағанда, Абай жөнінде негізгі пікір екеу-ақ: 1) «Абай - ескішіл-феодал табының ақыны»; 2) «Абай - қазақтың жаңашыл буржуазия табының ақыны». М.Әуезов, С.Мұқанов тәрізді үлкен жазушы, ғалым әдебиетшілеріміз де ол жылдарда Абай туралы кейбір қателіктер жіберсе де, 30 жылдардан кейін олар өзінің ол қателерін түзеп, Абай творчествосына халықтық, демократтық тұрғыдан баға берді.
11. 1930 жылдағы әдебиеттану.
32жылы партияның «Көркемөнер ұйымдарын қайта құру» қаулысы шығып, шығармашылықты жақсартуға бағытталған қадамдар жасалды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е. Ысмайыловтың, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Мансұр Ғатауллин, Рахымжан Жаманқұлов, Рахым Уәлиахметов, Әлібек Қоңыратбаев, Құлмырза Өтепов сияқты сыншылардың алғашқы қадамдарын сыннан бастаған С. Ерубаев пен З. Шашкин, Х. Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенденцияға ие болар деген үміт оты жылт етті. Қазақ сынының шуақты кезеңі (отыз екінші жылдың екінші – отыз жетінші жылдың бірінші жартысы) шын шығармашылыққа бұрылды. М.Әуезов өзінің ашық хатымен әдебиетке қосылды. Отыз екінші жылдың желтоқсанында Жазушылар Одағының пленумы болып, Ілияс Жансүгіров төраға сайланды. Әдеби атмосфераны жақсарту жөнінде бірқатар игілікті қадам жасалып, сынның сөз саптауы инабаттылыққа ауыса бастады. Шығармашылық айтыс түсінісуге беттеді, бірін-бірі құптай да мәдениетті міней сөйлеу машығы сіңе бастады. «Сын майданын көтермелеуіміз керек» деп Қ.Өтепов өткен-кеткенді біраз шолып, Б.Кенжебаевпен екеуі «Тағы да әдебиет сыны туралы» мақала жазғанда «пәлсафалы сынның» болмағандығын үлкен айып санап, өздері сынға келген кезден тарихты тарихты бастау дағдысына ойысқанмен де, білім толықтыруға, мәдениетті көтеруге, жікшілдіктен безуге шақырды. Ақын жазушылардың туындыларына «дербес сынды өркендетіп, жеке шығармаларды сынау үшін әдебиет сыны методологиясын жасауымыз, шешуіміз, айқындауымыз керек» деген ұсыныс жасады. Бұл ойды Ғ. Тоғжанов «Қазақ әдебиетіндегі сын туралы кейбір ойларымыз» деген мақаласында жалғастыра түсіп, отыз екінші жылдан шыққан елу шақты кітапқа бірде-бір дұрыс сын жазылмады деп білді және «өткен жылдардағы сынның бәрін бүйтіп мансұқ қылу әрине дұрыс пікір емес. Дұрыс емесі былай тұрсын бұл зиянды пікір» деп табады да, дербес сынды күшейтуге үндейді.
