
- •1.Халыктык эстетика
- •2.Көне дәуірдегі әдеби сын
- •4.Жаңа заманның жаңа эстетикалық идеалы.
- •5.Жиырмасыншы ғасырдың басындағы әдеби сын.
- •6.Отызыншы жылдардағы әдеби сын.
- •7.ҚазААп-тың тұсындағыәдеби сын.
- •8.Абай өнері әдеби сында.
- •9.Жиырмасыншы жылдардағы әдебиеттану.
- •10.Отызыншы жылдардағы әдеби айтыстар.
- •12.1937Жылғы ойран.
- •13. «Айқап» журналындағы әдеби сын.
- •14.Қазақ газетіндегі әдеби сын
- •15.Темірқазық журналындағы әдеби сын
- •16.Абайдың сыни ойлары
- •17.Д. Ысқақов – сыншы
- •18.Қ. Ергөбек – сыншы
- •19. З.Қабдолов – әдебиет теориясын негіздеушілердің бірі.
- •20. Б.Сарбала – сыншы.
- •21. Т.Кәкішев – Сәкентанушы.
- •23.Ғ. Тоғжанов – сыншы.
- •24.М.Ғабдуллин шығармашылығы.
- •25. Т. Нұртазин шығармашылығы.
- •26.С.Қирабаев – сыншы.
- •30.Қ.Жұмалиев шығармашылығы.
- •31.Сын дегеніміз не?
- •32.Хабарландыру-сын жанры.
- •33.Аннотация
- •35.Мақала сын жанры
- •36 Баспасөз және сын
- •39. Сын және сыншы
- •40.Эссе
- •41.Кәсіби сыншы
- •42.Әдеби шолу
- •44.Жазушы сыншы
- •45.Ғалым сыншы.
- •46.Сын жанрларының дамуы.
- •47.Әдеби сынның объектісі.
- •48.Бүгінгі әдеби процесс және сын.
- •49 Сыншыл реализм
- •50.Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері.
- •51.Әдебиет сыны және мерзімді басылым.
- •52.Дәйектеме сын.
- •53.Әдеби мұра және сын.
- •54.Сын жанрының зерттелуі
- •55.Фольклор және сын
- •56.Хх ғасыр басындағы әдеби сынның қалыптасуы
- •58.Жазба әдебиет және сын.
- •60. Жарнама
44.Жазушы сыншы
Қазақстанның рухани тәуелсіздігін нығайтуда, тарихы мен мәдениетінің тарихын түбірлі зерттеуде алдыңғы қатарда жүрген қоғамдық ғылым саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай.Тарихи шығармалардың көркемдік ерекшеліктері мен тарихи негіздері, ұлттық нысана және тарихи шындық, прозадаға түрлік және жанрлық ізденістер, тілдік бояулар мен жастардың шығармашылығы туралы сыни мақалалар жазды. Сол тұстағы СССР Жазушылар одағының сын кеңесінің пленум мүшесі ретінде қазақ әдебиетіндегі үздік шығармалардың тек Қазақстанда ғана емес, Кеңестер одағының көлемінде танылуы мен насихатталуына атсалысып, одақтық басылымдарда сыни мақалалары мен шолулары жарияланды.І.Есенберлиннің,Ш.Әбеновтің, Қ.Мұхамедхановтың,Т.Әбдірахманованың, О.Сүлейменовтің,Ж.Жұмақановтың, С.Мұратбековтің, Қ.Жұмаділовтің, М.Мағауиннің, Б.Тілегеновтің, Р.Нұрғалидің, О.Бөкеевтің, А.Жақсыбаевтің, Р.Сейсенбаевтің, С.Әшімбаевтің, Ж.Әбдірәшевтің, Н.Айттың, Д.Әшімхановтың және т.б. шығармашылық өмірі мен шеберліктері хақындағы сыни эсселер жазды.Т.Жұртбайдың бойындағы шығармашылық қабілет пен сыни көркем талдауға бейімділік, ұлы тұлғалардың шығармашылық өміріне деген ынта, мұрағат мұраларымен жақсы таныстығы оның қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ілімінде бұрын нышан танытпаған роман-эссе жанрына қалам тартуына әсер етті. «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді ая!..», «Бесігіңді аяла!..», «Бесігіңді ұмытпа!..», «Бұзылған бесік...», «Бейуақ», «Талқы» атты туындылары арқылы көркем саралаудың жаңа бағытының қалыптасуына ықпалын тигізді. М.Әуезовтің өмірі мен шығармаларының жазылу тарихын салыстыра талдай отырып, жазушының қилы-қилы тағдыры мен туындыларының жазылу тарихына қатысты бұрын әдеби ортаға белгісіз екі жүзге тарта тың деректерді ғылыми айналымға түсірді.Сыншы ретінде ғалым Т.Жұртбай тарихи және көркемдік шындық, өмірлік тартыс және көркемдік шешім, тарихи көркем баяндау, авторлық баяндау мен авторлық мәтін, қойын дәптер және қолжазба, түпнұсқалық және кітаптық мәтін, қаламгер мен шығарма тағдыры, көркем дүниедегі кеңістік пен уақыт, көркем түйсік пен көркем таным, тарихи көркем шындықтың теориялық мәселелері мен тарихи ойлау жүйесі, тұлға мен туынды тағдыры, тарихи шығармалардағы тарихи шындықтың, авторлық кейіпкердің, кеңістік пен уақыттың жағырафиялық, жетекші және басты кейіпкер іспетті жазушы психологиясына тереңдеп баруға мүмкіндік беретін әдебиеттанудағы күрделі мәселелерді көтерді.
45.Ғалым сыншы.
Темірғали Нұртазин сыншы ретінде де, жазушыретінде де, ғалым, педагог ретінде де мәлім.Ол өзінің творчестволық, әсіресе ғылымдық ой-пікірін шашыратпай, белгілі бір арнаға бағыттай және айтайын дегенін жеріне жеткізе айтады.Ғалымдық тұлғасының өзіне тән осы ерекшелігіне оның публицистік қаламының ұшқырлығы, зерттеушілік дарынының нәрлілігі, аудармашылық қабілетінің сан-салалығы қиюын тауып қабысады. Орыс, қазақ, татар тілінде қалам жебеп: «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Красная татария», «Қызыл Өзбекстан» газеттерінде жарияланған көркем суреттемелері мен публицистикалары; «Мұрат» атты повесі, «Жаңа саты», «Адам бекер жасамайды» деген әңгіме-очерктер жинақтары оның дарынының бір қырын танытады. Алайда, профессор Т. Нұртазиннің қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегінің сүбелісі де, көрнектісі де қазақ әдебиеттану ғылымы саласында.Осы жөнінен келгенде Темірғали Нұртазиннің қазақ совет әдебиетінің негізін қадаушылардың бірі Сәбит Мұқановтың творчествосын зерттеуінен көп ғалым, әсіресе жас ғалымдар ғибрат ласа керек.Т.Нұртазин 1960 жылы «Б. Майлин творчествосы» атты көлемді монографиясын жариялады.Қазақ әдебиетінің классигі Б. Майлин творчествосын тұңғыш рет кең көлемде зерттеп, оның көркемдік шеберлегінің қадау-қадау биіктері мен өзіне тән ерекшеліктерін білгірлікпен, оқымыстылықпен баяндағаны іргесі жаңадан қаланып келе жатқан бейімбеттану іліміне негіз болары хақ.Ол қазақ әдебиетінің бүгінгі жанды процесіне тікелей араласып, өзінің жауынгер сыншы да екендігін танытты.М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Жамбыл, Ж.Сайын, Қ.Бекхожин, С.Мауленов және басқа ақын-жазушылардың шығармалары жайында пікірлер айтқан болатын.Олар автордың мүшелді мерекесіне шығайын деп жатқан «шеберлік туралы ойлар» деген жинағанда жариялануда. Ол өзінің 1971 жылы «Қазақ әдебиетінде» жарияланған «Түзіктік кепілі» атты сыни мақаласында әдеби сынның жалпы сыннан айырмасын ашып көрсеткен. «...сын босаңсымайды, елеусіздікке ұшырамайды, тез ширайды, өршиді. Әдеби шығармалар да туу, жасалц үстінде талай бақылаудан, бағалаудан, сыннан өтеді» – дейді. Қорытынды сөзінде: «Қазіргі сында босаңдық, селқостық, отсыздық байқалады. Бірақ, үңірейіп, қиюы қашып қалған ештеңке жоқ.Әдебиетіміз де сынымыз да өсуде.Кадрлары да жеткілікті.«Аттан» салу қажет емес.Сын, сыншылар – әдебиет пен өнердегі партиямыздың, дәуіріміздің өкілі.Олар өз рөлі деңгейінде болу үшін лайықты талап, назар керек» – дейді.