Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЫН ТОЛЫК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.28 Кб
Скачать

35.Мақала сын жанры

Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады.Кей зерттеушліер мақаланың әдеби сында ең көп қолданылатындығын, талдаушылық пікір білдірушілік мүмкіндіктерінің молдығын, көлемі формасы жағынан ыңғайлығын ескере отырып оны сын жанрларының ішіндегі ең бастысы, негізгісі деп те біледі.Мақаланың мкақсаты әдеби өмірде болып жатқан құбылыстарды, оқиғаларды, талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандар,а түсіндіріп отыру. Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми -публицистикалық сипаты айқын көрінеді. М-ның құрылымдық жағына келсек, мұнда сынныңм басқа жанрларының көптеген элементтерінің кездесетіні көрінеді. Мысалы: мақала жеке кітаптарға пікір білдіретін рецензияның, жекеленген қаламгерлердің шығармашылық портретін жасайтын творчествалық портреттің, бір жанрдағы шығармаларды бағдарлауға арналған щолудың талдаудағы, ой айтудағы өзіндік артықшылықтарын мақала емін-еркін пайдаланады. Сондықтан мақала әдеби сынның құрылымы жағынан аса күрделі, сипаты жағынан сын жанрларының аса қажетті сипатын бойына сіңірген, пікір білдірудің небір ыңғайлы, ұтымды формаларын тауып, қолдана білетін өміршең де әмбебап жанр. Мақаланың басқа сын жанрларынан өзгешеленіп тұратын өзіндік ерекшеліктері бар. Мақала міндетті түрде күн тәртібінде тұрған әдеби процесс алға ұсынған қоғамдық маңызы бар зәру мәселеге арналады. МАҚАЛАНЫҢ ТҮРЛЕРІ теориялық немесе ғылыми мақала, проблемалық мақала, айтыс мақала. МАҚАЛА терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Бірінші, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдардың жалпы аты ретінде қолданылып жүр. «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу, фельетон да болуы мүмкін. Екінші, нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан белді орын алады. Мақала баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырағы.

36 Баспасөз және сын

Әдеби сынның даму арнасы – баспасөз. Сондықтан да сынның дамуы баспасөздбің дамуына тікелей байланысты. ХІХ ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында баспасөздің тууы шын мәніндегі жазба әдеби сынның пайда болуына тікелей қолайлы жағдай туғызды. Әдебиетке қатысты алғашқы сын мақалалар ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде шыға бастаған. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» беттерінде көрінді. Қазақ баспасөзінің қарлығаштары болған бұл газеттер әлеуметтік рухани ойларды оятумен бірге әдеби ой-пікірлердің де көшбасында тұрды. Бұл газеттер қаншама ресмиліктің қыспағына түссе де, қазақтың қоғамдық ой-пікірін оятуға себепші болды. «Түркістан уалаяты» газетінде қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары, ақындардың өлең-жырлары, әңгімелері мен ертектері жарияланып отырған. 1875-1878 жылдар аралығында сыншылдық ой-пікірге қатысы бар материалдарды жариялап, халықтың сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиет сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болса саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін аңғартты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журанлы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты. «Айқаптың» тұңғыш санынан бастап «Кітаптар жайынан» деген арнаулы бөлім ашылып, жаңа шыққан кітаптарға аннотация, жарнама-сын беріліп отырды.Айқап бетіндегі сын-ескертпелер мен мақалаларды негізінен екі салаға бөле қарастырамыз. Бірінші – педагогикалық сипаты айқын сыншылық ой-пікірлерді алдымен әңгімелейміз, өйткені бұл кезеңде мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі ең көкейтесті праактикалық іс болатын. Екінші – әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін сыни ойларға назар аударып, олардың жанрлық болмысы мен табиғатын айқындау қажеттігі негізгі проблема болмақ. «Қазақ» газетінің позициясы әшейіндегі ағартушылық идеясын насихаттау емес, нақты практикалық тұрғыдан шешуге, іске айналдыруға тырысқандығымен дараландырады, түбегейлі өзгерісті қалаған төңкерісшілдікті аңғартады. 1918 жылы шыққа «Абай» журналы жазба шешендіктің, ойды дөңгелетіп ажарлы жеткізудің жаңа бір амалын жасауға талпынды. Сонымен баспасөз бен сынның кіндігі бір екендігі осыншама сүбелі де жүйелі ой-пікірлерден аңғарылады. Сын – коллективтік ұжымның жігер-күшімен дүниеге келер жанр. Ұзақ толғақпен туған жанрды қазақ басылымдары аяқтандырып, көркемдік сахнасына еркін шығарды.

37Рецензия.

Рецензия.– сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын өрісі көп жанр. (лат.тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру). Р. дегеніміз әдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып баяндайтын, пікір білдіретін әдеби сынның жанры. Рецензия –әдеби үдерістің барысында туындап отыратын әрбір жаңа шығармаға ізін суытпай, дер кезінде пікір білдіріп отыратын шапшаң жанр. Сондықтан да рецензия баспасөз бетінде жиі көрініп, көп оқылады. Оның осы қасиетіне байланысты болса керек, сын туралы қаулыда рецензияға баса назар аударылды. «Рецензиялау практикасында елеулі кемшіліктер бар. Жарияланған рецензиялар көп реттерде сыңаржақты сипатта болады, ешқандай негізсіз қағытушылық кездеседі, олар шығарманы атүсті айтып шығуға саяды, оның маңызы мен құндылығын нақты көрсетіп бере алмайды» деп, қатты сынға алды. Сөйтіп алдағы уақыттарда жаңадан шығып жатқан кітаптарды рецензиялау жұмыстарын жақсарту міндеттерін алға қойды. Қаулы шыққаннан кейін, баспасөз бетінде сынның рецензия жанры әдәуір жандана түсті. Республикадағы бірден-бір үлкен әдеби журнал «Жұлдыз» беттерінде рецензиялық мақалалардың жариялануы жиілей түсті. Рецензия сан жағынан ғана емес, жанрлық жағынан да жетіліп, сапасы арта түсті. Шағын көлемде толымды пікір айту, әсіресе, жас сыншылардың шеберлік мектебіне айналды. Жаңадан шығып жатқан шығармалар өзі туралы айтылар бағаны алғаш рет осы рецензиядан алып жатты. Әдетте рецензия шағын келеді. Әрине рецензия жанрында көрінген кейбір мақалалармен пікір жарыстыруға, талдаушылық шеберлігіне тоқталып жатуға мүмкіндіктің жоқтығынан олардыі кейбіреуіне ғана тоқтала кеткенді жөн көрдік. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған «Алмас қылыш» романының кезінде идеялық жағынан қатты сынға ұшырағаны белгілі. Осы роман кіретін «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясына арнап белгілі әдебиетші Х. Әдібаев сын жазды. Автор «Сыншы міндеті – би болып, үкім шығару, кесім айту н/е мәңгілікке мандат беру емес, ойға ой, сезімге сезім қосып, шығарманың жетістік-кемістігін анықтау ғой деп түсінеміз. Алдымызда жатқан үш қалың кітаптың негізгі сипатын ағымыздан жарылып, газеттік маақаланың мүмкіндігінше талдадық–дей келіп, - Шығармада күрделі жемсі бар, жетістік аз емес; ренжітерлік, жетпей жатқан жерлерін де айттық... Қайталап айтамыз, жазушы І. Есенберлин бүгінгі таңда ел-жұртына мейлінше қажет, мың сан оқушысын тапқан, туған әдебиеттің тақырыптық шеңберін көбейткен күрделі романдар циклын бітірді»(«Қазақ әдебиеті», 12.04.1974)– деген ой түйеді. Шағын да шапшаң жанр рецензияның бірсыпырасы алдын-ала ойластырылған белгілі бір мақсаттармен жазылып, біржақтылыққа ұрынған, сөйтіп өзіне жүктелген абыройлы міндеттің үдесінен шыға ламаған кездері де болды. Сын қара қылды қақ жарып, шындықты шырылдап тұрып айтуға тиіс болса, кейбір рецензияларда бір кітапқа пікір айта отырып, авторының ар-ұжданына, намысына тиетін сөздер айтып, тіпті оның шығармашылық болашағын кесіп-пішіп қоятын жағдайлар да ұшырасты.

38.Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. [1].Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбекбиблиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады.Қазақ әдебиеттану ғылымына Ғ.Тоғжановтың «Абай» атты 1935 жылы шыққан зерттеуі әжептәуір үлес қосты. Әрине бұл монографияны Абай шығармашылығының бар проблематикасын әңгімелеген, көбіне оңтайлы жауап берген ғылыми эстетикалық еңбектен гөрі социологиялық ақау басын монографиялық очерк деп атаған орынды. Өйткені бұл еңбек алғашқы тәжірибе болса, екінші, Абайтанудың революцияға және революциядан кейінгі жан күйіне шолу жасап, көп мәселелер жайында автордың өз пікірі айтылады. Абайдың заманы, оның туып өскен ортасы қоғамдық – әлеуметтік мәселелерге көзқарас туралы автор көп тоқталады және бәріне де таптық тұрғыдан жауап іздейді. Ғ.Тоғжановтың қазақ әдебиет тарихындағы тұңғыш монографиясында қайшылықты ой пікірлер, түйіндер кездессе де, Абайды ғылыми жолмен тануды белесті бір шығармасы болды. Ұлы Абайды ұлт ақыны деп тану және бар өнімді ой пікірлерді осы тұжырым аясында өрбіту келешектегі көп ізденістер мен зерттеулерге көп соқпақ берді. Ғ.Тоғжановтың тұңғыш монографиясы көп мәселені айқындап ендігі жерде көркемдік шеберлік өнерпаздық биігіне Абайдың қалай көтерілгенін айқындау міндетін көлдеңен тартты. Ғ.Тоғжанов 1935 жылғы моногрфиясында Абайды тап ақыны, сонымен қатар ұлт ақыны деген тұжырымды барынша сақтана айтып, ру қамын емес жалпы қазақ халқын ойлаған, бақытын көксеген, қазақ шаруасын мәдени жолға түсіруді, теңсіздікті жоюды, қазақтың ұлт мәдениетін, ұлт әдебиетін өсіруді арман еткен, ұлттық самознаниесі күшті қазақ халқыны бірінші ұлы ақыны деген ең негізгі пікірді дәлелдей айтуы 1937-39 жылдарда үлкен ерлік қана емес, ғылыми эстетикалық жаңалық болатын. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады