Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЫН ТОЛЫК ЖАУАП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.28 Кб
Скачать

30.Қ.Жұмалиев шығармашылығы.

Қ.Жұмалиев – ғалым, фил.ғылым докторы, проф, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған.Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды. “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы (1929), “Шабуыл” (1933), “Қанды су” (1934), “Өмір жыры” (1938), “Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942).Жұмалиев – “Біржан-Сара” операсы либреттосының, “Арбасу” (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты пьесаның авторы.Филология ғылымдарының докторы проф.Қажым Жұмалиевтің артына қалдырған мол мұрасы біз үшін теңдесі жоқ байлық.Ол әдеби сынға байланысты жазылған «Стиль – өнер ерекшелігі» атты әдеби зерттеу мақаласында әр ақын, жазушының жазу мәнері мен стиль ерекшелігіне тоқтала кетіп, қазіргі қазақ сыншылары мен әдебиетшілерінің творчествалық ерекшеліктерін сөз етеді.Сонымен қатар, зерттеуші «Ұлы ойлардың ұшқыны» атты тарауында ұлы сыншы Белинский жайлы айтады. Ол былай дейді: «Мүшесі кем, мүсіні қисық ғаріптерді жұтып жіберіп, қайта құсқанда айтарлықтай ақылды сұқтанарлық сұлу етіп шығаратын ертектердегі самұрық құс тәрізді Белинский де өзіне бұрынғы және өз кезіндегі тарих, әдебиет, теория, философиялық ғылымдарды өз саласынан өткізіп, басқаша мазмұн, басқаша түрде қайта жасап шығарды...» Осы сөздерден ақ Белинскийдің асқан ақыл, үздік талант, терең ой, сынампаз мінез иесі екенін бірден байқаймыз.Ұлы сыншы ғылым мен искусстваның өзара айырмашылығын да көрсетіп, олардың байланысына да нақтылы ғылыми талдаулар жасағанын айтады. Жұмалиев Белинский жайлы көп мәліметтер айта келіп, ұлы сыншының сынға берген анықтамасына тоқталады: «Сын деген не? Сын көркем шығармаға берілетін баға, теорияны тәжірибеге қолдана білушілік, немесе нақтылы фактілерден теория жасауға тырысушылық.Кейде алдынғысы, кейде соңғысы, көбіне соның екеуі де...» дейді. Қорыта айтқанда ұлы сыншы В.Г.Белинский еңбектері революцияшыл демократтық идеясы жағынан болсын, әдебиет тарихын, теориясын білу, эстетикалық талғамымызды өрістету, көркем әдебиетке талдаудың методын үйрену жағынан болсын, күні бүгінге шейін көрнекті құрал, тамаша үлгі.Бұған Жұмалиевтің осы еңбегі куә.Ойға азық, сезімге қуат берерлік бұл туынды арқылы сын жайлы, сын тарихы мен сыншылар жайлы көп мәліметтер ала аламыз.

31.Сын дегеніміз не?

Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келді. Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады. Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді. 1972 жылы "Әдеби-көркем сын туралы" қаулы алынды. Эстетикалық ойды тереңдетудің бір жолы-сыншы кадрлар даярлпу мәселесіне айрықша назар аударылып, ол міндеттің негізігі салмағы университеттерге жүктелді. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Әдебиеттің даму поцесі өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді де, соған орай сын пікірлерін тудырып отырады. Жазба әдебиеттің идеялық-шығармашылық арнасынан бағыт-бағдар алып, ұлттық ой-сана мен эстетикалық талап-талғам деңгейінен көрінеді. Сыншылдық ойдың ояну процесі тұрғысынан алғанда мәселенің түйіні-автор пікірінің дұрыс-бұрыстығында емес, өз ойын жүйелеп, нақтылап айтып беруінде.Айтар ойды біріне-бірін жалғастырып, өзі айтқанын дәлелдеуге тырысу-логикалық ойдың, сынның қасиеті. Ең алдымен, қазақ әдебиеті сынының туу процесіне өнерпаздық берген Абай шығармашылығы екенін айту ләзім. Абайдың азаматтық лирикалары, әлеуметтік сатирасы, ойлы да өткір толғаулары, үлгі-өнегесі мен ғибраты мол ғақлиялары- өз оқушысын ойландырмай-толғандырмай қоймайтын көркем туындылар.Қазақ өмірінің болмысын суреттейтін Абай өлеңдері біреуді қуантса, біреуді ренжіткені ақиқат, демек ол жөніндегі пікір де әр қилы болуға тиіс. Қалай болғанда да, Абай шығармасы тыңдаушылар мен оқушылардың ойын оятып, пікір айтқызғаны анық.Қазан революциясына дейін шыққан өлең жинақтары мен белгілі бір авторлардың шығармаларына назар аударсақ, сыни ой-пікірі бар дәйектеме материалдар жиі ұшырасады. Дәйектеме-сынның жарнама-сыннан және аннотациядан едәуір айырмасы бар. Егер жарнама-сын көркем шығарманың дүниеге келгендігін хабарлау міндетін атқарса, аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысөа түйіндейді, талдау жасауды мақсат етпейді. Ал дәлелдеме-сын пәлендей талдау жасай қоймағанымен, оқушыға шығарманың оқиғасын, мәні, жазылу себебін түсіндіреді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің шығармаларында осындай сын материалдары жиі кездескендіктен, оны аннотация мен рецензия аралығындағы құбылыс екендігін ескеріп, дәйектеме-сын деп атаған орынды.