Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесікбай А РЕФЕРАТ (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.32 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау

«Биохимия, биология және микробиология» кафедрасы

Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан

Мемлекеттік

Фармацевтика

Академиясы

Реферат

Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің гельминтті инфекциялары(аскаридоз,геминолепидоз,энтеробиоз).Тыныс алу және кардиоваскулярлы жүйелердің протозойлы инфекциялары(пневмоцистті пневмония,безгек,токсоплазмоз).Гонококктық емес бактериялық уретриттер.Trichomonas vaginalis тудырған несеп шығару және жыныстық жүйенің протозойлы инфекциялары. Асқорыту жүйенің протозойлы инфекциялары(лямблиоз,балантидиаз,амебиаз,криптококсоз).Тыныс алу жүйенің протозойлы инфекциялары(пневмоцисталы пневмония).Зертханалық диагноз қою қағидаттары.

ті

Бейнелі және вер

невроздар

Орындаған:Тесікбай А.Б.

Тобы:104 «Б» ҚДСҚ

Қабылдаған:Құрманбекова Ш.Ж.

Шымкент-2014

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Асқорыту жүйесінің гельминтті инфекциялары (аскаридоз,геминолепидоз,энтеробиоз)Жануарлардың қасиеттері және оларды іріктеу

  2. Тыныс алу және кардиоваскулярлы жүйелердің протозойлы инфекциялары(пневмоцистті пневмония,безгек,токсоплазмоз).

  3. Гонококктық емес бактериялық уретриттер.Trichomonas vaginalis тудырған несеп шығару және жыныстық жүйенің протозойлы инфекциялары.

  4. Асқорыту жүйенің протозойлы инфекциялары(лямблиоз,балантидиаз,амебиаз,криптококсоз)

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos – іш құрт) – паразит құрттардың адаммен,жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез,эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту.қосады (депанентті Антигендер) Антигендердің тағы бір түрі — белгілі (енді) Антигендер. Олардың мо- лекулаларына радиоактивті изотоптар, ауыр металл атомдары, флюоресцентті бояулар енгізіледі, сондықтан олар морфологиялық және серологиялық зерттеулерде өте жақсы көрінетін болады.

Аскаридоз (ascarіdosіs) бөсір — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жұмыртқасы нәжіспен сыртқа шығады, бірақ 14 күнге дейін топырақта тіршілігін сақтайды. Жуылмағанкөкөністерді, жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе А-бен балалар көп ауырады.Аурудың алғашқы және асқынған кезеңдері болады. А-дың алғашқы кезеңінде баланың дене қызуы аздап көтеріліп, жөтеледі, кейде кеңірдек-өкпе қабынулары, сирек болса да аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады. А-дың асқынған кезеңінде бала тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. Кейде іші қатады, ішектері қатты ауырып түйіледі, денесін аллергиялық бөртпелер басып, демігеді. А-ды серологиялық реакциялар, рентген т.б. қолдану арқылы анықтайды. А-ды құрттарға қарсы препараттар ішкізу, асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді. А-дан сақтандыру жолдары: қолды сабындап жуу, жеміс-жидектерді таза сумен жуып жеу, қоғамдық орындарда тазалық сақтау.

Аскарида (Ascarіdae) – жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары.

Негізгі аскарида туысына 18 түр жатады. ТМД-да 8 түрі бар. Оның кейбіреулері: адамда (Ascarіs lumbrіcoіdes), жылқыда (Parascarіs eguorum), қасқырда (Toxocara canіs), т.б. кездеседі. Адам Аскаридасы паразиттік түрде тіршілік етеді. Оның ұрғашысының ұзындығы 25 – 40 см, еркегінің ұзындығы 15 – 25 см-ге жетеді. Ұрғашысы тәулігіне 200 – 250 мың жұмыртқа салады. Сыртқы ортада 20 – 30°С жылылықта дамыған жұмыртқадан 10 – 15 күнде дернәсіл пайда болады. Ащы ішекте дамыған дернәсіл жұмыртқа қабын жарып шығады. Олар ішектің сілекей қабатын тесіп өтіп, венаға енеді.Қан жүйесі арқылы бауырға, оң жақ жүрекшесіне, одан өкпеге жетеді. Біршама жетілгеннен кейін дернәсілдер қолқаға, трахеяға жылжып, жөтелгенде ауыз қуысына түседі. Сілекеймен қайта жұтылып, екінші рет ас қорыту жолына түскен соң, ас ішекте тұрақтап, 1,5 – 2,5 айда ересек Аскаридаға айналады. Әлбетте Аскаридалар ішектегі қорытылған аспен қоректеніп, адам организмінде 7 – 10 айдай өмір сүреді. Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі. Соның нәтижесінде адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, мазасыздық пайда болады, зат алмасу процесі бұзылады. Әсіресе дернәсілдерінің зақымдау әрекеті басым келеді. Олар алғашқы өсу кезінде қан түйіршіктерін, бауыр тінін,өкпе альвеоларын теседі, аллергиялық қоздыру тудырады. Адамда Аскарида әсерінен пайда болған ауруды қазақ бөсір деп атайды.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша өмірде жыл са-йын жұқпалы және паразитарлық аурулардың – гельминтоздар таралу үрдісі бақылауда. Оның ішінде паразитарлық аурулар 22 пайызды құрайды. Жаппай таралуы бойынша, жұқпалы және тұмау ауруларының деңгейінде олар 3-орынды алады. Балалар арасында кездесетін аурушаңдық – аскаридоз. Аскаридоз – паразитарлық гельминтоз – құрттардан немесе жиі аталатындай аскаридоз- ішек құрттардан пайда болатын ауру. Бұл ауру жауын құрттарына ұқсайды, ұзындығы 10-20 сантиметрге жететін үлкен ішек құрттардан пайда болады.

Аскаридозбен ауыратын балалардың тәбеті төмен, ал ересектерде жоғары болады. Кейде науқастар лоқсуға, асқазанның ауруына, күйгелектігіне, мазасыз ұйқыға ұшырайды. Балалар жаңғалақ болады, физикалық дамуынан қалады, есте сақтау, аңғарғыштық қабілеттері төмендейді, тез шаршайды. Соның салдарынан мектепте үлгерімі төмендейді. Аскаридозды емдеу үшін тиімді және қауіпсіз құралдар бар, бірақ оларды тек дәрігердің белгілеуі бойынша қабылдау керек. Аскаридоздың алдын алу әдеттегідей жеке гигиена, тамақтану және тұрмыс гигиенасы ережелеріне негізделген. Ас ішер, тағам дайындау алдында және дәретханадан кейін, далада ойнап келгеннен соң бақшада, далада жұмыс істегеннен кейін және жануарларды ұстағаннан кейін қолдарын сабынмен жуу керек.

Көкөністерді, жидектерді және жемістерді қолданудың алдында мұқият жуу, мүмкіндік болса қайнатылған сумен үстінен шаю керек. Базарда дүңгіршіктерде сатып алынатын көкөністер аскарид немесе басқа ішек құрт жұмыртқаларымен ластанған болуы мүмкін. Сол себептен көкөністерді және аскөк, ақ желкен, пияздар үшін сөмке немесе шілтер болу керек. Бір сөмкеге оралмаған нан бұйымдарымен көкөністерді салуға болмайды. Сонымен қоса ересектер балалардың жеке гигиеналық ережелерін қадағалауға алғаны жөн. Балаларды санитарлық дағдыларға тәрбиелеу керек. Тырнақты кеміруге, саусақтарды, лас ойыншықтарды және басқа да заттарды ауызға салуға болмайтынын, дәретханадан кейін мұқият қолдарын жуу қажеттігін үнемі ескертіңіз. Балаларды дәретхана қағазын бірнеше рет қабаттап бүктеп қолдануға үйретіңіз, себебі қағаздың бір қабаты таспа жұмыртқасын өткізеді.

Гименолепидоздар – қоздырғышы ауыз – нәжіс механизмі арқылы берілетін, цестодоздар класына жататын антропоноздық және зооноздық антропургиялық контагиоздық ішек гельминтозы, көбінесе ішек – қарын жолының зақымдануы белгілерімен сиппаталанады.