- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
- •Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
- •§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
- •§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
- •§ 10. Қол гранаттары
- •Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
- •Тұтандырғыш құрылысы
- •Тұтандырғыш әрекеті
- •Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
- •§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы
- •Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу
- •Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы
- •Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу
- •Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
- •Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
- •§ 3. Атысты жүргізу
- •§ 4. Атысты тоқтату
- •Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері
- •Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
- •Қарумен саптық тұрыс.
- •§ 2. Азимут бойынша қозғалыс
- •§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.
- •§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
- •Орман және шымтезек өрттерімен күрес
- •Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
- •Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен ақ құрылымдарының іс-әрекеі
- •§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін
- •Алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,
- •Таңғыш салу құралдары мен түрлері
- •Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
- •Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама
- •§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
- •§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
§ 10. Қол гранаттары
Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
Қазақстан армиясының қарулануында:
— РГД-5 қол гранаты;
— РГН және РГО-қол гранаты;
— Ф-1 қол гранаты бар.
Гранаттар жарықшактарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 мен РГО— қорғаныстағы гранаттарға жатады.
Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
РГД-5 жарықшақты қол гранаты — арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автомобильдерде) әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы — 40— 50 м.
Жабдықталған гранаттың массасы — 310 г.
Тұтандырғыш бәсендеткішінің жану уақыты — 3,2—4,2 с.
Гранаттың құрылысы
РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғарғы және төменгі) тұрады.
Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет көмегі арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.
Түтікті ластанудан сақтау үшін оған пластикалық тығын бұрап кіргізіледі. Гранат лақтыруға дайындауға тығын орнына түтікке тұтандырғыш бұрап кіргізіледі.
Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.
Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.
Гранат тұтандырғышы (жаңғыртырылған қол гранатының үйлестірілген тұтандырғышы) (ЖКГҮТ) жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.
Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстык, серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек (рычаг) пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.
Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенін: жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.
Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.
Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.
Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы сокқыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.
Ағытқыш иінтірек соққышты қайырылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.
Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль - детонатордан тұрады.
Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде — баяулатқыш орнатылған арна, сыртында— капсюль-детанатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар. Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.
Баяулаткыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.
Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.
Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тыйым салынады.
