
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
- •Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
- •§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
- •§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
- •§ 10. Қол гранаттары
- •Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
- •Тұтандырғыш құрылысы
- •Тұтандырғыш әрекеті
- •Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
- •§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы
- •Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу
- •Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы
- •Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу
- •Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
- •Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
- •§ 3. Атысты жүргізу
- •§ 4. Атысты тоқтату
- •Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері
- •Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
- •Қарумен саптық тұрыс.
- •§ 2. Азимут бойынша қозғалыс
- •§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.
- •§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
- •Орман және шымтезек өрттерімен күрес
- •Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
- •Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен ақ құрылымдарының іс-әрекеі
- •§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін
- •Алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,
- •Таңғыш салу құралдары мен түрлері
- •Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
- •Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама
- •§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
- •§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
V. Жаңа сабақты бекіту:
Әскери Доктринаны жүзеге асыру мақсатында әскери реформа тұжырымдамасы мен қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде мақұлданып, 2000 жылдың 7 шілдесінде Президент жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери құрылыстың мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Әскери реформа тұжырымдамасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігі үшін жұмыс жасайтын барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің міндеттерін, сипаты мен әрекет ету тәсілдерін қайта қарауды қарастырады. Реформа барысында Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдарды уақыттың барлық талабына жауап беретіндей етіп өзгерту жобаланады. Ең бастысы — олар неғұрлым жинақы, тиімді, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кабілетті болуы керек.
VI. Үй тапсырмасы: §2. Оқып келу, сабақ айтуға өз ойын білгенің басқа студенттерге айтып жеткізуге дағдыландыру.
VII. Сабақты қорыту: Қорытындылай келе сабақты біздің мемлекетіміздің айналасында сенім мен тұрақтылық ахуалы қалыптасты. Қазақстан ұлт жанжалы жоқ, этникалық, ұлттық және діни мәселелер бейбіт жолмен шешілетін мемлекеттердің бірі болып саналады. Қазақстан — ядролык, қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет.
Күні «__» «__»_____ Пәні: АӘД Группа: _____________ Сабақ реті № ___
Сабақтың тақырыбы § 3. Қазақстанның қазіргі армиясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге Қазақстанның қазіргі армиясы туралы терең мәліметтер беріп, сабаққа деген ықыласымен ізденіс білімділіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: Кітап, карта, плакат, суреттер т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызып амандасу, киімдерін тексеріп студенттерді түгендеу. Студенттердің назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша сабақ айтып, бірнеше студенттерге сұрақтар қойып оған жауаптар алып үй тапсырмасын қорытындылап жаңа сабақпен байланыстыру.
Iiі. Білімді бағалау:
ІV. Жаңа сабақ: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, Қарулы Күштер түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар әр түрлі қаруларды және басқа да техниқаларды үйлестіре қолданады.
Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге — инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.
Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және толық моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері соғыста жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен, бронетранспортерлермен жабдықталады және ұрыс жүргізеді. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, авто-мобильдік және басқа бөлімшелер енген.
Танк әскерлері — салыстырмалы түрде жас әскер. Тарихы бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан басталады. Танк әскерлері — құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар, көбінесе, ең басты маңызды міндеттерді орындау бағыттарында неғұрлым күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.
Құрлық әскерінің артиллериясы. Артиллериялық бөлімшелер мен бөлімдердің болуы құрлық әскерлерін айтарлықтай күшейтті. Олар өз соққыларымен қысқа уақыттың ішінде қарсыластардың бөлімшелері мен бөлімдерін түгел жойып жіберуі мүмкін.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері. Ғылыми техникалык, прогреске байланысты, қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Арнайы әскерлер құрлық әскерлерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.
Инженерлік әскерлер. Бірде-бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердін жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады.
Радиациялық, химиялык және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау). Ядролық қару мен басқа жаппай жою құралдарының бар болуы осы қару түрлерін қолдану жағдайында, сондай-ақ радиациялық және химиялык қауіпті объектілердегі қиратулар кезінде әскерлерді қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін тудырады. Осындай тапсырмаларды шешуде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері маңызды рөл атқарады.
Байланыс әскерлері Бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын, бейбіт кезде және соғыстың барлық түрінде ойдағыдай басқарылуын қамтамасыз етеді.
Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері. Бөлімшелер мен бөлімдер ракеталар мен оқ-дәрілерді күтіп ұстауға және сақтауға, әскерлерді қару-жарақпен, техникамен, оқ-дәрілермен қамтамасыз ету және әскери-техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару-жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.
Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндеттерін атқарады.
Әуе қорғанысы күштері. Қазақстанның әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады, олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тіпті бейбіт күндері де елдің әкімшілік және экономикалық орталықтарын, Қарулы Күштердің топтарын жаудың әуе шабуылынан қорғауда жауапты әскери міндеттерді дереу орындауға қабілетті болуы керек.
Әскери әуе күштері. Әскери әуе күштерінің негізін күшті ракеталық-пулеметтік қару-жарақпен және жетілдірілген радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік, дыбыстан жылдам ұшатын авиация құрайды.
Әскери-теңіз күштері. Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын және экономикалық мүддесін, Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларының барлық түрлерін жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институтының базасында ӘТК-не, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдары үшін әскери-теңіз мамандарын даярлауға арналған.
Аэроұтқыр әскерлері. Құрлық әскерлерімен тығыз байланыста аэроұтқыр әскерлері бөлімдері мен бөлімшелері қолданылады. Бізде десантшыларды «қанатты жаяу әскер» деп атайды. Ол әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналған.
Ракеталық әскерлер және артиллерия. Ракеталық әскерлер мен артиллерия қарсыласты атыспен жоюдың негізгі құралы болып табылады. Қарсыластың ядролық және химиялық шабуыл құралдарын, әскерлер мен авиациясының орналасу орындарындағы негізгі топтарын, басқару пункттерін, тыл және басқа маңызды объектілерін жоюға арналған.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады. Шекара әскерлерінің Мемлекеттік шекараны әрдайым қырағы күзетіп, оны қорғауға және қарсыластың шабуылына тойтарыс беруге қабілеттілігі, шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігі Отанымыздың аумақтық бір тұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шекара қызметінің теңіз дивизиясы. Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғаудағы қиын қызметке жауапты. Оның басты міндеті — елімізді басқыншылардың су шебінен жасайтын шабуылынан қорғау болып табылады.
Республикалық Ұлан. Қазақстан Республикасы Ұланының қатарында қызмет ету — көптеген жастар үшін құрмет. Республикалық Ұлан ҚР Президентіне тікелей бағынатын жеке әскери құрылым болып табылады.
Ішкі әскерлер. Әзірге республикамызда қылмыстық және басқа да құқық бұзушылық сақталып отырғанда, ішкі әскерлердің кажеттілігі маңызды болып қала береді. Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік-әскери міндеттерді орындауға арналған.
V. Жаңа сабақты бекіту: Қазақстан Республикасында бұдан басқа: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Петропавловск Жоғары әскери Ішкі әскер училищесі; Әуе қорғанысы Күштерінің екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы әскери институты; Әскери-теңіз институты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет тілдері әскери институты; Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, ҚР ҰҚ академиясы бар.
VI. Үй тапсырмасы: §3. Оқып келу, сабақ айтуға өз ойын білгенің басқа студенттерге айтып жеткізуге дағдыландыру.
VII. Сабақты қорыту: Қорытындылай келе сабақты Қарулы Күштердің барлық түрлері және арнайы әскерлер жоғары дәрежеде дағдыланған, ұрысқа әрдайым дайын тұрады. Олардың жауынгерлік шеберлігі жоспарлы жауынгерлік дайындық сабақтары мен әскердегі барлық оқу жаттығуларында жетілдірілген.
Күні «__» «__»_____ Пәні: АӘД Группа: _____________ Сабақ реті № ___
Сабақтың тақырыбы Сап және оларды басқару.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге Сап және оларды басқару туралы терең мәліметтер беріп, сабаққа деген ықыласымен ізденіс білімділіктерін арттыру.