Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
План-конспект 1 - курс. каз. группа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама

Қан кету дегеніміз — зақымданған қан тамырынан қанның құйылуы (шығуы) қан кету деп аталады. Зақымданған тамыр сипатына сәйкес: артериялық, веналық, капиллярлық және паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.

Артериядан қан кету ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті қанның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне қауіп төндіреді.

Венадан қан кету ірі вена тамырларының закымдануы кезінде болады. Жарадан қою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардың ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.

Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жараның жоғарғы бетінен қан ағады.

Паренхиматозды органдардың (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады және ол көбіне аралас болып келеді.

Қан ағу (құйылу) орнына байланысты қан кету: сыртқы (қан терінің жарасы мен шырышты қабықшасы арқылы сыртқа ағады) және ішкі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға құйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш қуысы жараланған кезде аралас болуы мүмкін.

Байқалу уакытына сәйкес қан кету: алғашқы (жараланғаннан кейін бірден қан кету) және екіншілей (зақымданғаннан соң бірнеше уакыттан кейін) болып бөлінеді.

Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада закымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дәрежесі төмен болмаса (сәуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нәтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (қанқатпа— канның ұюы нәтижесінде). Қан көп кеткен жағдайда қолма-қол әрекет жасалады.

§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері

Артериядан қатты қан кетуді уақытша тоқтатудың ең сенімді тәсілі — зақымданған аяқ-қолға қан тоқтатуда қысатын жгут салу, яғни айнала қысуы болып табылады. Көп жағдайда Эйсмархтың резина жгуты пайдаланылады. Ол жок болса, онда қолда бар: резина түтік, сүлгі, белбеу, арқан, орамал және т.б. материалды пайдалануға болады. Балалар үшін арнайы қан тоқтататын жгуттар болады, жгутты иыққа, білекке, сан мен балтырға жарадан жоғары, бірақ мүмкіндігінше оған жақын салады.

Жгутты төмендегіше тәсілмен салады. Аяқ-қолдың бөлігін сүлгімен немесе бинттің бірнеше қабатымен орайды. Содан кейін зақымданған аяқ-қолды көтереді, жгутты тартып, жұмсақ тіндерді қысу үшін аяқ-қолды 2—3 рет айналдырып орайды және жгуттың ұшын ілмек пен тізбек көмегімен бекітеді, ал олар жоқ болса, түйіндеп байлайды. Жгуттың дұрыс салынғандығы жарадан қан кетудің тоқтатылуынан, аяқ-қол ұшындағы тамыр соғысының жоғалуынан және терінің жамылғыш қабатының бозаруынан көрінеді.

Жгут салу кезіндегі ерекшеліктер:

1) жгут салу артериядан қатты қан кету кезінде қолданылуы тиіс;

2) жалаң теріге жгут салу оның қысуына, кейде тіпті өліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін;

3) жгутты жарадан жоғары жерге салу қажет;

4) жгутты дұрыс тарту (әлсіз қан кетуді күшейтеді, тым қатты болса, нерв діңін басып тастайды).

Жылдың суық мезгілінде жгут салынған аяқ-қол үсіп кетпеу үшін қымтау керек.

Аяқ-қолда жгут 2 сағ-тан артық салынбайды, ал иондаушы радиациада 1—1,5 сағ-тан артық ұстауға болмайды, иықта жгутты белгіленген уақыттан едәуір аз ұстау керек. Жгут салынған ауру дереу қан кетуді түпкілікті тоқтату және жгутты алып тастау үшін (жайлап босата отырып) ОМП-ға жіберіледі.

Жгут немесе бұрауды ұзағырақ ұстау қажет болса, онда белгіленген уақыт өткеннен кейін аяқ-қол терісі қызарып, сезімталдық қалпына келгенше жайлап босату керек. Бұны өте жай, аса сақтықпен жарада пайда болған қан ұйындысын сыртқа итеріп шықпайтындай етіп жасау керек.

Қан кету қайта басталмас үшін ауруларды соққы және күрт қозғалыстардан сақтап, тасымалдау керек.

Қан кетуді тоқтатудың тағы бір сенімді тәсілі — аяқ-қол буынын мейлінше бүгіп, осы қалыпта тұрақтандыру. Бұны жасау жолы: буын бүгілетін аумаққа мақта немесе дәкеден буылтық қояды. Қан тамыры шоғырын қысу үшін, аяқ-қолды барынша бүгеді, оны денеге қосып, таңғыш дәкемен байлап қояды.

Егер сыртқы қан кету болмаса, бірақ зардап шегуші кенеттен әлсіреп, басы айналса, есінен танып, терінің жамылғыш қабаттары бозарса, бұл ішкі қан кетудің белгілері болып саналады. Бұл жағдайда дереу дәрігерлік көмек көрсету қажет. Мидың қансызданып қалуын азайту немесе жою үшін көмек көрсеткенде, зардап шегушіні жатқызып, аяқ-қолын сәл жоғары көтеру керек. Бас денеден шамалы төмен болуы тиіс.

Венадан, капиллярдан, қылтамырдан қан кетуді тоқтатудың тәсілдері. Венадан қан кетуді тоқтату үшін, қысып тұратын таңғыш салып және дененің зақымданған бөлігін көтеріңкі қалыпта ұстау жеткілікті.

Қылтамырдан қан кеткенде — жараның тұтас бетінен қан ағады және ол өте мол болғандықтан, оны тоқтату үшін, қысып тұратын немесе жай таңғыш салу жеткілікті. Қан кетуді тоқтатудың жоғарыда сипатталған тәсілдері уақытша деп аталады. Қан кетуді түпкілікті тоқтатуды жараны тазалау кезінде дәрігер жасауы тиіс.

Ішкі қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

Сыртқы қан кетуден басқа ішкі қан кету де болады. Бұл кезде жараланған тамырдан аққан қан белгілі бір ішкі қуысқа, мысалы, кеуде немесе іш қуысына жиналады. Ішкі қан кету кенеттен беттің бозаруы, аяқ-қол буындарының құқылдануы және мұздауы, пульстің жиілеуі, ақырында, оның біртіндеп әлсіреуінен байқалады. Бас айналып, құлағы шуылдайды, денені суып тер басады. Содан кейін естен тануы мүмкін. Ішкі қан кетудің алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ, зардап шегушіні дереу емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Медициналық бике әр түрлі таңғыш салудың техникасын жетік меңгеріп, дәрігерге неғұрлым күрден таңғыш салуға көмектесе алуы тиіс.

Бинтті таңғыштардың негізгі типтері.

1. Айналма (айналдыра) таңғыш бинт орамы бірінің үстіне бірі оны тұтас орай жатады. Мұндай таңғыш білезік маңындағы, балтырдың төменгі үшінші бөлігі, маңдай, мойын және іштегі жараларға қоюға ыңғайлы.

2. Ирек тәрізді таңғыш — мұны да алдыңғыдай, яғни екі-үш айналма жүрістен бастайды, сосын бинт жүрісі тек жартылай, алдыңғы жүрістің үштен екісін жаба қиғаш жүреді.

3. Айқышты немесе сегіздік тәрізді таңғыш формасы мен бинт жүрісі сегіздік сияқты; бас пен мойынды бинттеуге өте ыңғайлы. Бинт айналма жүріспен бас айналасын бекітеді, сосын жоғары қарай сол жақ құлақтың артымен мойынға қарай төмен қиғаштап түсіреді.

4. Бастың алдын орай отырып, бинтті сол құлақтың үстімен қиғаштай жүргізеді де, бинт жүрісін қайталайды. Одан әрі екі соңғы жүрісті кезектей отырып, бас маңына бекітіледі (тізе, шынтақ және жіліншік буындарына, сондай-ақ қол сүйектеріне, кеудеге).

5. Тоғыспа және айыра таңғыш — буын маңынан қойылады. Тізе буынына айыра таңғыш қою — тізе тобығының шығыңқы бөлігін айналдыра жүруден басталып, одан әрі мұндай жүрістер алдыңғының үстінен не астынан жүргізіледі.

6. Тоғыспа таңғыш буынның жоғары және төмен бөлігінен айналма жүріс арқылы басталып, тізе тобығы ойығында айқасады. Келесі жүрістер бір-біріне жақындатыла отырып, алдыңғыдағыдай жүргізіледі және буынның шығыңқы бөлігімен бүкіл маңы толық жабылғанша жүргізіледі.

Бекіткіш таңғыштар.

1. Орамал таңғыш көбіне қол сүйектері, білек пен иық зақымданғанда не ауырғанда қол тыныштығын қалыптастыру үшін байлам ретінде қолданылады. Таңғыш қою үшін орамалдың ортасын білектің астына қояды. Орамалдың ұштары мойынға байланады.

2. Сақпан тәрізді таңғыш немесе сақпан екі ұшы бойлама бағытпен қиылған бинт немесе басқа материал тілімі. Бұл таңғыш мұрын, жақ сүйектерін таңуға ыңғайлы.

3. Т — тәрізді таңғыш ортасына басқа жолақтың ұшы тігілген материя (бинт) жолағынан тұрады немесе ортасына басқа жолақ қойылған жолақтан тұрады.