
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
- •Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
- •§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
- •§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
- •§ 10. Қол гранаттары
- •Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
- •Тұтандырғыш құрылысы
- •Тұтандырғыш әрекеті
- •Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
- •§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы
- •Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу
- •Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы
- •Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу
- •Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
- •Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
- •§ 3. Атысты жүргізу
- •§ 4. Атысты тоқтату
- •Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері
- •Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
- •Қарумен саптық тұрыс.
- •§ 2. Азимут бойынша қозғалыс
- •§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.
- •§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
- •Орман және шымтезек өрттерімен күрес
- •Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
- •Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен ақ құрылымдарының іс-әрекеі
- •§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін
- •Алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,
- •Таңғыш салу құралдары мен түрлері
- •Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
- •Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама
- •§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
- •§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
Апатты жағдайлар — бұл табиғат құбылыстары (ормандағы өрт, су тасқыны, жер сілкінуі, дауылдар, қар кешкіндері, сел тасқындары және басқа құбылыстар). Олар төтенше сипатқа ие болуымен бірге, халықтың аз немесе көп топтарының қазаға ұшырауына немесе қалыпты өмір сүруін бұзуға, сондай-ақ материалдық құнды заттардың жойылып кетуіне әкеп соқтырады.
Апатты жағдайлардың қиратушылық әрекеті едәуір масштабтарға жетуі мүмкін.
Бейбіт уақытта туындайтын апатты жағдайлар бірқатар дәрежеде ракета-ядролық соғыс уақытында пайда болатын жағдайларды еске түсіреді.
Ірі өндірістік апаттар, апатты жағдайлар сияқты адамдардың зақымдануына, өндірістік процестің бұзылуына алып келеді және шаруашылыққа үлкен материалдық шығын келтіреді. Осы апаттар мен зілзалалар зардаптарын ойдағыдай жою үшін (АҚ) азаматтық қорғаныс құрамаларын зақымдалған аудандарда құтқару жұмыстарын өткізу тәсілдеріне үйретуге аса зор мән беріледі.
Орман және шымтезек өрттерімен күрес
Өрттер қауіпті апатты жағдай болып табылады. Олар құрғақшылық уақыттарда ормандарда, шымтезектерде және елді мекендерде пайда болуы мүмкін. Өрт шығуының себептері: өрт қауіпсіздігі ережесін дұрыс сақтамау, сондай-ақ табиғи құбылыстар әсерінен: найзағайдың түсуі, жер сілкінуі, жанар таудың атқылауы, табиғи газдар мен шымтезектердің өздігінен жануы.
Орман және шымтезек өрттері қауіпті апатты жағдай болып саналады, өйткені оның әсерінен орасан зор материалдық құндылықтар жойылуы мен адамдардың зақымдануы да мүмкін. Зақымдау факторлары: жануға және адамдарды зақымдауға бейімді заттардың тұтануына әкеп соқтыратын жоғары температура, адамдарға тітіркендіргіш әсері бар және өртпен күресуді қиындататын ірі аудандардың түтінденуі; көру мүмкіншілігін шектеу; адамдарға жағымсыз психологиялық әсер ету.
Өртпен күресуде су мен от сендіру қоспалары қолданылатын техникалық өрт сөндіру құралдары үлкен рөл атқарады. Өрт сөндіру кезіндегі жұмыстарда қолданылатын ең керекті аспаптар: күректер, балталар, сүймендер, т. б.
Өрт сендіруді өртке қарсы қызмет бастығы немесе өртке қарсы команда басқарады. Өрт сөндіру кезіндегі бақытсыз жағдайларда жапа шегушілерге медициналық жәрдем көрсету үшін медициналық бөлімшелер бөлінеді, олар өрт сөндіру командалары және азаматтық қорғаныстың өртке қарсы құрамаларымен бірге өрт шыққан аудандарда болады.
Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
Жер сілкіну дегеніміз — жер асты соққыларымен жер бетін тербелте қозғап, аса көп мөлшерде қуат бөлетін жердің ішкі күштерінің зор дүмпу туғызуы. Оның босатылған қуаты жер қабығының бұзылуы мен бетіндегі (зілзалаларды) қиратуларды тудыратын сейсмологиялық толқындар түрінде таратылады. Жер бетіндегі қуат қарқындылығы балмен өлшенеді. Қазақстанда жер сілкінудің күшін анықтау үшін 12 балды шкала қолданылады.
Күн сайын Жер шарында көптеген жер сілкінулер өтіп жатады, ал бір жылда 100 000 дейін болады. Бірақ олардың бәрі қауіпті емес, бірнеше ондығының ғана қиратушы күші болады.
Жер сілкінулер пайда болуы себептері бойынша мынандай түрлерге бөлінеді:
— тектоникалық, тау процестері әсерінен жер қабықтарындағы массалардың ауысуы себебінен пайда болатындар;
— жанартаудың атылу себебінен шығатындар;
— опырылу, бос кеңістіктердің қиратылуы, тау жыныстары сумен сілтісіздендіру кезінде болатындар.
Жер сілкіну зардабы өте үлкен, олар ауыл, қала, бүкіл мемлекетті апатқа ұшыратады, адам өмірін қияды. Әлемде ірі қалаларды түгелдей қиратып, жайқалған аудандарды шөл далаға айналдырып жіберген көптеген апатты зілзалалар белгілі.
Көшкіндер — ауырлық күші әсерінен беткей бойымен тау жыныс массасының төменге қарай жылжуы. Көшкіндер жер асты сулары немесе жауын-шашынның тау жыныстарының тепе-теңдігін бұзу нәтижесінде пайда болады.
Олар ауыл шаруашылығы алқаптарын, өндірістер мен елді мекендерді көп шығынға әкеліл соқтырады.