Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
План-конспект 1 - курс. каз. группа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы

Бірқатар шаруашылық объектілерінде күшті әсер ететін улы заттарды өндіру, пайдалану, сақтау және тасу жүзеге асырылады. Бұл — химиялық мұнай өңдеу мекемелері және соларға еншілес басқа да салалар, сондай-ақ тоңазытқыш қондырғылары (хлодоагент аммиак), су құбырлары және тазарту құрылыстары бар, хлор және т.б. пайдаланатын кәсіпорындар.

Қарсыластың осындай объектілерге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде және табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсер ететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдануы мүмкін.

КӘУЗ — бұл күшті әсер ететін улы заттар, яғни белгілі бір мөлшерде адамдарға жануарлар мен өсімдік әлеміне закымдағыштың әсер ете алатын химиялық құрамалары. 6 млн-нан астам әр түрлі химиялық құрамалар белгілі, оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр. Бұл мұнай өндірісіндегі, зауыт пен фабрикалардағы тазартқыш қондырғылар, үй тазарту құрылыстарында, улы химикат қорлары базаларында апаттар, өрттер кезінде түзілетін өнімдер.

КӘУЗ уыттығы жағынан төмендегіше жіктеледі:

1-класты — өте кауіпті;

2-класты — жоғары кауіпті;

3-класты — орташа қауіпті;

4-класты — аз кауіпті.

Олар интоксикация белгілері және әсер ету механизмі бойьшша бөлінеді. КӘУЗ-ға тітіркендіргіш, асқындырғыш-некротирлік, тұншықтырғыш, жүйкені жансыздандыратын, құрыстыратын, гемолитикалық, зақымданған ферменттік жүйелер деп бөледі.

Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу

Жіктелу негізіне КӘУЗ тұрақтылығы мен зақымдаушы әсерінің басталуы жатады:

1) тез әсер ететін тұрақсыз;

2) жай әсер ететін тұрақсыз;

3) тез өсер ететін тұракты;

4) жай әсер ететін тұрақты;

5) жартылай тұрақты;

КӘУЗ-дың ұзақ уақыттық ошағы биосфераны: топырақты, өсімдікті, суды, планктонды және т.б. тұтас апта мен айлап зақымдауға қабілетті.

Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

1.Жұмысшылар, қызметкерлер және құрылымның жеке құрамы мен халықты КӘУЗ-дің зақымдау қаупі туралы құлақтандыру тәртібі.

2. Апат салдарын жою немесе орнықтыру жөнінде дереу апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

3. Барлаудан кейін ошақ шекарасын белгілеу, жауапты жерлер мен бағдарларда қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі қозғалысын қою арқылы қоршау.

4.Зақымданған бұлт бағытына үздіксіз мотобақылау жүргізу және ол туралы ақпарат.

5. Зақымданған жерде АМЖЖ үйымдастыру.

Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар

1. Химиялық қаруға қарсы қорғаныш іс-шараларын жүргізу.

2. Мейлінше тығыз уақытта алғашқы жәрдем көрсету.

3. Ошақ сыртына кешіру.

4. Тұрақты КӘУЗ-бен зақымданғандарды санитарлық өңдеу.

5. Ошаққа алғашқы дәрігерлік көмекті жақындату және арнайы медициналық көмек ұйымдастыру.

Алғашқы жәрдемді жеке құрам осы объектінің құтқару құрылымымен өзара бірлесе қимылдай отырып көрсетеді.

КӘУЗ ошағын медициналық барлауды жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады. Кешіру көліктің барлық түрлерімен жасалады. Көліктен желге тік бағытта немесе қарама-қарсы шығу керек. Заттарға қол тигізуге, отыруға, жүгіруге, тамақ ішуге, темекі шегуге, қорғаныш құралдарын шешуге болмайды.

Химиялық зақым аймағында қорғаныштың екі негізгі ережесі бар:

1) газтұмылдырық киіп, жұмысты тоқтатып, барлық паналарға тығылуы керек;

2) өндірістік процесті бұзбай, газтұмылдырық кию керек.

Бұл режімдерді объектінің бастықтары белгілейді.