- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
- •Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
- •§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
- •§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
- •§ 10. Қол гранаттары
- •Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
- •Тұтандырғыш құрылысы
- •Тұтандырғыш әрекеті
- •Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
- •§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы
- •Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу
- •Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы
- •Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу
- •Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
- •Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
- •§ 3. Атысты жүргізу
- •§ 4. Атысты тоқтату
- •Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері
- •Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
- •Қарумен саптық тұрыс.
- •§ 2. Азимут бойынша қозғалыс
- •§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.
- •§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
- •Орман және шымтезек өрттерімен күрес
- •Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
- •Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен ақ құрылымдарының іс-әрекеі
- •§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін
- •Алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,
- •Таңғыш салу құралдары мен түрлері
- •Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
- •Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама
- •§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
- •§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
Тұтандырғыш әрекеті
Соққыш жұмыс істеу кезінде иінтіректен жылжып кетпеуі үшін соққыш ұштары ажыратылып, шплинт арқылы корпуста бекітілген иінтірекке ұсталынып тұрады. Қозғалтқыш шанышқыға қатысты жылжытылған және орнын ауыстырмауы үшін тоқтатқыш арқылы ұсталынған. Жүк корпусқа оқсауытпен қысылған, оның орнын ауыстыруы қозғалтқышпен шектелген.
Лақтыру алдында гранаттар түзетіледі (ұштары қосылады) және шплинт суырылып алынады, бұл кезде иінтірек бастапқы жағдайда (гранат корпусына қосылған) қолмен ұсталынып тұрады.
Ұшу кезінде иінтірек серіппе әсерінен лақтырылады да, шанышқысы бар соққышты босатады, ол серіппе әсерінен капсюльге түйреледі. От сәулесі капсюльден гранат құрамын жандырады.
Құрамдары жанып болған соң (1—1,8 с-тан кейін) тоқтатқыш жылжып, серіппе әсерінен қайырылатын қозғалтқышты босатады.
Бөгеумен кездесу кезінде пайда болатын артық салмақтан жүк жылжиды да, оқсауытты қозғайды, соның нәтижесінде, шанышқы капсюльді түйрейді. От сәулесі капсюльден капсюль-тұтандырғыштық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бөгеумен кездесу кезінде, нысана бергіші жұмыс істемей қалған жағдайда капсюль-тұтандырғыш құрамдар жанып болған соң (3,2—4,2 с-тан кейін) іске қосылып кеткен капсюль-тұтандырғыш импульсі арқылы іске асырылады.
Ф-1 жарықшақты қол гранатының құрылысы,
Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
Ф-1 жарықшақты қол гранаты — арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден (өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы — 200 м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы — 35—45 м. Жарақталған гранат массасы — 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты — 3,2—4,2 с.
Гранаттың құрылысы
Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатының арналу мақсаты мен құрылысы РГД-5 гранаты сияқты.
Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке — гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.
Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған семкелерде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.
Гранаттар мен тұтандырғыштарды гранатқа арналған сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында қарап алу керек. Қараған кезде гранаттың корпусында терең майысулар және қатты тоттанған тұстар болмауы тиіс.
Тұтандырғыш түтігі және тұтандырғыш таза, майыспаған, тот баспаған болуы керек; сақтандырғыш мұрындықтың ұштары ажыратылған қалпында, иілмелерінде жарықшақ болмауы тиіс. Жарықшағы бар және жасыл қақ тұрған тұтандырғыштарды пайдалануға болмайды. Алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек. Ылғалданған және ластанған гранаттар мен тұтандырғыштарды командирдің бақылауымен сүртіп кептіреді. Оларды оттың маңында кептіруге болмайды.
Гранаттар мен тұтандырғыштар мезгіл-мезгіл қаралады. Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға (тұтандырғышын салуға) рұқсат етіледі. Ұрыстық гранаттарды бөлшектеуге, олардың ақауларын жөндеуге, гранаттарды сөмкеге салмай (сақтандырғыш мұрындықтың шығыр-шығына ілінген қалыпта) алып жүруге, сондай-ақ жарылмаған гранаттарды алып жүруге тыйым салынады.
Гранат құрылысын, оларды лақтыру ережелері мен тәсілін оқу үшін оқу-еліктегіш гранаттар мен плакаттар пайдаланылады. Ұрыстық гранаттарды лақтыруға оқу және оқу-еліктегіш гранаттарды лақтыру бойынша жаттығуларды табысты орындаған жауынгерлер жіберіледі. Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
1) үйренуші болат дулыға киюі керек;
2) гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек; ақаулықтар табылған жағдайда — командирге баяндау керек;
3) қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтіп кетпейтін бой тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;
4) бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 с өткеннен кейін лақтыру керек;
5) егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және тек пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады;
6) жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялык қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде мазмұндалған ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару керек; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;
7) кол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300 м жерді қоршау керек;
8) гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бойтасаға апару керек (300 м жерге);
9) гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды — ақ жалаулармен, атыс шебін — қызыл жалаулармен белгілеу керек;
10) гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.
