
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
- •Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
- •§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
- •§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
- •§ 10. Қол гранаттары
- •Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
- •Тұтандырғыш құрылысы
- •Тұтандырғыш әрекеті
- •Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
- •§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы
- •Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу
- •Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы
- •Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу
- •Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
- •Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
- •§ 3. Атысты жүргізу
- •§ 4. Атысты тоқтату
- •Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері
- •Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
- •Қарумен саптық тұрыс.
- •§ 2. Азимут бойынша қозғалыс
- •§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.
- •§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
- •Орман және шымтезек өрттерімен күрес
- •Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
- •Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен ақ құрылымдарының іс-әрекеі
- •§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін
- •Алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,
- •Таңғыш салу құралдары мен түрлері
- •Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
- •Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама
- •§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
- •§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
Гранатты лақтыру алдында оны — сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрып салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.
Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.
Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұстап тұрылады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстың серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.
Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.
РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарының
құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы
Гранаттардың ұрыстық қасиеті мен арналуы
РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттары жергілікті жердің түрлі жағдайы мен жылдың кез келген мезгілінде +50°С-тан -50°С-ка дейінгі ауа температурасында шабуылда, қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.
Гранаттардың құрылысы
РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.
РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған.
РГН қол гранатының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі жарты шардан тұрады.
РГО қол гранатының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады. Барлық төрт жарты шарлар құрыш болаттан жасалынған.
Шабуылдағы гранаттың төменгі жарты шарына қарағанда қорғаныстағы гранаттың төменгі жарты шарында гранаттарды тез айыруға арналған сыртқы жағында кертігі болады.
Корпустардың үстіңгі жағында манжет көмегімен оған тұтандырғышты бұрап кіргізу және жарылғыш қоспаны тұмшалауды қамтамасыз ету үшін кертігі бар стақан пісіріліп бекітілген.
Тасымалдау және сақтау кезінде стақанға майланған тығын бұралып кіргізіледі. Корпустардың төменгі жарты шарларының жарылғыш қоспасындағы тереңдік түбіне детонаторлық құты қойылған, ол детонацияны тұтандырғыштан жарылғыш қоспаға беруге арналған.
Құты орнынан жылжып кетпеуі үшін төсеніш қойылады. Тұтандырғыш жарылғыш гранат бөгеуге сығылған кезінде қоспаны жару үшін арналған.
Соққыш әрекетте тоқтап қалған жағдайда тұтандырғыш 3,2—4,2 с-тан кейін арақашықтық құрылғыдан іске қосылады.
Тұтандырғыш құрылысы
Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:
— сақтандырғыш-түйрегіш механизмінен;
— нысана бергішінен;
— қашықтық құрылғысынан;
— қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;
— детонатор торабынан.
Гранат лақтырылған соң капсюль-тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеуі кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш-түйрегіш: шанышқыдан, механизм-соққыштан, сақиналы шплинттен, серіппеден, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.
Бөгеттерге гранаттардың соғылуы кезінде тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші нысана бергіші: оңсауыттан, шанышқыдан, серіппе мен тығыннан тұрады.
Гранатты лақтыру сәтінен бастап 3,2—4,2 секундтан соң детонатордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші қашықтық құрылғысы: құрамды тығыннан және капсюль детонатордан тұрады.
Гранатты лақтыру сәтінен бастап 1—1,8 секундтан соң тұтандырғыш шаппасын қайыру мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қашықтықтан шүріппені қайыру механизмі: құрамды тығыннан, бұрандалардан, қозғаушыдан, капсюльден және серіппеден тұрады.
Детонатор торабы стаканға бекітілген тығын мен капсюль-детонатордан тұрады. Аталған барлық тораптар мен механизмдер корпуста жинақталған.