
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
- •3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
- •Сабақтың барысы
- •Iiі. Білімді бағалау:
- •V. Жаңа сабақты бекіту:
- •§ 3. Калашников автоматы мен пулеметі Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
- •Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
- •§ 4. Автоматты (пулеметті) бөлектеу және жинақтау
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі:
- •Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
- •§ 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
- •§ 10. Қол гранаттары
- •Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы
- •Тұтандырғыш құрылысы
- •Тұтандырғыш әрекеті
- •Ұрыстық қасиеті және арналуы Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы
- •Гранаттың құрылысы
- •Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
- •§ 4. Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружжна (пост) жұмысы
- •Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу
- •Күшті әсер ететін улы заттардан (кәуз) түзілген ошақтар сипаттамасы
- •Кәуз ошақтарын медико-тактикалық жіктеу
- •Апат салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
- •Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
- •§ 3. Атысты жүргізу
- •§ 4. Атысты тоқтату
- •Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері
- •Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
- •Қарумен саптық тұрыс.
- •§ 2. Азимут бойынша қозғалыс
- •§ 1. Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері.
- •§ 7. Апатты жағдайлардың негізгі сипаттары және санитарлың постылар жұмысын ұйымдастыру
- •Орман және шымтезек өрттерімен күрес
- •Жер сілкіну мен қар көшкіндері болған аудандардағы құтқару жұмыстары
- •Жер сілкіну аудандарындағы тұрғындар мен ақ құрылымдарының іс-әрекеі
- •§ 1. Жаралану, қан кету және күйген кезде көрсетілетін
- •Алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату,
- •Таңғыш салу құралдары мен түрлері
- •Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
- •Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама
- •§ 2. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін қолда бар құралдарды пайдалану және бұрау мен жгут салу ережелері
- •§ 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері
Күні «__» «__»_____ Пәні: АӘД Группа: _____________ Сабақ реті № ___
Сабақтың тақырыбы §1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қарулы Күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы туралы терең мәліметтер беріп, сабаққа деген ықыласымен ізденіс білімділіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Студенттердің әскери борыштары туралы ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа қорытынды жасап, өз пікірін айтуға қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Студенттерді әскери тәртіпке үйрету, өз отанымыздың ұлтжаны, еліміздің болашағына үлес қосатын ақылды, көкірегі ояу сенімді азаматы етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: Кітап, карта, плакат, суреттер т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызып амандасу, киімдерін тексеріп студенттерді түгендеу. Студенттердің назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша сабақ айтып, бірнеше студенттерге сұрақтар қойып оған жауаптар алып үй тапсырмасын қорытындылап жаңа сабақпен байланыстыру.
Iiі. Білімді бағалау:
ІV. Жаңа сабақ: Қазақстан дүние жүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты. Мұны жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ үлес десек, ешбір асыра айтқандық емес. Сонымен қатар бұл — өз қауіпсіздігімізді камтамасыз етуге қосылған ең қомақты үлес. 1992 жылғы 7 мамырда менің Жарлығыммен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Әскери шеріктерде штаттағы офицерлік құрамның 40—45% ғана қалып, әскерлерді басқарудың біртұтас жүйесі жоқтың қасы еді. Қолымызда тозған техникаға толы қоймалар қалды, тәжірибелі ұшқыштар мен жағармайдың жоқтығынан ұшпайтын ұшақтар қалды, басқарусыз әуе қорғаныс жүйесі қалды.
1992—1998 жылдар ішінде біз Қарулы Күштерімізді қайта құрып, ал 1999 жылдан бастап, оны түбегейлі реформалауға көштік. Қазакстан Республикасының Конституциясына сәйкес, барлық азаматтарға тең құқықтық берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бірге бейбіт өмір сүруі үшін заңдық негіз жасалған. Сондықтан Қазақстан Республикасы — онда тұратын барлық қазақстандықтардың мемлекеті.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы—адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары.
Конституцияда айтылғандай, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет құрылуда. Мұның мәні — Конституция мен заңдарға сәйкес халық таптарға бөлінбейді, мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруалар, жұмысшылар, кәсіпкерлер, кызметшілер, мұғалімдер, студенттер, оқушылар, аналар, зейнеткерлер, жетімдер және т.б. жөнінде қамқорлық көрсетеді.
Егемендіктін маңызды белгісі — мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Мемлекет басшысы — Президентті Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік етеді. Қазақстан Республикасының Президенті—халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі.
Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғары үкімет органы Парламент болып табылады. Парламент екі палатадан — Мәжіліс пен Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет етеді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайласа, Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары сайлайды.
Қазақстан елінің тарихи қалыптасқан аумағы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Мемлекет аумағы бөлінгісіз және оған қол сұғылмайды. Мемлекет аумағына басқа мемлекеттің басып кіруі агрессия болып саналады, ол халықаралық құқық бойынша айыпталады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңы бойынша, біздің мемлекетіміз өз аумағын құрлықта, суда және әуе кеністігінде Қарулы Күштер арқылы қорғайды. Қазақстан шекарасын шекара әскері қорғайды. Ол аумақтың тұтастығына жасалған кез келген қастандық әрекеттерге, кез келген қарулы қақтығысқа тойтарыс беріп, адамдарды қылмыстық озбырлықтан қорғауы керек. Олар шекара бұзушыларды анықтап, ұстауы тиіс. Егемен мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының өз рәміздері бар. Олар: Елтаңба, Ту, Гимн, Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі тиіс.
Ел Президентінің 1992 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлығына сәйкес, оның құрамына әскери бірлестіктер, құрамалар, бөлімдер, мекемелер, ұйымдар мен полигондар, сондай-ақ біздің еліміздін; аумағында орналасқан Достастық елдерінің Біріккен Қарулы Күштерінің әскери мүліктері де енгізілді. 1993 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғанысы» туралы, 1993 жылдың 19 қаңтарында қабылданған «Жалпыға ортақ әскери міндеттер мен әскери қызметтер туралы» 1993 жылдың 20 қаңтарында қабылданған «Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» заңдар пакетіне сәйкес, біздің мемлекетімізде әскери құрылыстың нормативті-құқықтық базасы құрылады.
V. Жаңа сабақты бекіту: Қазақстан Республикасының 1993 жылы ақпанда қабылданған алғашқы Әскери Доктринасы қарулы Күштерді құру үшін нақты қуатты серпін берді. Қазақстан Республикасының жаңа Әскери Доктринасы Қазакстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілді.
VI. Үй тапсырмасы: §1. Оқып келу, сабақ айтуға өз ойын білгенің басқа студенттерге айтып жеткізуге дағдыландыру.
VII. Сабақты қорыту: Қорытындылай келе сабақты Халықаралық жағдай күн сайын шиеленісіп жатқан бүгінгі кезең республика Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен қырағылығын талап етіп отыр. Қарулы Күштерінің тұрақты жауынгерлік дайындығы, біздің мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сенімді қорғау қабілеті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады.
Күні «__» «__»_____ Пәні: АӘД Группа: _____________ Сабақ реті № ___
Сабақтың тақырыбы § 2. Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы туралы терең мәліметтер беріп, сабаққа деген ықыласымен ізденіс білімділіктерін арттыру.