Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
strahovanie shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
691.2 Кб
Скачать

44.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері

Сақтандыру коды (шартты түрде) –A,B,C,D. Сақтандырумен жабылатын негізгі қызметтердің түрі-1,2,3,4. 1) Емдеу орталықтарында зардап шеккен адамдарды орналастыру, жазатайым жағдайлар кезінде немесе аяқ астынан ауырған кезде көрсетілетін медициналық қызметтердің шығыны. (жағдай болған жерлердегі «қалдықтарды» экспертиза үшін жинау). 2) А варианттарындағы қызметтер, орындалады. Сақтандырылатын адамдарға туған-туыстарының келуі, жолы төленеді, стоматологиялық қызмет көрсетеді. (жазатайым жағдайының себебінен алған жарақаттық салдарынан ауырғанда). 3) В варианты қызметтер орындалады, заңгерлік (адвокатпен байланысу мүмкіндігі) және әкімшілікті қызмет көрсетеді (дұрыс жөнелтілген қол жүгін қайтарып беру, жоғалтып алынған құжаттардың орына жаңасын рәсімдеу).4) С вариантындағы қызметтер орындалады, жеке автокөлігі сынған кезде немесе жүргізуші ауырған кезде сәйкесінше қызметтер көрсетіледі.

Шетелге шығушы туристерге берілетін сақтандыру полистерінде көрсетілген сақтандыру кодтары бойынша қызметтер кешені көрсетіледі және де ол сақтандыру полисінің құнына кіреді.

Қазақстандық студенттердің шетелдерге ағылшын тілін үйрену курстарына бару үшін қажетті құжаттар:

  • Анкета

  • Екі ұсыныс хат

  • Ағылшын тілінде өзің туралы хат

  • Үш түрлі түсті фотосурет 5*5

  • Виза алу үшін құжаттар

  • Күндізгі бөлімнің студенттері үшін оқу орнынан анықтама, студеттік билеттің көшірмесі

  • Денсаулығының жағдайы жайлы анықта.

Программаға қатыса алатындар:

  • ЖОО-ның күндізгі бөлімінің (соңғы курстың студенттері) студенті болып табылатындар

  • ЖОО-ның түлектері, 18-ден 30 жасқа дейіңгі жастар

  • Ауызша ағылшын тілін меңгеретіндер.

Программаға қатысу үшін:

  • Ағылшын тілінде әңгімелесуді керек

  • Анкетамен келісім шартты толтыру керек.

Ал елдерге келетін болсақ, бұл жерде елдің тарихы, орналасқан жері, ауа райы жайы, қонақ үйлер, қонақ үйлердегі қызмет көрсету туралы, транспорт жайлы, ірі туристік қалалары жайлы, визаның жасалуы, кедендік ережелер жайлы жазылады.

Бұл жерде мына елдер жайлы ақпараттарды табуға болады:

  • Франция, Швейцария, Италия, Англия, Испания, Греция, Австралия, Чехия, Израиль

  • Қытай: Пекин; БАЭ, Туркия

  • Аралдар: Сайпан, Хайнань, Мальта, Кипр, Мальдивы, Ямайка, Таити

  • Теңіздегі круизар

  • Шетелдерге оқу: Ұлыбритания, Австралия, Франция, Испания, АҚШ және т.б.

  • Экскурсиялар: Шарын шаткалы, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау курорты, Түрген сарқырамасы және басқалар.

Бұл туристік фирма сонымен қатар туристік қоғамдық өмірге үлкен қызығушылық білдіреді, барлық маңызды туристік іс-шараларға қатысады, тек қана Қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік көрмелерге қатысып оған қаржы бөліп отырады.

45.Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар.

Туристердің қауіпсіздігі деп туристердің жеке қауіпсіздігі, олардың мүлкінің сақталуы және саяхат кезінде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшінші елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешені түсіндіріледі. Қауіпсіздік туризмді дамытуға, ең алдымен келушілер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететін басты фактор. Туристердің қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай ақ туристің жеке басының іс әрекетіне тікелей байланысты.Тұтынушыға туристік сапар барысында қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру оған қауіпсіздікті басқа да тауарлар мен қызмет көрсетулер мен бірге қауіпсіздік пен сапа баға тұрғысынан алып қарағанда, маңызды элемент болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ұғынуға көмектеседі. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар: - денсаулығы үшін қауіп қатер тудыратын табиғи апаттан қорғау; - әлеуметтік тәртіпсіздіктертерден сақтау; - террорлық әрекеттерден сақтау; - қөлік жұмысындағы елеулі іркелістерді болдырмау; - індеттерден сақтау. Туристік жорықтардағы қауіпсіздік туристердің жеке қауіпсіздігін, олардың мүліктерінің сақталуын сондай-ақ саяхат барысында қоршаған ортаға зиян келтірмеуді қарастырады. Туроператорлар және турлар туристерге саяхат барысында мүмкін болатын қауіп қатерлер туралы толық ақпарат беруге тиісті. Сонымен қатар олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды жасауы қажет. Егерде туристер қауіпті инфекциялық аурулары бар және оның тәуекелі жоғары болатын елдерге саяхатқа шыққан кезде, олар халықаралық –медициналық талаптарға сәйкес алдын ала профилактикадан өтуі қажет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]