Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
strahovanie shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
691.2 Кб
Скачать

35.Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.

Туристерді сақтандырудың спецификалық түрлеріне негізінен медициналық,қауіпсіздігін және мүлкін сақтандыру түрлерін жатқызамыз.

Медициналық сақтандыру — бүл жүмыс берушілердің, аза-маттардық сақтық жарналары мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырган, жарақат алған жағдайда дснсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибут-тарының бірі болып табылады. Мысалы; АҚШ-та "Медикэр" жүйесі — егде адамдар үшін, "Медикэйд" жүйесі — кедейлер, жүмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де — сырқатты сақтан-дыру- Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттсгідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жүмыс берушілердің, қызметкерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жүмыс істейді және ны-сандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Ме-дициналық сақтык қорғаудың ұжымдық (салалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақ-тық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтау-шылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараланған.Өмірді сақтандыру –азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мудделерін заладан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады. Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.Саяхат кезінде туристердің қауіпсіздігін және мүлкін сақтандырамыз.Өзге мемлекет жерінде ешқандай зиян шекпеуі тиіс.

36.Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.

Туризмнің дамуы белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада жүзеге асады, және де ол оның нәтижесінде шешуші бір әсер етеді. Бұл әсер әр уақытта жағымды немесе оң түрде болса бермейді. Сол себептен де туризм саласындағы орын алатын физикалық және әлеуметтік сипаттағы қауіп қатерлер туризм индустриясындағы субъектілердің назарында болуы керек және де есепке алынуы тиіс. Олар туристік қызметтегі қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп қатерлердің алдын алуын қажет, және де олардың мүмкіндігін неғұрлым төмендету керек.

Туристік жорықтардағы қауіпсіздік туристердің жеке қауіпсіздігін, олардың мүліктерінің сақталуын сондай-ақ саяхат барысында қоршаған ортаға зиян келтірмеуді қарастырады.

Туроператорлар және турлар туристерге саяхат барысында мүмкін болатын қауіп қатерлер туралы толық ақпарат беруге тиісті. Сонымен қатар олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды жасауы қажет. Егерде туристер қауіпті инфекциялық аурулары бар және оның тәуекелі жоғары болатын елдерге саяхатқа шыққан кезде, олар халықаралық –медициналық талаптарға сәйкес алдын ала профилактикадан өтуі қажет. Осыған орай Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы туристік ұйымдар мен туристердің өздері үшін басшылыққа алынатын «Шетелге жорыққа шығу кезінде салынатын прививкалар куәлігіне қойылатын талаптар» жасады. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы қатерлі инфекциялардың тарлу мүмкіндігін, сонын ішінде туризм арқылы таралу мүмкіндігін «эпидемиялогиялық жылнама» және ұсыныстар шығарып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]