- •1.Сақтандырудың қайнар көзі және оның қажеттілігі.
- •2.Сақтандырудың негізі.
- •3.Қазақстанда сақтандыруның пайда болуы.
- •4.Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
- •5.Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •6.Сақтандырудағы тәуекелділік.
- •7.Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •8.Микро деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •9.Сақтандырудағы жүйелеудің негізгі принциптері.
- •10.Туристік сақтандыру тәуекелділігі.
- •11.Макроэкономикалық деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •12.Міндетті және ерікті сақтандыру программаларының ерекшеліктері.
- •13.Жасыл карта жүйесі.
- •14.Туристерді сақтандыру кезінде жүргізетін негізгі сақтандыру шараларының түрлері.
- •15.Қауіп қатердің көздері.
- •17. Туризмдегі сақтандыру ерекшеліктері.
- •25 Сақтандыру нарығының құрылымы.
- •26 Сақтандырудың ерекшелiктерi
- •27 Қазақстандагi сақтандыру компанияларына сипаттама.
- •28 Сақтандыру компанияларының негізгі функциялары
- •29 Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі.
- •30 Сақтандыру полисында қандай дәрігелік шығындар қарастырылмайды.
- •31.Сақтандыру объектісіне төленетін сомаларды шығару.
- •32.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •33.Жекелей сақтандыру формаларын анықтау.
- •34.Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •35.Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •36.Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •37.Туристік қызметті жобалау.
- •38.Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •39.Туристерді сақтандырудың спецификалық түрлерін анықтау.
- •41.Туристердің жеке басын сақтандырудағы тарифтер
- •42.Туризмдегі сақтандыру жарнамасының ерекшкліктері
- •43.Туристік қызметті сақтандырудағы жарнама шығындарын есептеу.
- •44.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •45.Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар.
- •46)Туристік қызметті жобалау
- •47) Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы іс-шараларды ұйымдастыру.
- •48)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •49)Авто көліктерді сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру.
- •50)Сақтандыру кезеңі және сақтандыру сомасын анықтау.
- •51)Сақтандыруға жатпайтын туристермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар.
- •52)Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •53)Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар.
- •54)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері.
- •55)Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •56)Жекелей сақтандыру формаларын анықтау
- •57)Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •58)Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •59)Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •60)Туристік қызметті жобалау
25 Сақтандыру нарығының құрылымы.
Сақтандыру нарығы дегеніміз –бұл ерекше әлеуметтік-экономикалық орта және де сату және сатып алу объектісі ретінде сақтандыру қорғаушысы жүретін экономикалық қатынастардың сферасы болып табылады. Сақтандыру нарығына төмендегілер тән:
• Қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету үшін, сақтандыру қорларын бөлу және қалыптастыру бойынша қатынастардың ұйымдастыру формасы.
• Сақтандыру процессін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымның (сақтандырушылардың) жиынтығы
Сақтандыру нарығының құрылымы.
Институцианалдық аспект:
• Ол акционерлік қоғамдар;
• Мемлекттік органдар;
• Коорпаративтік қоғамдар;
• Өзара сақтандыру қоғамдар.
Територриялық аспектіде:
• Жергілікті (аймақтық) сақтандыру;
• Ұлттық (ішкі нарық) сақтандыру;
• әлемдік (сыртқы нарық) сақтандыру.
26 Сақтандырудың ерекшелiктерi
Мүлікті сақтандырудың жіктелуі ерекшелігі өзара иерархиялық байланысы жоқ қауіптерді ажырату болып табылады:
- өрттен мүлікті сақтандыру;
- ауылшаруашылық егістерін құрғақшылық пен басқа да табиғат апаттарынан сақтандыру;
- жануарларды жаппай қырылудан және еріксіз союдан сақтандыру;
- көлік құралдарын апаттан, алын қашудан және т.б. қауіптерден сақтандыру;
Меншік мемлекет иелігінен алынуы мемлекетті халықшаруашылығына әкімшілік басшылық ету мүмкіндігінен айырады. Осындай жағдайда сақтандыру зиянның орнын толтырудың жалғыз тиімді және мүмкін тәсілі болып отыр.
Инвестицияны, сыртқы сауданы және т.б. объектілерді мемлекетаралық қатынастарда қорғау тек сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге асырылады. Сақтандыру қызметтері тәуекелдік, ескертушілік, жинақтаушылық және бақылау функциясы болып бөлінеді.
Ескертушілік қызметі – сақтандыру резервтерінің қаражат арқылы сақтандыру тәуекелділігін азайтуға бағытталған, өрт пен кездейсоқ оқиғалармен күресу шараларын алдын-ала ескерілуін жоспарлау және қаржыландырумен байланысты.
Сақтандырудың жинақтаушылық функциясы – ең алдымен өмірді, ұзақ мерзімге сақтандыру арқылы іске асырылады. Өмірді сақтандыруда сақтандыру категориясы шын мәнінде қаражат жинақтауына қарай несие қатынастарына жатады.
27 Қазақстандагi сақтандыру компанияларына сипаттама.
Сақтандыру саласының дамуының міндетті шарты сақтандыру қызметіне қажеттіліктің болуы және осы қажеттелікті қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа бетбұрысы экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының орны мен рөлін түпкілікті өзгертіп жібереді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өміріндегі толық құқықлы субъектілерге айналады.
Қызмет жасаушы сақтандыру нарығы әртүрлі құрылымдық буындарын тұратын күрделі, біріктірілген жүйені бейнелейді. Оны №1 қосымшадан көруге болады:
Сақтандыру қызметінің бастаушы буыны – сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы буында сақтандыру қорының қалаптасуы және пайдалану процесі жүреді, экономикалық қатынастардың бір түрі қалыптасса, екінші біреулері пайда болып, жеке, топтық, ұжымдық мүдделер өзара ұштасып жатады.
Сақтандыру компаниясы – сақтандыру қорының қызмет жасауының тарихи анықталған қоғамдық тұрапты. Бұл компания сақтандыру шарттарын жасайтын және қызметін көрсететін дараланған құрылым. Сақтандыру компаниясының даралығы, оның ресурстарының толықтай өзінікі болуын және өзіндік толық ресурстар айналасының болуымен айқындалады. Экономикалық дараланған сақтандыру компаниялары өздерінің басқа сақтандырушылармен қарым-қатынастын қайта сақтандыру және бірлесе сақтандыру негізінде құрады. Кез-келген адам өз табысын өз еркімен жұмсай алады және оның қандай бөлігін тұтынуға, қандай бөлігін жинақтауға бөлінетін өдігінше шешеді. Осының барлығын сақтандыру нарығы кеңейтілген сақтандыру қызметінің түрлерінің жиынтығын ұсынғанда ескертіп отыр.
Сақтандыру қызметі экономикалық бәсеке кезіндегі реттеуші қызметті атқарады. Бәсекенің өзі сақтандыру нарығындағы жетістікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл жетістіктерге жету үшін сақтандырушы сақтық қоғамының қызметкерлерін әрдайым жаңа мүмкіншілігі мен клиенттерді іздестіруге, қызмет көрсетудің түрлері мен әдістерін жетілдіруді бағалап отырады.
Кең мағынада алғанда сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып алу бойынша экономикалық қатынастардың барлық жиынтығын көрсетеді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырушының арасындағы органикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Сақтандыру нарығының қызмет етуінің ең маңызды экономикалық заңдарды: құн заңы және сұраныс пен ұсыныс заңы.
Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығының пайда болу кезінде қалыптасты және оның ажырамас маңызды элементі болып табылады. Екеуінің де пайда болу шарты-еңбектің қоғамдық бөлінісінің және әртүрлі меншік иелерінің дараланған тауар өндірушілерінің болуы. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар субъектілерінің өз бетінше қызмет етуін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу мәселесіндегі тең құқылы бірлесе қызмет жасауын, көлденең және тіке байланыстардың дамыған жүйесінің болуын ескертеді.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде үстемдік етудің ең қауіпсіз жағдайы саладғы 10 және одан да көп бәсекелестердің қызмет жасауы, олардың ішіндегі ең ірісінің үлесі жалпы сақтандыру қызметін сатудың жалпы көлемінің 31-нан, екеуінің 44-дан, үшеуінікі 54-дан, төртеуінікі 64-дан аспауы қажет. Егер осы арақатынас бұзылса, мемлекет экономикалық санкциялар қоладынп сақтандырушылардың қатысуын шектейді.
Сақтандыру нарығының құрылымы институционалдық және айсақтық аспектілермен сипатталады.
Институционалдық аспект – ол акционерлік, коперативтік, өзара және мемлекеттік сақтандыру компаниялары түрінде көрсетіледі. Аймақтық аспектіде- жергілікті сақтандыру нарығын, ұлттық және әлемдік сақтандыру нарығын бөлуге болады. Нарықтық қатынастардың дамуы қоғамдық – экономикалық прогресс жолындағы аймақтық кедергілерді жойып, интеграциялық процестерді күшейту арқылы ұлттық сақтандыру нарығын әлемдік нарыққа қосуға жеткізеді. Осындай интеграцияның нәтижесінде ЕҚ-мүше елдердің жалпы еуропалық сақтандыру нарығы саласы құрылды.
