- •1.Сақтандырудың қайнар көзі және оның қажеттілігі.
- •2.Сақтандырудың негізі.
- •3.Қазақстанда сақтандыруның пайда болуы.
- •4.Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
- •5.Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •6.Сақтандырудағы тәуекелділік.
- •7.Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •8.Микро деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •9.Сақтандырудағы жүйелеудің негізгі принциптері.
- •10.Туристік сақтандыру тәуекелділігі.
- •11.Макроэкономикалық деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •12.Міндетті және ерікті сақтандыру программаларының ерекшеліктері.
- •13.Жасыл карта жүйесі.
- •14.Туристерді сақтандыру кезінде жүргізетін негізгі сақтандыру шараларының түрлері.
- •15.Қауіп қатердің көздері.
- •17. Туризмдегі сақтандыру ерекшеліктері.
- •25 Сақтандыру нарығының құрылымы.
- •26 Сақтандырудың ерекшелiктерi
- •27 Қазақстандагi сақтандыру компанияларына сипаттама.
- •28 Сақтандыру компанияларының негізгі функциялары
- •29 Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі.
- •30 Сақтандыру полисында қандай дәрігелік шығындар қарастырылмайды.
- •31.Сақтандыру объектісіне төленетін сомаларды шығару.
- •32.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •33.Жекелей сақтандыру формаларын анықтау.
- •34.Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •35.Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •36.Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •37.Туристік қызметті жобалау.
- •38.Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •39.Туристерді сақтандырудың спецификалық түрлерін анықтау.
- •41.Туристердің жеке басын сақтандырудағы тарифтер
- •42.Туризмдегі сақтандыру жарнамасының ерекшкліктері
- •43.Туристік қызметті сақтандырудағы жарнама шығындарын есептеу.
- •44.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •45.Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар.
- •46)Туристік қызметті жобалау
- •47) Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы іс-шараларды ұйымдастыру.
- •48)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •49)Авто көліктерді сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру.
- •50)Сақтандыру кезеңі және сақтандыру сомасын анықтау.
- •51)Сақтандыруға жатпайтын туристермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар.
- •52)Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •53)Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар.
- •54)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері.
- •55)Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •56)Жекелей сақтандыру формаларын анықтау
- •57)Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •58)Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •59)Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •60)Туристік қызметті жобалау
15.Қауіп қатердің көздері.
16 |
Лицензия беру кезіндегі реттілік пен қажеттілік. |
17. Туризмдегі сақтандыру ерекшеліктері.
Өзіне таныс емес қоршаған орта, басқа климат тамақтанудың басқа режимі, судың химиялық құрамының өзгеруі және әр түрлі аяқ асты жағдайлар және күтпеген оқиғалар туристердің денсаулығы үшін белгілі бір қауіп тудыруы мүмкін. Осыған орай туристерді сақтандыру бағдарламасы шетелге шығатын туристерді жоғарыда аталғандай тәуекелдерді ескерту және олардың салдарымен күресу жөнінде белгілі бір мақсаттарды қояды. Туризм саласына қатысты сақтандыру дегеніміз –белгілі бір жағдайлар (сақтандыру тәуекелдері немесе жағдайлар) орын алған кезде сақтандырудың орнын толтыратын төлемдер арқыыл сақтандыру жарнамаларынан құрылатын ақша қорлары (сақтандыру қорлары) есебінен заңды немесе жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Туризмдегі сақтандыру өзінің алдына турстік іс-әрекеттің тәжірибесінде мүмкін болатын, бірақ міндетті емес алдын ала қарастырылған жағдайлардың жағымсыз әсерлерінен болатын зияндардың орнын толтыруды мақсат етіп қояды.
Туризмдегі сақтандыру белгілі бір құқықтық нормативтік құжаттармен реттелінеді. Туризм сферасындағы сақтандыру түрлері туристі және оның мүлкін сақтандыру, соның ішінде өмірін және денсаулығын сақтандыру туристік фирмалардың тәуекелдерін сақтандыру және т.б. Түрлерге бөлінеді. Сақтандырудың айрықша түрлері ретінде көлік құралдарының кешігуі, демалыста сақтандырылатын тұлғалардың жүрген жеріндегі ауа-райының нашарлауы және жолдамадан немесе ваучерде көрсетілген туристік қызметтерді пайдалану немесе толығымен пайдаланбау кезінде болатын жағдайларды сақтандырулар жатады. Көптеген елдердегі заңнама бойынша жүргізушілердің азаматтық жауапкершілігі және сонын ішінде автокөлік иесінің (автотурист) жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру қарастырылады, шекарадан өткен кезде жүргізуші немесе автотурист сақтандыру полисін алу қажет немесе рәсімдеуі қажет. Еуропа одағында автотуристер үшін мұндай сақтандыру түрін алуды «жасыл карта » дейді. Ол бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері автомобильдің классына және жорықтың ұзақтығына байланысты белгіленеді.
18. Туристердің мүліктерін сақтандыру.
Туризмнің дамуы белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада жүзеге асады, және де ол оның нәтижесінде шешуші бір әсер етеді. Бұл әсер әр уақытта жағымды немесе оң түрде болса бермейді. Сол себептен де туризм саласындағы орын алатын физикалық және әлеуметтік сипаттағы қауіп қатерлер туризм индустриясындағы субъектілердің назарында болуы керек және де есепке алынуы тиіс. Олар туристік қызметтегі қауіпсіздікке төнетін әр түрлі қауіп қатерлердің алдын алуын қажет, және де олардың мүмкіндігін неғұрлым төмендету керек.
Туристік жорықтардағы қауіпсіздік туристердің жеке қауіпсіздігін, олардың мүліктерінің сақталуын сондай-ақ саяхат барысында қоршаған ортаға зиян келтірмеуді қарастырады.
Туроператорлар және турлар туристерге саяхат барысында мүмкін болатын қауіп қатерлер туралы толық ақпарат беруге тиісті. Сонымен қатар олар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық мүмкін болатын шараларды жасауы қажет. Егерде туристер қауіпті инфекциялық аурулары бар және оның тәуекелі жоғары болатын елдерге саяхатқа шыққан кезде, олар халықаралық –медициналық талаптарға сәйкес алдын ала профилактикадан өтуі қажет. Осыған орай Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы туристік ұйымдар мен туристердің өздері үшін басшылыққа алынатын «Шетелге жорыққа шығу кезінде салынатын прививкалар куәлігіне қойылатын талаптар» жасады. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы қатерлі инфекциялардың тарлу мүмкіндігін, сонын ішінде туризм арқылы таралу мүмкіндігін «эпидемиялогиялық жылнама» және ұсыныстар шығарып отырады.
Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі:
- оба (чума);
- оспа –қабыну, ісіну аурулары;
- індет (Холера);
- сары ауру (Желтая лихорадка);
- ЖҚТБ (Вич–Спид).
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы БТҰ (ЮНВТО)-мен белгілі бір жұмыс келісімін жасаған, оған сәйкес санитарлық бақылаудан өтумен байланысты барлық рәсімделу туралы ақпаратын «Шетелдік туризм – шекаралық рәсімдеулер» баспа жинағында шығып тұрады. Негізінен онда белгіленген халықаралық үлгідей сертификаттармен бекітілген прививкаларды жасау қажет елдердің тізімі көрсетіледі.
Саяхаттар кезінде қауіпті инфекциялық ауруларды болдырмас үшін белгілі бір медициналы-санитарлық ережелер бар. Осы ережелер жорық басталғанға дейін клиенттерге міндетті түрде туристік –экскурсиялық қызмет көрсету стандарты бойынша ақпараттық парақтар түрінде жеткізілуі қажет. Туристік жолдамалардың типтік формасында турист өзі баратын ел туралы және ондағы мінез-құлықтық, іс-әрекеттік ерекшеліктер жөнінде саяхаттың ақысын төлемей тұрып, толық танысуы қажет және сол туралы толық ақпарат алу керектігі жөнінде ескерту болады, турист оған өзі қол қою арқылы міндеттенеді. Өйткені шетелге шыққан кезде турист экстрималды жағдайда болады.
Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілгін міндетті сақтандырудың мақсаты өздерінің туристік қызметтер көрсетуді кезінде туристердің мүліктік және өзге де мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатындықтан, туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі осы туроператордың немесе турагенттің туристік өнімді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде туристің мүліктік немесе өзге де мүдделеріне келтірілген зиянды олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесін нысаналайды. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі принциптеріне: туристің мүліктік немесе өзге де мүдделерін қорғауды заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қамтамасыз ету; туроператордың және турагенттің өз қызметін туроператордың және турагенттің өз қызметін туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болғанда ғана жүзеге асыруы; туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету қауіпсіздігін арттыруға орай экономикалық мүдделілігі жатады. Сонымен, өркениетті туристік қызметтер көрсету жөніндегі лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыратын туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру заң жүзінде белгіенген осындай және т.б. Мән-жайларды қамтиды.
19. Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар.
Маркетинг стратегиясын әзірлеу. Ұлттық туристік өнім және оны дамытудың әлеуметіне сәйкес маркетинг стратегиясын әзірлеу қажеттілігі бар.
Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:
- Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
- Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
- Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
- Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
- Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі нарықтарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
- Нарықтың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
- Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік нарыққа жылжыту;
- Ғылыми негізделген өткізу әлеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
- Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
- Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын пайдалану ауқымын ұлғайту.
Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет, яғни Қазақстанның туристік бейнесін қалыптастыру.
Жерлері Ұлы Жібек жолының учаскесінде сан алуан тарихи оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.
Қазақстанның тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.
Беделді көтерудің негізгі іс-шаралары Қазақстанның туристік фирмаларымен агенттіктерінің халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның ішінде ДТҰ тарапынан өткізілетіндеріне қатысуы, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағында осыған ұқсас іс-шаралар ұйымдастыру болуға тиіс. Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға ықпал ететін конгрестік туризмді дамытудың маңызы бар.
20 Шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру.
Шетелге шығушы туристерге берілетін сақтандыру полистерінде көрсетілген сақтандыру кодтары бойынша қызметтер кешені көрсетіледі және де ол сақтандыру полисінің құнына кіреді.
Қазақстандық студенттердің шетелдерге ағылшын тілін үйрену курстарына бару үшін қажетті құжаттар:
- Анкета
- Екі ұсыныс хат
- Ағылшын тілінде өзің туралы хат
- Үш түрлі түсті фотосурет 5*5
- Виза алу үшін құжаттар
- Күндізгі бөлімнің студенттері үшін оқу орнынан анықтама, студеттік билеттің көшірмесі
- Денсаулығының жағдайы жайлы анықта.
Программаға қатыса алатындар:
- ЖОО-ның күндізгі бөлімінің (соңғы курстың студенттері) студенті болып табылатындар
- ЖОО-ның түлектері, 18-ден 30 жасқа дейіңгі жастар
- Ауызша ағылшын тілін меңгеретіндер.
Программаға қатысу үшін:
- Ағылшын тілінде әңгімелесуді керек
- Анкетамен келісім шартты толтыру керек.
Ал елдерге келетін болсақ, бұл жерде елдің тарихы, орналасқан жері, ауа райы жайы, қонақ үйлер, қонақ үйлердегі қызмет көрсету туралы, транспорт жайлы, ірі туристік қалалары жайлы, визаның жасалуы, кедендік ережелер жайлы жазылады.
Бұл жерде мына елдер жайлы ақпараттарды табуға болады:
- Франция, Швейцария, Италия, Англия, Испания, Греция, Австралия, Чехия, Израиль
- Қытай: Пекин; БАЭ, Туркия
- Аралдар: Сайпан, Хайнань, Мальта, Кипр, Мальдивы, Ямайка, Таити
- Теңіздегі круизар
- Шетелдерге оқу: Ұлыбритания, Австралия, Франция, Испания, АҚШ және т.б.
- Экскурсиялар: Шарын шаткалы, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау курорты, Түрген сарқырамасы және басқалар.
Бұл туристік фирма сонымен қатар туристік қоғамдық өмірге үлкен қызығушылық білдіреді, барлық маңызды туристік іс-шараларға қатысады, тек қана Қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік көрмелерге қатысып оған қаржы бөліп отырады.
Жыл сайын «Вояж» туристік фирмасы «Туризм және саяхат» атты көрмеге қатысады, себебі:
- Көрмедегі бір күндік жұмыс, кеңседегі бір жылдық жұмысқа тең
- Көрме – экономиканың айнасы
- Көрме – бұл іскерлік белсенділіктің орталығы
- Көрме – бұл жарнаманың тиімді түрі
- Көрме – бұл ең тиімді маркетингтік құрал.
Осы бизнестің көптеген ұсас түрлері болғанымен маманданған көрмелер бұрынғыша өнімнің ең әсерлі жарнамасы болуда және өндірушуден нарыққа ең қысқа жолы болып табылады.
Әлемдік статистикаға жүгінсек мекемелердің көбінесе сатудың 40% көрменің арқасында іске асады.
Компаниялардың көзқарасы бойынша газеттердегі жарнама немесе арнайы каталогтарды, проспектерді және коммерциялық ұсыныстарды жіберу өткізу нарығын қамту жұмысында көрмелік байланыстарға қарағанда ең тиімді емес.
Туристік көрмелерде қатысу екі мақсатты болады:
1. Іскерлік серіктестік байланысты кеңейту
2.Өзінің өніміне соңғы тұтынушыларды тарту.
Бұл байланыста екі стратегиялық жол құрылады – біреуі басқа мекемелерді қызметтес болуға шақыру, екіншісі – тұтынушыларға бағытталған.
Компания ұсынатын орындардың иісін, түсін, дәмін беруге тырысады, көрмеге естеліктер дайындайды.
Сонымен қатар көрмеге турфирманың өнімін демонстрациялайтын жарнамалық материал жасалады. Көрмеге дайындалу барысында компания әр тілде жеткілікті мөлшерде карточкалар дайындайды.
Туристік стендте жұмыс істеу үшін туристік фирма өзінің ең жақсы фирманың өнімін, шетел тілін білетін және тұтынушылармен араласуда тәжірибесі бар қызметкерлерін таңдайды. Фирманың көрмедегі стенді арқылы оның жұмысы және бәсекелестері туралы қорытынды жасауға болады. Стендтің қалай жұмыс істегенінен бүкіл компанияның жұмысы туралы көзқарас қалыптасады.
21 Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері.
Шетелге шығатындар үшін сақтандыру қызметтері.
Сақтандыру коды (шартты түрде) Сақтандырумен жабылатын негізгі қызметтердің түрі.
А Емдеу орталықтарында зардап шеккен адамдарды орналастыру, жазатайым жағдайлар кезінде немесе аяқ астынан ауырған кезде көрсетілетін медициналық қызметтердің шығыны. (жағдай болған жерлердегі «қалдықтарды» экспертиза үшін жинау).
В А варианттарындағы қызметтер, орындалады. Сақтандырылатын адамдарға туған-туыстарының келуі, жолы төленеді, стоматологиялық қызмет көрсетеді. (жазатайым жағдайының себебінен алған жарақаттық салдарынан ауырғанда).
С В варианты қызметтер орындалады, заңгерлік (адвокатпен байланысу мүмкіндігі) және әкімшілікті қызмет көрсетеді (дұрыс жөнелтілген қол жүгін қайтарып беру, жоғалтып алынған құжаттардың орына жаңасын рәсімдеу).
D С вариантындағы қызметтер орындалады, жеке автокөлігі сынған кезде немесе жүргізуші ауырған кезде сәйкесінше қызметтер көрсетіледі.
22 Лицензиялау түсінігі
Туристік нарықтағы заңнамалық база «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, өзге де нормативтік құқықтық келісімдерге сәйкес әзірленіп және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі.
Шетелдік заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасы аумағында құрылған әрі турагенттік қызметті жүзеге асырушы филиалдары мен өкілдіктері Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарына арналған сондай шарттарымен және тәртіппен лицензиялануы тиіс.
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады.
Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия беру тәртібі мен шарттары. Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
3аңды тұлға - өтінушінің филиалдары мен өкілдіктері құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкілдік туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға көрсетілуі тиіс. Заңды тұлға - өтінуші филиал немесе өкілдік ашқан жағдайда, 30 күн ішінде лицензиарды хабардар етеді.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
23 Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері.
Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
- жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
- білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
- туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
- «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарты;
- тасымалдаушымен шарттар;
- туристік жолдама, турист жарнамасы;
- туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;
- жарнамалық ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бөктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адамдар оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы және медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;
- әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;
- туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.
Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
- кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп өту тәжірибесі;
- әзірленген туристік бағыттар;
- денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.
Белгілі бір жағдайларда лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып aлy және оның колданылуын тоқтата тұру жағдайлары да заңнамалық тұрғыда қарастырылады.
Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:
- туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдер мен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;
- лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себебтерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;
- лицензиялық алым енгізілмесе;
- өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;
- өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен тиым салынған сот шешімі бар болса.
24 Қазақстандағы міндетті сақтандыру қызметін құқұқтық реттеудегі туроператорлар мен турагенттердің атқаратын міндеттері.
Негізінен туристік саладағы лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі. Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.
Туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығына лицензия өтінушіге заңнамада көрсетілген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда беріледі.
Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
-белгіленген нысан бойынша өтініш;
-лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
-жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
-кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
-меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
-білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
-туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
-туристік жолдаманың және туристік жарнамасының көшірмесі;
-экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар, экскурсия жүргізушілер тізімі;
-жарнамалық-ақпараттық материалдар ;
-туристік бағыттардың тізілімі;
-туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
-«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
-туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
- жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдык-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
- білімі және жұмыс өтілі туралы құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;
- туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтык жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;
- туристік жолдаманың және туристік жарнамасының көшірмесі;
- экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар, экскурсия жүргізушілер тізімі;
- жарнамалық-ақпараттық материалдар ;
- «Қазақстан Республикасындағы туралы» Заңның 17-ші бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
- туристерге арналған кёлетін және баратын елі туралы ақпарат.
Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялау үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
- жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;
- меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
- штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адамдар оқу орнын бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы және медициналық анықтамасы бар жолбасшылар экскурсия жүргізушілер тізімі;
- жарнамалық-ақпараттық материалдар;
- туристік бағыттардың тізілімі;
- туристерге қызмет көрсету бағдарламасы.
Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
- белгіленген нысан бойынша өтініш;
- лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп өту тәжірибесін растайтын құжаттар;
- әзірленген туристік бағыттардың карта - сызбалары және сипаттамалары;
- денсаулығының психикалық жай-күйі туралы және медициналық анықтама.
