
- •1.Сақтандырудың қайнар көзі және оның қажеттілігі.
- •2.Сақтандырудың негізі.
- •3.Қазақстанда сақтандыруның пайда болуы.
- •4.Сақтандыру кезеңдері және олардың ерекшеліктері.
- •5.Сақтандырудағы қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •6.Сақтандырудағы тәуекелділік.
- •7.Халықаралық сақтандыруда қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктер.
- •8.Микро деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •9.Сақтандырудағы жүйелеудің негізгі принциптері.
- •10.Туристік сақтандыру тәуекелділігі.
- •11.Макроэкономикалық деңгейдегі сақтандыру функциялары.
- •12.Міндетті және ерікті сақтандыру программаларының ерекшеліктері.
- •13.Жасыл карта жүйесі.
- •14.Туристерді сақтандыру кезінде жүргізетін негізгі сақтандыру шараларының түрлері.
- •15.Қауіп қатердің көздері.
- •17. Туризмдегі сақтандыру ерекшеліктері.
- •25 Сақтандыру нарығының құрылымы.
- •26 Сақтандырудың ерекшелiктерi
- •27 Қазақстандагi сақтандыру компанияларына сипаттама.
- •28 Сақтандыру компанияларының негізгі функциялары
- •29 Халықаралық деңгейдегі мәнге ие карантинді аурулардың түрі.
- •30 Сақтандыру полисында қандай дәрігелік шығындар қарастырылмайды.
- •31.Сақтандыру объектісіне төленетін сомаларды шығару.
- •32.Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •33.Жекелей сақтандыру формаларын анықтау.
- •34.Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •35.Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •36.Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •37.Туристік қызметті жобалау.
- •38.Турист және туртоптың жетекшісі сақтандыру қаупі төнген жағдайда қолданылатын шаралар
- •39.Туристерді сақтандырудың спецификалық түрлерін анықтау.
- •41.Туристердің жеке басын сақтандырудағы тарифтер
- •42.Туризмдегі сақтандыру жарнамасының ерекшкліктері
- •43.Туристік қызметті сақтандырудағы жарнама шығындарын есептеу.
- •44.Шетелге шығатын азаматтарға көрсетілетін сақтандыру қызметтері
- •45.Туристер мен экскурсанттарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі қойылатын талаптар.
- •46)Туристік қызметті жобалау
- •47) Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы іс-шараларды ұйымдастыру.
- •48)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері
- •49)Авто көліктерді сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру.
- •50)Сақтандыру кезеңі және сақтандыру сомасын анықтау.
- •51)Сақтандыруға жатпайтын туристермен болған келеңсіздік жағдайлар мен аурулар.
- •52)Туристік жорықта ең қажетті сақтандыру түрлері
- •53)Туристік бизнестегі сақтандыру қызметін жылжытатын маркетингтік каналдар.
- •54)Лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлері.
- •55)Сақтандырудағы спецификалық тәуекелділіктердтерді табу.
- •56)Жекелей сақтандыру формаларын анықтау
- •57)Саяхат кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •58)Қазіргі кезде туристерді сақтандырудың схемаларын құрастыру.
- •59)Жол жүру кезіндегі сақтандырулар.
- •60)Туристік қызметті жобалау
1.Сақтандырудың қайнар көзі және оның қажеттілігі.
Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі - сақтандыру нарығы.
Әлеуметтік-экономикалық кеңістік болып табылатын сақтандыру нарығында
сақтандыру қызметін қажет ететін сақтандырушылар, олардың талаптарын
қанағаттандырушы сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), сақтандырушы
делдалдар мен сақтандыру инфрақҧрылымдарының ҧйымдары (консалтингтік
фирмалар және т.б) әрекет етеді. Оны қҧрудың негізіне кҥтпеген жағдайларда
қолайсыздыққа ҧшырағандарға ақшалай жәрдем кӛрсетудің ҧдайылығын ҥздіксіз
қамтамасыз етіп отыру қажеттігі жатады.
Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз
байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық
қарым-қатынастың жиынтығын қамтиды. Бҧл нарықта сақтандыру қызметін
жалпылама танып білу жҥзеге асырылады да, оның ӛмір сҥруінің негізгі
экономикалық заңдары ретінде қҧн заңы мен сҧраныс және ҧсыныс заңдары
алынады. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығы қалыптасуының барысында
қҧрылатындықтан екеуінің де пайда болуының шартты ретінде еңбектің қоғамдық
бӛлінуі мен әр тҥрлі жекменшік иелері-ерекшеленген тауар ӛндірушілердің
болатындығы есептеленеді. Бҧл нарық нарықтық қатынас субъектілерінің
дербестігін, сақтандыру қызметіндегі сатып алу-сатуға байланысты серіктестіктің
тепе-теңдігін қарастырады.
Сақтандырудың мынадай тҥрлері бар:
1. Салалық белгісі бойынша:
- ӛмірді сақтандыру нарығы (бҧған сондай-ақ ҧзақ мерзімді сақтандырудың барлық
тҥрлері. Зейнетақы, денсаулық сақтау, некелесу, аннуитет және басқалары да
жатады);
- мҥліктерді сақтандыру нарығы;
- жауапкершілікті сақтандыру нарығы;
- бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы;
2. Ауқымы жағынан:
- ҧлттық;
- аймақтық;
- халықаралық;
3. Сақтандыру индустриясының ҧйымдастыру-қҧқықтық тҥрлеріне байланысты:
- мемлекеттік сақтандыру;
- акционерлік қоғамдар жҥргізетін қоғамдар;
5
- сақтандыру қорларын керісінше қҧрайтын ӛзара сақтандыру;
4. Жҥзеге асырылу тҥрлері бойынша:
- міндетті;
- ерікті;
5. Объектілері бойынша:
- жеке;
- мҥліктік;
Міндетті тҥрде – заңдық актілердің талап ету кҥшіне ай жҥзеге асырылатын
сақтандыру. Азаматтың ӛмірін немесе денсаулығын ешқандай заңдық актілермен,
келіс-сӛздермен сақтандыруға кҥштеп мәжбҥр етуге жол жоқ. Міндетті тҥрдегі
сақтандыру ерікті тҥрдегі сияқты келісім негізінде жҥзеге аырылады. Міндетті
тҥрдегі сақтандыру келісімі сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы тҥрін жҥзеге
асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады.
Ерікті тҥрде – екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру.
Заңға қайшы келмейтін кез-келген азаматтық мҥдде немесе заңды тҧлғаның мҥддесі
сақтандырудың объектісі болып табылады. Міндетті тҥрдегі
2.Сақтандырудың негізі.
Сақтандыру дегеніміз –жеке тұлға немесе заңды тұлғаны білгілі бір зиян шегулерін көптеген тұлғалар арасында (сақтандыру жиынтығы) болу тәсілі арқылы зиянның орнын толтыру болып табылады. Зиянның орнын толтыру сақтандыру ұйымдарының (сақтандырушының) шелігіндегі сақтандыру қорының көзінен жүргізіледі.
Туризмдегі сақтандыру -әлеуметтік сақтандыру түріне жатады. Әлеуметтік сақтандыруға 4 сала кіреді:
1. Медицина сақтандыру (міндетті және еріктік)
2. Зейнетақылы сақтандыру
3. Белгісіз, аяғасынан болатынан сақтандыру
4. Жұмыссыздық сақтандыру
Сақтандыру іс-әрекеті және соған байланысты іс шаралар кешені сақтандыру нарығында жүреді.
Сақтандыру нарығы дегеніміз –бұл ерекше әлеуметтік-экономикалық орта және де сату және сатып алу объектісі ретінде сақтандыру қорғаушысы жүретін экономикалық қатынастардың сферасы болып табылады. Сақтандыру нарығына төмендегілер тән:
• Қоғамның сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету үшін, сақтандыру қорларын бөлу және қалыптастыру бойынша қатынастардың ұйымдастыру формасы.
• Сақтандыру процессін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымның (сақтандырушылардың) жиынтығы
Сақтандыру нарығының құрылымы.
Институцианалдық аспект:
• Ол акционерлік қоғамдар;
• Мемлекттік органдар;
• Коорпаративтік қоғамдар;
• Өзара сақтандыру қоғамдар.
Територриялық аспектіде:
• Жергілікті (аймақтық) сақтандыру;
• Ұлттық (ішкі нарық) сақтандыру;
• әлемдік (сыртқы нарық) сақтандыру.
Сақтандыру функциялары микроэконмикалық және макроэкономикалық деңгейде бірін –бірі толықтырушы және жеке дара ерекше жағдайларда орындалады.
Тәуекелділік функциясы –сақтандырушы сақтандыру арқылы белгілі бір тәуекелдердің қаржылық салдарларын сақтандыру ұйымына жүктеу арқылы орындарды.
Сақтандырудың жинақтаушы –жинақтық функциясы –маңызды әлеуметтік рөлді атқарады, яғни еңбекке қабілеттікті жоғалтқан кезде қалыпты өмір деңгейін ұстап тұру үшін денсаулығын сақтау және белгілі бір қорды жинақтауды қамтамасыз етеді.
Қаржыландыруды жеңілдету функцисы –бірнеше аспектіден тұрады: 1) сақтандырушы сақтандыру жағдайы болған кезде, сақтандыру шартында көрсетілген, өзіне келтірілген зиянның орнын толтыратын белгілі бір қаржы қорын алады; 2) сақтандыру жарналарын кәсіпорын шығындар топтамасына қосуы мүмкін, яғни өздерінің тауарлаы мен қызметінің бағасына қосады; 3) сақтандыру мүліктері және жауапкершілігі несие алу үшін қажетті шарт болып табылады.
Алдын-ала ескерту функциясы –сақтандыру келісімшартын жасаған кезде сақтандыру ұйымының андеррайтері (тәуекелдерді бағалаушы) мүмкін болатын тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және сақтандыру объектісінде тәуекелдер деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін, ескеруші сипатындағы іс-шаралардың жүйесін жасап ұсынады.
Сақтандырылмайтын тәуекелдерге басты назарды шоғырлау мүмкіндігі функциясы –сақтандыру келісімшартын жасаған кезде кәсіпкер өзін көптеген мазалаушы жағдайлардан өзін арылтады және толығымен нарықтық конъюктураның тәуекелділіктерін талдауға жүгінеді және өзінің кәсіпорынның стратегиялық менеджмент мәселелерін қарастырушымен орындалады.
1. Қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету функциясы дегеніміз –сақтандыру жағдайының нәтижесінде зардап шеккен кәсіпорынның іс-әрекеттерін қайта жандандыру және оның орнын жылдам қалпына келтіру үшін қаржылық жағдайды жасайды. Сол үшінде қоғамда сақтандыру қорлары құрылады.
2. Мемлекеттік қосымша шығындардан арылту функциясы –бірден-бір сақтандыру қорларының болуымен қамтамасыз етеді. Өйткені, оларсыз стихиялық жағдайлардың, авариялардың салдарларын жою мемлекеттің мойында болар еді. Ал мемлекеттің иелігінде мемлекеттік бюджет және бюджеттік емес қорлардың шектеулі ғана қоры бар.
3. Ғылыми-техникалық прогресивті ынталандыру функциясы – 2 жолмен жүреді.1)сақтандыру ұйымдастыру өздерінің коорпоративті клиенттерінің назарын технология және өнімдердің қауіпті элементтеріне бағдарлайды. 2)сақтандыру ұйымдары өз күштерімен және алдын-ала ескерту іс-шараларының қолары арқылы технологиялармен өнімдерді жетілдіруге бағытталған белгілі бір туындыларды қаржыландыруға күш-жігерін жұмсайды.
4. Азаматтық жауапкершілік қарым қатынастар жүйесіндегі зардап шегуші тұлғалардың мүддесін қорғау функциясы –жеке және заңды тұлғалардың оларға үшінші бір тұлғаның келтірілген зияны үшін азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру арқылы жүргізеді.
5. Инвестициялық ресурстарды шоғырландыру, ұлттық шаруашылық үшін экономикалық өсуді ынталандыру функциясы –сақтандыруда олардың құрған сақтандыру резерв қорлары мемлекеттік бағалы қағаздарға, кәсіпорынның акциясына, банкеттерге және жылжымайтын мүлікке инвестицияланады
Сақтандырудың алғышарттары және принциптері.
Сақтандырудағы ең басты алғышарты төмендегідей:
1. Тәуекелділік бірлестіктердің болуы –бұл белгілі бір тәуекелге ұшырылған тұлғалардың немесе шаруашылық бірліктерінің саны.
2. Сақтандыру төлемдерін -белгілі бір сақтандыру жайыттары болған кезде ғана жүргізу.
3. Келтірілген зиян –ақшалай бағалауда жататын тәуекелдерді ғана сақтандыру.
Сақтандырудың мынадай принциптері болады:
1. Эквиваленттілік –сақтандыру ұйымының табыстары мен шығыстары арасындағы тепе-теңділік.
2. Кездейсоқтық –яғни, ықтималдылық және болуы кездейсоқ белгіде болатын жайттар сақтандырылады.
6.Сақтандырудағы тәуекелділік.
Жалпы тәуекел кез-келген алдағы бір күтілетін құбылыстардың кері әсері болуының қауіп қатерін білдіреді. Кез-келген нақты бір тәуекелдер (мысалы; стихиялы жайыптар. өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) өз кезегінде белгілі бір жайыптардың (мысалы; сақтандыратын объектілрдің күйіп кетуі) болуын білдіреді. Тәуекелділік түсігінің дамуында 3 деңгейді ажыратады.
1. Тәуекелділік ке-келген субъекті шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері ықтималды болу ретінде анықталады.
2. Тәуекелділік нақтылы нәтижелердің жоспарлы күтімдерден ауытқуы.
3. Тәуекелділік жағымсыз нәтижелердің ықтималдылығын бөлу ретінде анықталады.
Тәуекелдерді бағалау әдістері төмендегідей:
1. Жеке дара бағалау әдісі –сақтандырушы өзінің кәсіби тәжірибесіне және субъективті көзқарасына сүйене отырып ерікті түрде бағалайды.
2. Орташа мөлшерлер әдісі –тәуекелділік топтарын жекелеген кіші топтарға бөлу арқылы бағалау, яғнитәуекелділіктің мөлшерін анықтау үшін оның белгілері бойынша жасалынатын аналитикалық негіз (мысалы; сақтандыру объектінің баланстық құны, өндірістік қуаттардың сомасы және өндірістік циклдарының түрлері).
3. Пайыздық әдіс –орташа тәуекелділік типінің мүмкін болатын оң және кері ауытқуларына байланысты болатын аналитикалық негізге жасалынатын жеңілдіктер және қосымша сомалардың жиынтығы көрсетіледі.