
- •1.2 Арнаның аз уақыттағы жетістігі
- •1.3. «KaZsport» арнасындағы бағдарламалар
- •2.1. «Қазақстан» ұта спорттық бағдарламалар
- •2.2. «Қазақстан» ұта спортшыларды насихаттауы
- •3.1. Алғашқы бағдарламаларға атсалысқандар
- •3.2 Тұңғыш комментатор, тұңғыш бағдарлама жүргізушісі
- •3.3. Он алты жыл өтіпті- ау... (Амангелді Сейітхан)
- •3. 4. Тұңғыш спорт сайтындағы алғашқы радио
- •IV. Түпнұсқа, тікелей эфир және жүргізушілер
- •4.1.Көрермендер сұранысына ие болған бағдарламалар
- •4.2 Комментаторлардың тапқыр сөздері
- •4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- •V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
- •5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
- •5.3. Олимпиялық даңқ күні.
4.3. Қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес
- Жасыратыны жоқ, спорттық бағдарламалар жүргізетін қазақ тілді комментаторлар сын садағына көп ілігуде. Олардың тілдік қоры, дауыс ырғағы, тіптен өздері жүргізетін саладағы сауаттылығының кемдігі жайында жиі айтылуда. Осыған алып-қосарыңыз бар ма? Есей Жеңісұлы: Кемшілік жоқ емес, бар. Бұл ретте бір нәрсені ескерген жөн. Біз бұл саланы енді-енді иегеріп келеміз. Кезінде Кеңес Одағы тұсында үлкен ағаларымыз футболдан репортаждар жүргізумен ғана шектелді. Қазір барлық спорт түрлерінен хабар беруге мүмкіндік туып отыр. Қарап отырсаңыз, бұл саладағы терминдерді аударудың өзі оңай шаруа емес. Көбісінің қазақша баламасы жоқ. Кейбіреуін аударсаңыз, шұбалаңқы сөйлем болып шығады. Бәлкім, сол сөздер көрермендердің құлағына түрпідей тиер. Алайда «бәрі жаман» деп айтуға болмайды. Бірте-бірте көш түзеліп келеді. Кейбіреулер үшін бұл оп-оңай шаруа болып көрінуі мүмкін. Әсте олай емес. Мәселен, «Қазақстан» арнасында кастинг жүріп жатқанына алты ай болды. Сол жарты жыл ішінде кастингке келген жастардың арасынан сурылып шыққан ешкімді көре алмадым. Бұл, әрине, өкінішті, жайт. Бір қуаныштысы, «Қазақстан» арнасы жастарға жақсы мүмкіндік беріп отыр. Спортты жан-тәніңмен сүйіп, комментатор болуға шамаң жететініне сенсең, жол ашық.
- Бәрібір орыс тілді комментаторлардан қалып келе жатқанымызды мойындайсыз ғой? Есей Жеңісұлы: Орыстар репортаждарды телевидение адам өміріне енгеннен бері жүргізіп келеді. Ал таза қазақша репортаждардың (орыс тілінің қосылуынсыз) өмірге келгеніне - өткен жылдың қарашасынан бері төрт-бес-ақ ай! Онда да - тек «Қазақстан» арнасында ғана. Әйтпесе өткен ғасырдан бері орысшаға қазақша қосақ қана болып келгенін мойындайық. Таза қазақша репортаж жүргізу бір бөлек те, орыс тілді әріптесің - бес минут, сенің бес минут сөйлегенің мүлде бөлек. Мен қазақ комментаторларының деңгейі ешкімнен кем емес деп есептеймін. Жаңа нәрсенің бәрі қандай қоғамда да әуелі қорқа-қорқа қабылданады. Бірте-бірте жұрт құлағы үйренеді, заңдылық ретінде қарастырыла бастайды. Көрермен айтқан сынды, егер ол шынайы болса, қабылдауға қашан да дайынмын. Мысалы, кейде Сұлтанғали Қаратайұлы редакцияға арнайы соғып, өте жылдам сөйлейтінімді, ондай сәттерде сөздерімнің түсініксіз болып кететінін ашық айтады. Кейбір тіркестеріме қосылмайтынын білдіреді. Мен ырзашылықпен тыңдаймын. Бұл - тасадан тас ату емес, тілеулестік. Байқасаңыздар, Сұлтанғали ағаның сынының арқасында біз қарымта шабуыл емес, қарсы шабуыл болатынын түсіндік. Оны «тез қарсы шабуыл», «баяу қарсы шабуыл» деп түрлендіріп айтсаңыз, өзіңізге байланысты [15].
V тарау. Басымызға бақыт құсы қонған сәттер
5.1. Қазақтың Әлем біріншілігіндегі тұңғыш добы
Еліміздің футбол жылнамасына Қазақстан жастар құрамасының Нигерияда өткізген үш ойыны алтын әріптермен жазылды. Кейінгі ұрпақ Африка жерінде отандастарымыздың Әлемдік сынға түскенін, онда доп соққанын, сол доптың иесі Ерлан Оразаев екенін білетін болады. Қазақ құрамасының Әлемдік додадағы тұңғыш добы қалай соғылды, Ерланның естелігінен. «Мен ойынға екінші таймнан араластым. Евгений Тарасовтың орнына шықтым. Доп осы кезде соғылды. Екінші таймды біз шабуылмен бастадық. Енді шегінер жерде қалмаған еді. Мен бір доп соғып едім төреші санамай қойды. Кейін таспадан қайта қарағанда мұның таза гол екеніне көз жеткіздік. Содан жиырма минут біз басымдық көрсетіп тұрдық. Алпыс жетінші минутта мен сол жақтан пас алдым, кімнен алдым есімде жоқ. Доп оң аяғыма әдемі келді. Сәл алға жылжып барып қатты соқтым. Қақпаға дейін шамамен жыирма бес метрдей еді. Алдында бірнеше қорғаушы тұрғасын, қақпашы Плетикоша мұны мүлде күтпесе керек, қатты дағалды. Доп доғаша иліп барып тоғыздыққа дәл түсті. Шынымды айтсам өзімде доп соғылады деп ойлап үлгергенім жоқ. Бұл бір әдемі гол болды. «Еуроспорт» арнасы бірнеше рет қайталап көрсете берді [16].
5.2. Мәңгілік жеңіс.
Төрткүл дүние көзін Сиднейге тігіп, ғасыр аламанының дүбірін сәт сайын аңдып телеэкранға телміріп отырған болатын. Қазақстан халқы сол Сидней Олимпиадасының алғашқы күндеріндегі күтпеген сәтсіздікке қынжылып, Атланта биігін армандай бастаған сәтте желаяқ қыз Ольга, велошабандоз Александр, боксшы Ермахан бастаған саңлақтар жеңіс биігіне атойлады. Осы жүйіріктердің ізін ала, ерен шабысынан танбай, күн ілгерілеген сайын тынысы ашылған жүйіріктей тағы бір ұл қазақ атын аспандатып келе жатты. Ол – Бекзат Саттарханов еді. Басталды. Бастала салып Рикардо қарсыласын қорқытқысы келгендей соққысын дәл бағыттап бір ұпай алды. Бұдан әрі Бекзат күш алды. Қорғана жүріп ол ұпай санын беске жеткізді. Бірінші кезең 5:2, Бекзат алда. Екінші раундта Бекзат шырқады – 15:4.Үшінші раундта Бекзат, кенет Хуареспен қоян – қолтық төбелесе кетті, бұл америкалық боксшының «іздегеніне сұраған» еді, алайда Бекзат тез түзелді. Енді оның қорғанысы күшейді. Аса тартысты кездесудің соңын білдіріп гонк қағылғанда есеп 22:14 еді. Бұл Бекзаттың біз көрген, Әлем куә болған соңғы жекпе – жегі еді. Әлі екі Олимпиаданы ұтамын деген жалынды жастың ғұмыры кенет үзілді. Теледидардан көзалмай отырған, кейін ұлттық арналардан талай көріп мәре – сәре болған көрермен біледі: Төртінші раундтың соңғы секундтарында Бекзат қарсыласының барлық шабуылын тоқтатып жүрді де гонк соғылғанда екі қолын бірден тастап жіберді. Айға созылған аламанның ақырғы күнінде атойлап жеңген ұланның жеңіс құдіретін енді сезінген сәт еді бұл... Тағдыр сол жұдырықтардың кеуде тұсқа қайта көтеріліп, қалауынша жарқылдауына қайран мүмкіндік бермеді [18].